КИІЗДЕН КИІМ ТІГІП, БҰЙЫМ ЖАСАЙДЫ
Қызылорда гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Алтын ұя» этнопедагогикалық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ақ киіз» үйірмесі жұмыс істейді.
Алуан түрлі бұйымдар жасау үшін қазақ киізді кеңінен қолданған. Қараша үйдің сыртын жауып, жерге төсегеннен басқа, одан кебеже, сандық, ыдыс-аяқтың қаптамаларын жасаған. Кебенек, қалпақ, сырмақ, байпақ та тіккен. «Ақ киіз» үйірмесі ұмыт бола бастаған қазақтың осынау қолданбалы сән өнерін жастарға үйретіп, дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында ашылған. Содан бері дизайн бөлімінің студенттері киізді кәдеге жаратудың қыр-сырын үйреніп жүр.
- Одан басқа, ағаштан, шиден, гобеленнен бұйымдар жасаймыз. Алайда, киіз шикізаты өте тапшы. Жамбыл облысындағы жүн өңдеу фабрикасынан, кейде Қырғыз елінен алдырамыз. Өзімізде жүн-жұрқа құр ысырап боп жатыр. Әйтпесе, жергілікті шикізаттың орны бөлек қой, бағасы да қалтаға қонымды болар еді. Біз қолда бардың қадірін білмей жүрміз. Жүннің экологиялық таза өнім, емдік қасиетінің жоғары екенін түсінген шетелдіктер киім тоқуда киізді кеңінен қолданатын болды қазір, - дейді колледж доценті Аппаз Жүсіпов.
Табиғи шикізаттан әзірленген дүниелер колледждің бір бұрышынан орын тапқан. Барлығы экспонат күйінде бүтін бір музейге айналған. Қонақкәде ретінде кейде мемлекеттік мекемелердің, ара-тұра балабақшалардың ғана ғана тапсырыс бергені болмаса, қарапайым жұрттың ішінде «сатып алам» деушілер жоқтың қасы. Өйткен күннің өзінде бағасын естігенде шошып түседі.
- Өз қолымызбен, қаншама күнде үлкен еңбекпен жасап шыққан соң мұндай қайталанбас бұйымдар, әлбетте, қымбат болады. Бірақ көбі оны түсінбейді. Кейбір дүниелерді амалдың жоқтығынан арзан бағалауға тура келеді, - дейді ұлттық өнердің жанашыры Аппаз Жүсіпов.
«Ақ киіз» үйірмесінің жетекшісі, колледж оқытушысы Гүлнұр Жұмағалиеваның бұл игі істің басы-қасында жүргеніне көп болған жоқ.
- Өзім дизайн мамандығында оқығаныммен киізден тоқуды осында келіп үйрендім. Белгілі қолөнерші Айжан Бекқұлованың семинар-тренингтеріне қатысып, көп нәрсені көкейге түйдім. Жақында ғана Таразда болып, біліктілік арттыру курсын тәмамдадым. Көптеген студентіміз халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бұл да болса, еңбегіміздің жанғаны, - дейді Гүлнұр Жұмағалиева.
Дәстүрді дәріптеп жүрген ұжымның ендігі үміті – 2017 жылы өтетін халықаралық «ЭКСПО» көрмесінде. Қонақтар Сыр өңіріне де аялдайды. «Сол кезде еңбегіміз еш кетпей, ең болмаса, сувенирлерімізді сатып алатын шығар», - дейді олар. Маңдай термен біткен тағы бір әдемі бұйым – балаларға арналған жамылғы да иесін таппай тұрған жайы бар.

Назерке САНИЯЗОВА