ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН ТАРИХШЫ-ҰСТАЗ
Ұстаздық – өнер, жай ғана емес, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке қатар жүруі қажет. Сонда ғана «ұстаз» атына лайықты бола алады.
Ғұмырының 30 жылдан астам уақытын ұстаздықтың ұлы жолына арнап, өзінің айшықты еңбегімен дараланған Байекеева Алмагүл Жұмағалиқызының тағылымға толы өмір жолы мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырына енді ғана қанығып келе жатқан әрбір жас ұстаздар үшін өнеге деп санаймын. Ұжымымызда өзінің қажырлы да, еселі еңбегі мен әрдайым ізденімпаздығымен, парасаттылығымен, мейірбандылығымен ерекшеленетін Алмагүл Жұмағалиқызы – нағыз ұстаз атына лайықты жан.
Ол – Қармақшы ауданының тумасы. Барлық мамандықтың өзіндік ауыртпашылығы бар екені рас, бірақ соның ішінде мұғалім мамандығы бәрінен де қиын. Өйткені ол адам тағдырына жауапты тұлға. Осындай қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықты өміріне сенімді серік ете білген Алмагүл Жұмағалиқызы 1971-80 жылдары туған жеріндегі №113 орта мектепті бітірісімен, 1980 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. 1985 жылы аталмыш университеттің тарих, қоғамтану пәндерінің оқытушысы мамандығын алып шығады. Осылайша жас маман жоғары оқу орнын бітірген соң өзінің туған ауылына келіп, алғашқы ұстаздық еңбек жолын сол өзі оқыған № 113 мектепке тарих пәнінің мұғалімі болудан бастайды. Аз ғана уақытта жас маман аталмыш мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, өзінің ұстаздарымен қатар еңбек етіп, оған өз талпынысы мен қайрат-жігерін қоса, ұжы м ортасында беделді бола білді. Әсіресе, кезінде өзіне сабақ берген және ұстаздық жолды таңдауда арманына қанат бітірген алғашқы ұстазы Иманбаева Жұпаркүл апайынан үлгі ала отырып, ұстазға тән төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйренеді. Кейіннен отбасы жағдайына байланысты 1992 жылы Қызылорда қаласына қоныс аударып, ондағы №1 дарынды оқушыларға арналған мектеп-гимназиясында да жемісті қызмет етті. Ал 1993 жылдан бастап Байқоңыр қаласындағы №8 Ю.А.Гагарин атындағы мектепте ұстаздық қызметін жалғастырып, әрдайым терең білімі мен еңбексүйгіштігінің арқасында жаңадан келген ортасына тез үйреніп, басқа да ұжымдастарымен тіл табыса білді. Осылайша, Алмагүл Жұмағалиқызы 1999 жылдан бастап, аталмыш қаладағы №2 К.Э.Циолковский атындағы, яғни қазіргі №272 орта мектепте қазіргі күнге дейін аянбай еңбек етіп келе жатыр. Осы аталмыш мектепте мұғалімдікпен қатар, ба сқада қызметтерді қоса атқарып келеді. Айталық 1999-2015 жылдары «Тарих, география, химия, биология» пәндері бірлестігі жетекшісі болды. Қазіргі таңда жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу мақсатында тәлімгерлік қызметті де атқарып жүр. Ұстаздықпен қатар мектебіміздің қоғамдық өміріне де өз үлесін қосуда. Мектепішілік «НҰР Отан» ХДП жетекшісі, әрі әйелдер кеңесінің төрайымы және кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Мұның өзі тәжірибелі ұстаздың тағы бір қырын айқындай түскендей.
Еңбегі ерен, өмірі өнеге ұстаздың педагогика саласындағы көп жылдық қызметі мен жетістіктері бағаланып, ұстазының мерейін асырған, сан түрлі бәйгелерден оза шапқан шәкірттерінің де жетістіктері елеусіз қалмай, Алмагүл Жұмағалиқызы көптеген мемлекеттік дәрежедегі марапаттауларға ие. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты (2006 ж), Қазақстан Республикасының Білім министрі Б.Әйтімованың Құрмет Грамотасы (2006 ж), Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің мадақтамасы (2007 ж), Қызылорда облыстық білім басқармасының Грамотасы (2014 ж), және «Базис» халықаралық зияткерлік орталығының дипломы мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан тарихы бойынша мұғалімдерге арналған ІІ республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы ретіндегі ІІІ дәрежелі дипломы (2015 ж).
Алмагүл Жұмағалиқызы - ұстаздық мамандықты таңдаумен қатар, өмірлік серігін таңдауда да қателеспей нағыз әйел бақытына бөленген асыл жар, аяулы ана, ақылды ене, ең бастысы Сая, Сымбат, Жаннұр есімді үш немересінің сүйікті әжесі.
Ұдайы игі шаралар мен жарқын істердің жанынан табылған ұлағатты ұстаз - Алмагүл Жұмағалиқызының тағылымға толы өмірі мен еңбек жолы өскелең жас ұрпаққа үлгі боларлықтай. Кіршіксіз көңілі мен ақ жарқын мінезімен қай адамды да болмасын баурай білетін осындай жанмен бір ұжымда қызмет ету мен үшін де шын бақыт. Талмай еңбек ету мен ізденістің арқасында өз еңбегінің жемісін көріп отырған, шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, өзгенің баласын өз баласынан да артық көре білген Алмагүл Жұмағалиқызына бүкіл ұжымымыздың атынан шығармашылық еңбек жолына шалқар шабыт пен табыстар тілемекпіз.
Данасұлу ЖҰМАҒАЗИЕВА,
№272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі орынбасары,
Байқоңыр қаласы