ҚЫЗЫЛОРДАДА 1 ЖЕЛТОҚСАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті.
Қазақ қоғамы үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылында жасалған таңдау түбегейлі өзгерістердің бастауы болды. Елі қалаған Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев еркін Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын бекітті, төрткүл дүниеге танымал етті. Қос құрлықтың арасындағы көкжиегіне көз жетпес кеңістікке ие болып қалған жас мемлекетті айналасы аз жылда байрағы биік, байтақ елге айналдырды.
Бүгінгі мерекелік шарада Елбасының егемен елді қалыптастыру жолындағы ерен еңбегін айшықтайтын арнайы бейне материалдар көрсетіліп, «Ұлы даланың ұландары», «Нұрлы жолдың бастауы», «Елбасы және Сыр елі», «Жақсылыққа жаралған жүрек», «Елбасы және мемлекет», «Әлем таныған тұлға», «Мәңгілік Елдің Нұрлы Жолымен» тақырыптарында арнайы әзірленген фоторепортаж көрермен назарына ұсынылды.
Осыдан тура бес жарым ғасыр уақыт бұрын Ұлы Далада Қазақ хандығының негізі қаланды. Елбасының бастамасымен біз биыл 550 жылдығын атап өткен Қазақ мемлекетінің жолын жалғастырушы бүгінгі Қазақстан болса, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бабалардан қалған байрақты тұғырына қайта қондырып, тәуелсіз елдің көк туын «Мәңгілік елге» ұластырған тұлға ретінде әлемге мәшһүр болды.
Елбасы үшін қасиетті қазақ жерінің қай пұшпағы да айрықша ыстық, қай мүйісі де ерекше қымбат. Ұлт Көшбасшысы үшін Алтайдан Атырауға , Алатаудан Арал бойына дейінгі ұлан-байтақ атырапты алып жатқан бүгінгі Қазақ даласы – оның туған Отаны, ата жұрты. Соның ішінде, өзі «Алаштың анасы» атаған Сыр бойы Тұңғыш Президентіміздің жүрегінің бір түкпірінде жүретін өзгеше өңірдің қатарында екендігін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де әлденеше рет қадап айтты.
Өз тағдырын елімен етене байланыстырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.