ЕҢБЕК – АДАМНЫҢ, АДАМ – ЗАМАННЫҢ КӨРКІ
Тәуелсіздік еншімізге тигелі бері әрбір келер күнді үлкен үміт, межелі мақсатпен күтетін дағды қалыптастырдық. Бұл жыл сайын әлеуметтік-саяси инфрақұрылым дамып, ел әлеуетінің абыройы асқақтап, экономикамыздың арта түсуінің арқасы болса керек. Биылғы жыл елімізге ырыс-несібесін сыйлаған жайлы кезең болды. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу» - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасымыздың жолдауында еліміздің экономикалық өрлеуі арқасында халқымыздың әл-ауқатының артатыны айтылған.
Осы таңдауда Елбасымыз алдағы атқарылатын міндеттерді көрсетіп берді. Соның бірі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керектігін баса айтты. Ауылшаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экспорттық әлеуіттілікті іске асыру.
Біздің «Сыр Маржаны» ЖШС еңбек ұжымы осы міндеттерді орындау мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан жаңа ауылшаруашылық техникаларын алу мақсатында 17 бірлік техникаларына тапсырыс берді. Негізі серіктестік дирекциясы еңбек өнімділігін арттыруға баса мән береді. Қазір қолда бар техникалардың 81 пайызы жаңа техникалар, біреуі өткен жылы алынған компьютермен басқарылатын «Клаас» Тукано 440» комбайны.
Өткен жылдан бастап серіктестік халықаралық ИСО 9001-2001 сапа менеджементі жүйесімен жұмыс істейді.
«Сыр Маржаны» ЖШС 1999 жылы 9 желтоқсанда Ақтан батыр ауылында ашылды. Серіктестіктің негізгі өсіретін күріш түрлері «Ақмаржан», «Новатор», «Янтарь» және т.б. Алғашында 2000 жылы 350 га күріш егу қолға алынып, 35 жұмысшы қызметкерлер жұмыс жасады. 2003 жылы күріш көлемі 1100 га жеткізілді.
Қазіргі уақытта «Сыр Маржаны» ЖШС-де 144 адам жұмыс жасаса, олардың орташа жалақысы 56 203 теңгені құрайды.
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ынтымақтастық нәтижесінде алынған ауылшаруашылық техникаларының арқасында «Сыр Маржаны» ЖШС-гі ауылшаруашылық өнімдерін егу алқабын кеңейтіп, тұрақты дамып келеді. Жыл сайын күріш, ескі жоңышқа, жаңа жоңышқа күтіп бапталып, егін жиналуда. Ауыл тұрғындарын 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіп келеді.
2014 жылы 2100 га жерге күріш,400 га жерге жаңа жоңышқа егіліп, 506 га көне жоңышқа күтімге алынып, тұқымдық жоңышқа 100га.Күріштің әр гектарынан 40 центнер өнім алынды.
2015 жылы 2100 га жерге күріш,752 га жерге жаңа жоңышқа, 90 га жерге бидай, 50 га жерге жүгері егіліп, 680 га көне жоңышқа күтімге алынды.
Серіктестік жұмысын жетілдіру мақсатында 2009 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстандық сапа орталығы» ЖШС-нен «Егу, өндіру және өңдеуге» ИСО 9001-2001 сапа менеджементі сәйкестік сертификатына сәйкес жұмыс атқаруда.
Серіктестік 2006 жылы Атырау облысынан қаракөлді, етті, майлы асыл тұқымды 500 бас қой әкелініп Бәйеш, Тышқанбай учаскелерінде күтіп бағылып, қазіргі таңда қой басы 1479 басқа жеткізілді. Осы малды қолдан ұрықтандыру нәтижесінде биыл 100 бас аналықтан 122 бас қозы алынды. Мұнда жергілікті асыл тұқымды мал басын көбейтіп, мал шаруашылығын дамыту жоспарланған.
Қазіргі кезеңде «Сыр Маржаны» ЖШС күріш өңдеуді Оңтүстік Кореялық технологиямен жүргізеді. 2008 жылы сағатына 5,0 тн күріш ақтайтын жаңа технология алынып, күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Жұмысшылар 2 ауысымда жұмыс жасайды. Жаңа технологиялық күріш өңдеу кешені жоғарғы сортты өнім шығарады, ол 62-92-93 мемлекеттік стандартына сай бірінші және жоғарғы сортты күріш. Зауыт толық технологиялық циклды, яғни, дәнді қабылдап, өңдеп, дайын өнімді өткізуге дейін атқарады. Биылғы жылы тұқым тұқымын жақсарту мақсатында, күріш тұқымын арасындағы қызыл дән, піспеген дәндерді тазартып СВ-4 агрегат алынып,ол қазір жұмыс жасауда.
Биылғы жылы «Еңбек адамның, адам заманның көркі» деген халық нақылын басшылыққа алған бізің «Сыр маржаны» ЖШС күріш егу мен жинау маусымдарын ұйымшылдықпен жүргізіп, сыр маржанын дер кезінде шашпай-төкпей жинап алып, ел ырзығын тасытып, дастархан молшылығын арттыруға лайықты үлесін қосты. Жақсылықтар жалғасын тапсын.