ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ
Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңіне жол ашты.
Жоспарланған реформалар қоғамның барлық тобы белсенді қолдаған және оған жоғары деңгейде қатысқан жағдайға ғана тиімді жүзеге аспақ. Азаматтардың қоғамдық белсендігі бірнеше жылдан бері көрініс тауып келеді, мәселен ел тұрғындары үдемелі индустриялық-инновациялық даму саясатының басталуында және «Нұрлы жол» экономикалық саясатының іске қосылуында өзінің белсенділігін көрсетті.
Қазақстанның тарихи мүмкіндігі Президенттің халықтың қолдануына негізделеді. Қазіргі таңда сыртқы және ішкі жағдайлар қолданыстағы жалпы мемлекеттік капиталды еліміздің 30 дамыған елдердің қатарына қосылуына жүйелі түрде бағыттауына мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды жалпыұлттық іске, жалпыұлттық иедяға айналдыру қажет.
Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспарын «100 нақты қадам» деп атауының мәні де осында.
«Қазақстан - 2050» стратегиясының басты бағыттарының бірі ретінде Мемлекет басшысы экономикалық әлеуетті көтеру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуалды жасауды белгілеп берді. Тәуелсіз әкімшілік юрисдикцияның құрылуы тәуелсіз әкімшілік соттардың тарапынан заң мен бақылаудың байланыстығы есебінен мемлекеттік қызметтің ашықтығына елеулі дәрежеде септігін тигізе алады.
Жана әкімшілік-процестік кодексі республика судьяларының VI-съезіндегі Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларын және келер он жылдыққа негізделген Құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот тарапынан әзірленді.
Бүгінге күнге дейін соттар жариялы - құқықтық қатынастардан туындайтын істерді ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қарастырып келді. Дегенмен, мұндай істерді қараудын принциптері өзіндік ерекшеліктерге ие. Айталық, ӘПК-нің санатына жататын істерді қарау барысында сот тараптардың теңсіздігін процестік тәртіпте белсенді түрде қалпына келтіруі тиіс.
Жана әкімшілік процестік кодекс істерді барынша жедел қарауды көздейді. Бұл дайындық кезеңіне айырықша мән берілетіндігімен байланысты. Оның шеңберінде сот туындаған қатынастарды реттейтін заңнаманы мұқият зерделеуі тараптардың барлық мүмкін болатын әрі жеткілікті дәлелдемелерін ұсынуын қамтамасыз етуі тараптардың бітімге келу шараларын қабылдауы тиіс.
Заң жобасын әзірлеу мен қабылдаудағы негізгі мақсат жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар құрмаған ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы тиімді қорғауды қамтамасыз ету, әкімшілік сот ісін жүргізуді төрешілдіктен арылту, Қазақстан Республикасының сот құрылымын одан әрі жетілдіру .
Д.ӘУЕЛБЕКОВ,
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы