ӘЙЕЛДЕР ӨМІРДЕ – НӘЗІК, КӨҢІЛДЕ – БИІК, ІСТЕ – МЫҒЫМ
Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ қоғам қайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақы ортада қарақан бастан гөрі отбасылық мүдденің жоғары тұруы әйелдердің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігіне кедергі болған жоқ. Өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды.
Тарихта болған Болған ана, Домалақ ана, Дарабоз ана, Қарқабат ана, Қызай ана, Найман ана, Ұлпан аналар рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса Қарқабат, Қызай, тағы басқа аналар рулы елдің ұранына айналып, сол рудың атына негіз болды. Сонымен қатар дала мәдениетінде әулие әнбиелерге сыйынып, пір тұту, дұға, құран бағыштау сияқты наным сенімнен туған ғұрыптық дәстүрлері әлі де болса көрініс табуды. Мысалы: ең көп тарағаны әйелдердің пірісі Бибі Бәтима, Бибі Зухраны баланы сылағанда, жаңа іс бастағанда пір тұтып солардың атымен бастаған.
Ал қазіргі қоғамның дамуымен, нарықтық экономиканың қарқынды өсуімен әйел қауымының көптеген жетістіктерге жетіп, саяси тұрғыдағы орны ерекше десек қателеспейміз. Ата-бабаларымыз «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» деп бекер айтпаса керек. Оған бірден-бір мысал, қазіргі қоғамдағы әйел адамының орны. Яғни қазіргі таңда әйелдер саясатта, денсаулық сақтау саласында, оқу орындарында, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігімен, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп жатыр. Олар мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлестерін қосуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Мемлекет басшасы жалпы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері гендерлік саясат мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Бұған дәлел, гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылып, Елбасы жарлығымен гендерлік саясаттың қабылдануы.
Жалпы гендерлік саясат дегеніміз - өмір құндылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Қоғам мемлекеттің бір бөлшегі, ал, қоғам әрбір отбасынан құралады.
Жалпы отбасы дегенде ер мен әйелдің бас қосып, бір шаңырақта өмір сүруі. Олардың әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел немесе еркек етіп жаратар еді ғой. Еркек пен әйел үнемі табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бірін-бірі толықтырып отырады. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» дегендей, отбасы адамның өз бақытын табатын ортасы, ұрпақтың жалғасуына себеп әрі қоғамның бастауы. Шаңырақтың беріктігі – қуатты қоғамның белгісі. «Отан отбасынан басталады», - десек, сол әрбір кіші Отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам.
Роза ХИЗАТОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы