ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызында өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде «Полиция қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс істеуі керек», - деген болатын. Расында да, біз, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтардың мүддесі үшін, қоғамдық тәртіпті қалыптастырып, тыныштықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етуіміз тиіс. Біздің басты міндетіміз – бұл халықтың сенімі. Осы бағытта күн сайын адамдарға көмек қолын созып, конституциялық құқығын қамтамасыз етуде, қылмыспен күресіп, құқық бұзушылықтарды болдырмау және әділдікті орнатуға әрқашан дайын полицейлерді даярлауды біздің басты мақсатымыз етіп, әр қызметкердің жеке тұлғасын жан-жақты тұрғыда дамыту жолында жұмыстар жасаудамыз.
Осы бағытта халықпен әрқашан тығыз байланыста болып, азаматтардың құқығын, еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін учаскелік полиция инспекторлары қызмет жасайды. Олар азаматтарды құқыққа қарсы қастандық жасаудан, әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс көлемінде 258 учаскелік полиция инспекторлары мен олардың 80 бірлік көмекшісімен қамтылып, олардың 83-і қалалық жерлерде, 175-і ауылдық елдімекендерде қызмет атқарып келеді.
Учаскелік полиция инспекторларымен 2015 жылдың 10 айында облыс көлемінде қылмыстың алдын алу мен орын алған қылмысты ашуда құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, заңдылықты сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Нәтижесінде, облыс көлеміндегі учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық есебіне барлығы 1810 адам тіркелсе, тізімдік есепке барлығы – 1065 адам алынды.
Жергілікті қылмыстық-атқару инспекциясының, әділет, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, тоқсан сайын профилактикалық және тізімдік есепте тұратындарға байланысты салыстырмалы тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тізімдік нақтылығын тексеру мақсатында ай сайын профилактикалық есептегілерге байланысты ОІІД мен ҚАІІО-ның Ақпараттық-аналитикалық қызмет бөліністерімен салыстырмалы есеп-айырысу жұмыстары жүргізілуде.
Облыс көлемінде қылмысқа қарсы күрестің біржақты мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында облыстық ішкі істер органдары жергілікті атқарушы және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың жүріс-тұрысына бақылау жасау, олардың тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу және бұрын сотты болғандарға әлеуметтік және өзге де көмектер көрсету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, жыл басынан бері бұрын сотты болғандардың, қайта қылмыс жасауға бейім азаматтардың және мінез-құлқы тұрғысынан қылмыстық әрекетке бейім тұрғандардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы тексеріліп, жұмыспен қамтылуы, отбасындағы материалдық қамтамасыз етілуі зерделенді. Нәтижесінде, бұрын сотты болғандардың қайта қылмысқа баруының басты себебі – олардың басым көпшілігінің жұмыссыздығы екендігі анықталды. Осыған орай, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, нәтижесінде квоталық тұрақты жұмысқа – 91 адам орналастырылып, қоғамдық жұмысқа – 31 адам жіберілді. Сонымен қатар, 5 адамға – атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 1 адам – жастар тәжірибесіне жіберілді, 2 адамға – жеңілдетілген пайызбен несие берілді, 4 адам – кәсіптік оқыту және қайта даярлау курсына жіберілсе, 10 адам – өз бетінше жұмысқа орналасты. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұратын адамдардың тарапынан жасалатын қылмыстарға жол берм еу мақсатында профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және оларға құқықтық ықпал ету шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.
2015 жылдың 10 айында облыс көлемінде учаскелік полиция инспекторларымен әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерімен көзге түскен 18662 азаматқа әкімшілік шаралар көрілген.
2015 жылдың 10 айында облыс көлемінде учаскелік полиция инспекторларымен қылмыстық ізге түсу органдарында қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарлардың тіркелуі және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне, азаматтардан келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдарға байланысты тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, есепті мерзімде учаскелік полиция инспекторларымен 36001 арыз-шағымдар қаралды.
Облыс көлемінде учаскелік полиция инспекторларының олардың атқарған жұмыстары жайлы есептері тыңдалып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің халық арасындағы беделін көтеру мақсатында бірлескен түрде жергілікті халықпен 708 кездесулер мен есеп берулер өткізілді.
Облыста құқық қорғау бағытында құрамында 1430 адамнан тұратын 229 қоғамдық құрылымдар қызмет атқаруға жұмылдырылды. Олардың 144-і – полиция қызметкерлерімен бірлесе қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда өз үлестерін қосты. Қоғамдық тәртіпті сақтауда белсенділік танытып, қылмыстарды ашуға өздерінің үлестерін қосқан азаматтар көтермеленіп, 115 азамат ақшалай түрде марапатталды.
Тағы да тоқталып өтетін мәселе - Қазалы ауданының Әйтеке би кентінің шетінде орналасқан қорымдардың маңын заңсыз тұрмыстық қалдықтарды төгетін карьер ретінде пайдалану дерегі болып табылады. Осы орайда, аталған тәртіп бұзушылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық ретінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мәселен, 2015 жылдың мамыр айында кент тұрғыны Әйтеке би кентінде орналасқан қорымның жанында белгісіз біреулер жер қойнауын өз беттерінше иеленіп, қорымдардағы құм карьерлерін тасымалдап, олардың орнындарына тұрмыстық қалдықтарды тастап жатырғандығы жайлы арызданған болған. Қазіргі таңда қылмыстық іс негізінде Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне қазылған жердің көлемін, жалпы шығынды анықтауға сұраныс берілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі – жаз мезгілінде Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округінде орналасқан «Қанқожа» көлінің жағасындағы үйлердің демалыс үйі ретінде жалға тек ересектерге ғана емес, оған қосымша кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге де жүйесіз берілуі болып табылады. Осының нәтижесінде, көлге суға түсу барысында суға кету деректері көбейіп, адам өміріне қауіп төндірерлік жағдайлар туғызуда. Осыған байланысты аталған деректер бойынша нақты іс-шаралар қабылдау үшін Шиелі аудандық ішкі істер бөлімініне нақты нұсқаулар мен тапсырмалар берілді. Аталған нұсқаулықтар мен тапсырмалар негізінде аудандық ішкі істер бөлімдері тарапынан Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі М.Жүсіпке «Қанқожа» көліне демалысқа келген азаматтарға жалға берілген үйлердің құжаттары салық басқармасына тіркелу керектігі жайлы және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге жалға үй беру дерегіне тыйым салу бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігі ұсынылға н болатын.
Сонымен қатар, аталмыш демалу орындарында демалатын азаматтар тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін жұмыстарды жүргізу, ортақ пайдалану орындарын ластау арқылы антисанитарлық жағдай туғызу сынды деректер бойынша ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған), ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Тыныштық бұзу-жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, түнгі уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін) тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғын үй жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу), ҚР ӘҚБтК 449-бабы (Ұсақ бұзақылық-яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйлама ушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай іс-әрекеттер) негізінде әкімшілік шаралар көрілетіндігін ескерткен жөн.
Сөзімнің соңында айтарым, қоғамдық тәртіпті қалыптастыру – әрбір азаматтың өзіндік ұстанымы, ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жолындағы басты ұстанымы болуы тиіс. Қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамға жат құбылыстармен күресу мәселесі – күн тәртібінен түскен емес. Осы орайда, барлық азаматтарды полиция қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орната отырып, сіз бен біздің тыныш өмір сүруімізге кедергі келтіретін, жайсыздық тудыратын тәртіп бұзушылықтарды анықтауда, қылмыстық әрекеттермен күресуде белсенді азаматтық ұстанымдарын танытуға шақырамын.
Асылғали МЕҢДІҒАЛИН,
Қызылорда облысының ішкі істер департаменті бастығының
бірінші орынбасары, полиция полковнигі