ЕР МЕН ЕҢБЕК
Көктем келісімен қызу жұмысқа кіріскен диқандар жаздай арқаларын күнге күйдіріп, күтіп-баптаған өнімдерін ысырапсыз жинап үлгерді. Шаруалардың еңбектен қолы босап, күріш орағын табыспен аяқтап, бір егін жылын артқа тастап, дамылдайтын тұсында тойланатын «Алтын күз» мерекесі баршаға ерекше көңіл-күй мен қуаныш сыйлайды.
Қармақшы ауданындағы егіншілік саласында өзіндік дәстүрі бар «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 3 640 гектар жерге күріш егіп, 240 968 центнер өнім алды. Осы шаруашылықтағы Әбу Нәзікбаев жетекшілік ететін №5 бригаданың жаткашысы Ерболат Қалмұратов «Магдон» техникасымен 1 400 гектар жердегі күрішті орып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, жаткашылар арасында І орын тұғырына көтерілді.
1979 жылы Жаңажол ауылында туылған Ерболат мектеп бітіргеннен кейін әскерге аттанады. Әскерден келген соң шаруашылық механизаторы болып жұмысқа орналасқан ол ұзақ жылдан бері жаткашы қызметін атқарып келеді.
- Қазір өнімді толық жинадық. Қамбаға құйылған астық көңіл толтырады. Әрине, бұл – ауыл еңбеккерлерінің төккен терлерінің жемісі. «Күрішті ел – ырысты ел» демей ме?! Біз осы астықпен күнелтіп отырғаннан кейін өнім мол шықса, несібелі жыл болды деп қуанамыз. Өзім бір отбасын асырап отырмын. Жұмысымды толық меңгергенмін. Құдайға шүкір, жалақымыз жеткілікті. Биыл озат атандым. Сайын дала төсінде арқаны кеңге салып қызмет етіп, туған ауылыңның көркеюі мен гүлденуіне өз үлесіңді қоса алсаң, ер азаматқа сай еңбек етсең, отбасыңды асырасаң басқа не керек?! Елбасының сарабдал саясатына, ауыл шаруашылығын өркендетуге, кәсіп ашамын дегендерге қолдау көрсетіп жатқанына куәміз. Елімізде тыныштық, әрдайым береке орын алсын деп тілеймін. «Жаңажол» серіктестігінің басшысы, ауылдың құрметті азаматы Қылышбек Әбішовті ауданда, облыста танымайтын жан жоқ шығар. Ауылдың алға қарай жылжуы, күнкөрістің көңіл қуантарлықтай болуы, шаруашылық жұмысының облыста жоғары көрсеткіш көрсетіп жүргені, әрине, сол кісінің арқасы,- дейді озат жаткашы.
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді халқымыз. Ынтымағы жарасқан ел ғана еңбектен береке таба алады. Осылайша аудан диқандары ауызбірлік пен жоспарлы жұмыстың нәтижесінде қамбамызды дәнге толтырды.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА