ӘКЕ ҮМІТІН АҚТАҒАН ҰЛ
Кәсіп дегенімізде, бірінші кезек¬те атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүрлі өнер түрі ойға оралады. Дей тұрғанмен уақыт, заман талабына сәйкес туатын кә¬сіп түрлері де болады.
Ата-бабасында етікшілік кәсіп¬пен айналысқан ешкім бол¬маса да екі қолға бір күрек деп етік тігу кәсібін бастап жіберген жанның бірі Ахан Байжанов.
Азан шақырып қойған аты Әлімхан болса да туған-туыс, жақын-жуық оны ата-ана ерке¬летуі-мен Ахан атап кетіпті.
Бүгінде өзінің шағын аяқ киім шеберханасында кәсібін дөңгелетіп отырған жігіт ағасын жоса¬лы¬лықтар алтын қолды шебер ре¬тінде таниды.
Ахан Нәзіметұлы 1970 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Шаңырақтағы 8 баланың бірі, ІІ топ мүгедегі. Отбасылы. 1991 жылы жаңақорғандық Сисенкүл Назарым¬бетовамен бас қосқан. Екеуінің ортасында Қайыржан есім¬ді перзент бар. Сисенкүл де, Қайыр¬жан да ІІІ топ мүгедектері.
1993 жылы аудандық тұтыну комбинатында етікші болып еңбек жолын бастаған Ахан бұл кәсіптің терең сыры мен қырын өзін еңбекке алғаш баулып, ұстаздық құшағын ашқан шебер қолды Қобылан ағасынан үйренген болатын. Әр істің жөн-жобасы, есеп-қисабы болады демекші, Ахан ұстазынан көп нәрсе сырына қанықты. Үй¬реніп қана қоймай, ойға тоқыды, ойға тоқығанын тәжірибеде жүзеге асы¬ра білді.
Мүмкіндігі шектеулі жанның сүйікті кәсібімен шұғылдана бас¬тағанына да биыл жиырма жылдан асады екен. Осы жылдар ішін¬де халыққа қалтқысыз қызмет етіпті. Еңбегінің жемісін көріп келеді. Алақанына уыс-уыс ақша ұста¬маса да отбасының күнделікті күн¬көрі¬сіне кәсібі жарап-ақ тұр.
Мақала барысында бізге аяқ киім жөндеудің кәнігі шебері атанған кәсіп иесімен жүздесіп, онымен ашық әңгіме өрбітудің реті келгендей. Біз оны жұмыс шебер¬ханасынан таптық. Ертемен кәсібін бастап кеткен шебер тап¬сырыс¬тармен жұмыс жасауда екен.
- Қытайдың бір рет киіп, екінші рет тігуге жарамсыз болып қалатын аяқ киімдерін маған көп әкеледі. Шырайын шығарып тігіп, жамап, жапсырып беремін. Тапсырысты уақытында бітіріп беруге тыры¬самын. Аспандағы бағаны да қой¬маймын. Халықтың қалтасына тиім¬ді, қолжетімді бағада қызмет көр¬сетеміз. Халықтың келуі жаман емес. Кей жағдайда тапсырыс беру¬шінің тиын-тебені жетпей қалып жатады. Мұндайда бос қайтара алмаймын. Қазіргі кезеңде өзімнің ескі тігін машинаммен жұ¬мыс жасаудамын. Көн, шеге, желім сынды қажетті заттарды Түр¬кістан қаласынан, арнайы дүкендерден өзім сатып әкелемін. "Ше¬бер шебер емес, құрал шебер” дегендей, жабдықтарымды жаңар¬тқым келеді. Әттең, бағасы қым¬баттау болып тұрғаны. Ондай мүмкіндікке ие болсам, мәсі де тіге берер едім. Кәсіп аясында көптеген жоспарларым: ше¬бер¬хананы ке¬ңей¬тіп, бөл¬мелерін көбейтсем деген алда мақсатымыз бар,-дейді шебер.
Оның шеберхана бөл¬мелерін көбейткіміз келеді деген сөзінде үлкен мән бар. Жары Сисенкүл де қолөнер кәсібінен құралақан емес. Көрпе көктеп, көрпеше тігеді. Құрақ құрайды. Өткен жылы несиеге тігін ма¬ши¬на¬сын алып, үйде тап¬сырыс қабыл¬дап жатқан жайы бар. –Үсті¬міздегі жылы "Ақниет” әлеуметтік бағдарламасына қатыс¬қанмын, бірақ ұта алмадым. Келешекте бұл жобаға тағы да қатысуға ниеттімін. Шебер¬ханамыз кеңейіп жатса, бір бөлмесін ті¬гін це¬хына арнағымыз келеді,-дейді Сисенкүл.
Аханның аяқ киім ше¬бер¬ханасын ашуға 90-шы жылдары әкесі Нәзі¬мет себепкер болыпты. Елі¬мізде кәсіпкерлікке енді бетбұрыс жасай бастаған жылдары уақыт тынысын тап баса білген еңбекқор әке баласына есік алдынан шеберхана салуға ұсыныс білдіріпті. Әке ұсы-нысын құп алған Ахан бұл шешіміне әрқашан да ризалықпен қарайды. Әкесі өмірден озса да оның берген ақылының арқасында ерінбей еңбек етіп, ешкімге кіріптар болмай отбасын асырауда.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ.