ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ДӘУЛЕТІ
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын тарихи оқиғалар бар. Сол оқиғалардың бірегейі әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Себебі, біз егемендігімізге желтоқсанның жаңғырығы арқылы жеттік. Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсаты орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігінің 24 жылын тойлауда.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16 желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Респубикамыздың тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталып отырады.
Отанымыз үшін Тәуелсіздік күні біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады.
Барша Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мөлдір ЖҮГІНІСОВА,
Қызылорда қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының жетекші маманы