ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ – АРДЫҢ ІСІ
Өркениеттің алғашқы нышанының бірі – әйел теңдігі екенін ескерсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Гендерлік теңдікке үлкен мән беріліп, еліміздің БҰҰ конвенциясына қосылғаны тегін емес. Ал ата-бабаларымыздың ертеден «қыз – елдің көркі», «жұмақтың кілті – аналардың табанының астында» деп ерекше дәріптеуі – халқымыздың әйел баласын ерекше бөліп, қоғамда айрықша орын бергенін көрсетеді.
Елбасымыздың бастамасы бойынша, Ұлттық жоспарға Гендерлік теңдік стратегиясы енгізіліп, 1998 жылдың 29 шілдесінде «Әйелдерді кемсітудің барлық түрлерін жою туралы» ұлттық комиссиясы құрылды. Ал 1999 жылдың 19 ақпанындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен республика көлемінде нәзік жандылардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өмірдегі белсенділігі мен қоғамдағы рөлін арттыру және олардың азаматтық құқығын, мүдделерін қорғау мақсатында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы» құрылып, олар 16 жыл көлемінде жемісті қызмет етіп келеді.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпараттандыру, отбасында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.
Ішкі істер органдарына шағымданып келген әрбір жәбір көруші қыз-келіншектердің, аналардың арыздары назардан тыс қалған емес. Олар бойынша тиісті тексеру-анықтау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде заңды шешімдер қабылдануда. Мәселен, үстіміздегі жылдың 10 айында Қызылорда облысында әйелдерге қарсы 3883 сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай іс-әрекеті тіркелсе, оның ішінде 982-не қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оның 309-ы Қызылорда қаласында тіркелсе, 673-і аудандарда орын алған. Оның 0,8 пайызы дене жарақатын салу, 3,1 пайызы зорлау, 3,4 пайызы отбасы-тұрмыстық жағдайда орын алған. Қылмыстардың 39,7 пайызы жәбірленушілердің тұрғылықты мекен-жайларында болған ұрыс-керіс кезінде орын алса, басым көпшілігі алкогольдік масаң жағдайда, яғни спирттік ішімдіктерін қабылдау салдарынан туындаған.
Бұл жағдайларда көмекке мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмектесіп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтары қажет деп ойлаймын.
Алайда, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мектептерде, мекемелерде, ұжымдарда психологтар, медицина және мешіт қызметкерлерімен бірлесіп суицидті болдырмау және оның алдын алу жолдары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, проблеманың шешілу жолдары талқыға салынып, лекциялар оқылды.
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған емес пе?! Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі санап, нәзік жанды деп төріне шығарып, жоғары бағалаған. «Заманына қарай адамы» демекші, қазір қыз-келіншектеріміз уақыт көшінен қалмай, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп келеді. Мәселен, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде ерлермен иық тірестіре жүріп, жауапты да күрделі салада 200-ге жуық нәзік жанды апа-қарындастарымыз абыройлы қызмет етуде. Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, олар азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етуді өмірлік мақсаты еткен. Бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербететін полицей қыздарымыздың өз мүддесінен гөрі халықтың мүддесін биік қоя жүріп, тыныштық пен бостандықтың сақталуын басты міндеті етулері де шындық. Осындай жаны нәзік болса да, рухы мықты екенін жыл санап дәлелдеп келе жатырған қыз-келіншектеріміздің ұлылығына, құдіреттілігі мен төзімділігіне қайран қалуға болады. Сөз соңынд а айтарым, бірімізге – ардақты ана, бірімізге – сүйікті жар, бірімізге – аяулы апа-қарындас бола білген қыз-келіншектерімізді құрметтейік, қастерлейік, алақанымызға салып аялай білейік. Ана – өмірдің бастауы, әдемелік пен мейірімділіктің діңгегі, мемлекеттің діңгегі екендігін ұмытпайық!
Әмірбек ШАЙМАҒАМБЕТОВ,
Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі