ЖЕКЕ БАСЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТЫ ӨЗГЕРТУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ?
Адам өмірінде өзгеріс орын алайын десе оған ең аз дегенде бір күннің қажеті жоқ. Тіпті, бір секунд ішінде өзгеріс болуы мүмкін. Айтып отырған өзгерісіміз лайым жақсы жақтардан болғай!
Ал егер тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, ұлтыңызды өзгерткіңіз келсе, Сіз әділет департаментіне немесе ХҚКО немесе қазіргі заманға сай интернет арқылы www.e.gov.kz сайтына кіріп, электрондық үкімет порталы арқылы қажетті уәкілетті органдарға жүгіне аласыз.
Ең ыңғайлысы «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келіп тапсыру деп ойласаңыз, төмендегі ретте орналасқан құжаттар тізімін білгеніңіз абзал:
1) Жеке куәлік
Сонымен қатар, қызмет алушы 2008 жылға дейін туылса, некеге тұрса немесе ажырасса немесе бұл мерзімге дейін туылған балалары болса, бала асырап алса, онда қосымша мына құжаттар қажет:
2) Қызмет алушының туу туралы куәлігі
3) Некеге тұру туралы куәлігі;
4) Қызмет алушының кәмелетке толмаған баласы болса, онда ол баланың туу туралы куәлігі;
5) Асырап алу туралы немесе әкелікті бекіту туралы куәлік;
6) Егер қызмет алушы некенің бұзылуына байланысты өзінің қыз кезіндегі тегін алу туралы өтініш білдірсе,некені бұзу туралы куәлік;
7) 3*4 көлемдегі екі сурет;
8) Мемлекеттік баж салығын бюджетке төлегендігін растайтын құжат, егер ол Электрондық үкіметтің төлем шлюзы арқылы төленгенін есепке алмағанда;
9) Қажет жағдайда қызметкер қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге байланысты растайтын себептер;
10) Барлық құжаттармен бірге бекітілген үлгіде өтініш жазуы қажет.
Жоғарыда аталған қызмет түрі «Есімді, әкесінің атын, тегін, соның ішінде азаматтық жағдай актісіне өзгертулер, толықтырулар енгізуді тіркеу» мемлекеттік қызметі ақылы түрде жүзеге асырылады. Қызметтерді тіркеу үшін 2 МРП (3704 теңге) көлемінде, ал қызметті көрсетуге байланысты куәлікті беру үшін 0,5 МРП (926) теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
Әрбір адам өз тағдырының қожасы болғандықтан, өмірін жақсы жақтарға қарай өзгерту өз қолында. Өмірлеріңіз игі істерге толы болсын!
ХҚКО Қызылорда қаласының №1 бөлімі