ЖАСАЙ БЕР, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ!
Тәуелсіздік біз үшін қымбат, өте қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, өзінің табиғи болмысы мен жаратылысына сай өмір сүрген болса, осы табиғаттың бір бөлігі болып табылатын біз адамдар да тумысымыздан еркіндікті аңсаймыз, азат өмір кешуді қалаймыз. Жалпы ұлт деген ұлы қауымдастық тағдырлас, тамырлас адамдардың жиынтығы ретінде әрбір жеке адамның еркіндікке, азаттыққа деген құштарлығының жиынтық күшін білдірсе керек. Бір тілде сөйлейтін, бір отанды мекендейтін, ортақ тарихы мен мәдениеті бар халықтың мемлекеттілікке қол жеткізген дәрежесі – ұлт. Сондықтан болар, ұлт – түсінігінде тәуелсіздік және мемлекет ұғымдары бір бірімен ажырағысыз байланыста, бірін бірі қажет етіп отыратын ұлы ұғымдар, қымбат құндылықтар.
Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, талай қырғын мен босқынды азапты көрді. Дегенмен, «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін, «қазақ» деген атына сай әрқашан да азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресіп, шайқасты. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап, өз өмірлерін құрбан етті. Сол құрбандықтар мен азаттық күрестер арқасында осы күнге жетіп отырмыз.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алып, еркін елге айналды. Көптен күткен, арман тілегіміз орындалып, бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз елдің азаматы мен азаматшасы атандық. Тәуелсіз еліміздің Президенті болып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1995 жылдың 30 тамызында Ата заңымыз қабылданды. Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішінде қаншама жұмыстар атқарылып, елбасымыздың кемел ойының, ұтқыр саясатының арқасында дамыған мемлекеттер қатарынан көрініп отыр. Сонымен қатар, жер көлемі бойынша 9-шы орын алатын Тәуелсіз Қазақ елінде 130-дан аса ұлт өкілдері ынтымақтастық пен бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Бастысы еліміз тыныш, халқымыз аман, аспанымыз ашық болсын!
Роза ХИЗАТОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
баспасөз хатшысы