ЖАҢАРТЫЛҒАН КОДЕКС – ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ КӨЗДЕЙДІ
Елбасымыздың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жоспары 100 қадам» аясында 59 жаңа заңнамалық акті қабылдануы жоспарланған. Соның ішінде мемлекетіміздің құқықтық жұмысын әлемдік стандарттармен теңестіру аясында елімізде жасалып отырған тың бастамалардың бірі – жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қабылдануы. Аталмыш заңның артықшылықтары мен жаңалықтары көп.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғырту қажет. Азаматтық істерді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және заманауи технологияны кең қолдануға бағытталуы тиіс», – деген болатын. Нәтижесінде 2015 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі қабылданды.
Қабылданған Азаматтық процестік кодексінің мақсаты – азаматтардың және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғау, дауларды қарау мен шешудің жеделдігін арттыру, сот актілерінің сапасын қамтамасыз етеді. Жаңа Кодекс 58 тараудан және 505 баптан тұратын мемлекеттің құқық жүйесіндегі азаматтық дауларды қараудағы тың бастамаларды және халықтың сот төрілігіне қолжетімділікті қалыптастыратын заңнамалық акті.
Кодекс бойынша ең бірінші елеулі өзгеріс Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап –бес буынды сот жүйесінен үш буынды сот жүйесіне көшеді.
Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде «азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып, соттың жұмысы ел үшін жариялы болады. Бұл жағдай сот жұмысының анықтылығын айтарлықтай арттырады деп сенемін. Татуластыру және сотқа дейінгі реттеу шараларын қолдану аясы кеңейеді. Татуласу шарасын кеңінен қолдану - сот жүйесіне жүктемені азайтатын болады. Ең бастысы - дауды шешу мерзімі қысқаратынын», - айтып өтті.
Сонымен қатар, дауласқан екі тараптың сотқа жетпей, өзара бітімге келуіне мүмкіндік беретіні кодекстің артықшылықтарының бірі. «Бұл - уақытты үнемдейді, шығынды қысқартады. Халықтың сот жүйесіне деген сенім нығайтады. Ал, сотқа жүктелген басты міндет - ашық әрі жариялы түрде жұмыс істеу», - деді Елбасы.
Сондықтан да, жаңа кодекс Елбасы айқындаған мақсаттардың орындалуына, қоғам үшін қызмет ететіні сөзсіз.
Досымжан РАЙҚҰЛОВ,
Қызылорда қалалық сотының судьясы