ЖАҢА ЗАҢ ЖОЛ ТАРТТЫ
Ендігі жылдан бастап бес буынды сот жүйесі үш буынды сот жүйесіне көшеді. Сондай-ақ еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған инвестициялық дауларды қараудың, жекеменшік институтын нығайтудың жаңа тәртібі енгізіледі.
Сонымен қатар енді татуластырумен медиаторлар ғана емес, бірінші және аппеляциялық инстанция судьялары мен адвокаттар да айналысатын болады. Осыған орай, бүгінде Қызылорда қалалық соты халыққа түсіндіру жұмыстарын бастап та кетті. Халыққа тиімділігін ұтымды реттеу жағын қарастыруда. Сот отырыстарын тіркеп көрсету, тараптардың жазба көшірмелерін алуға мүмкіндіктері туады. Бұл заң халыққа аса тиімді. Соттардың қарауындағы істерді оңтайландыру қарастырылған.
Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі судьялардың VI съезінде, Мемлекет басшысының азаматтық істерді қарау тәртібі процеске қатысушы тараптар үшін ыңғайлы әрі жедел болуы, оларды татуластыруға және заманауи технологияларды кеңінен қолдануға бағытталуы тиіс деген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Аталған Заңның мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғау, дауларды қарау мен шешудің жеделдігін арттыру, сот актілерінің сапасын қамтамасыз ету.
Осы жаңа Кодекс «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көзделген бірқатар шараларды іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Оның шеңберінде бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу, азаматтық-құқықтық даулар бойынша сот істерін қарауға прокурордың қатысуын қысқарту, барлық сот процестеріне аудио-бейне тіркеу құралдарын енгізу, инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібін қалыптастыру туралы нормалар енгізілген.
Сонымен қатар, Кодексте қалпына келтіру сот әділдігін дамытуға ықпал ететін медиация институтын одан әрі дамыту, соттардың жүктемесін азайту, судья өткізетін соттағы медиация жаңа процестік қызметін енгізу қарастырылған.
Медиатор мен сот жүргізетін медиацияның қажеттілігін соттарда жүргізілген сынақ айқын дәлелін тапқан.
Жаңа Кодекс шеңберіндегі прокуратураның ролі және мемлекет үшін инвестициялық дауларды шешудің маңыздылығы да қамтылған.
2015 жылдың 9 айында азаматтық іс жүргізу тәртібімен барлығы 9891 іс және талап арыз түсіп нақты 8848 іс толығымен аяқталған, сонымен қатар, 5307 материал мен ұсыныстар түсіп, толығымен аяқталған.
2014 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2015 жылдың 9 айында Қызылорда қалалық сотына түскен азаматтық іс пен арыздың саны 2258-ге, ал азаматтық істер бойынша түскен материалдар мен ұсыныстар 1931-ге артқандығын байқауға болады.
Сот әділдігін жүзеге асыру барысын, сотқа жүгінген тараптардың дауларын бітімгершілік келісіммен, медиация тәртібімен және сот медияциясымен шешу басты жетістік деп айтуға болады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айлық қорытындысымен барлығы 71 азаматтық іс медиаторлардың қатысуымен және 67 азаматтық іс сот медиациясымен аяқталғандығын атап өтуге, сонымен қатар, Қызылорда қалалық сотының жұмыс жоспарына сәйкес және Қызылорда облыстық сотының Оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін дөңгелек үстелдер, брифингтер, газет беттеріне мақалалары, телеарналар арқылы сот процесіндегі оның ішінде енгізілген өзгерістерге, электронды хабарламалар туралы жәнеде тағы басқа толықтыруларды жергілікті тұрғындарға түсіндірмелер жүргізіліп келеді.
Кәмшат СӘДУАҚАСОВА,
Қызылорда қалалық сотының судьясы