ҮКІММЕН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН АЙЫППҰЛДАРДЫҢ ӨНДІРІЛУ БАРЫСЫ
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2015 жылдың осы мерзімінде қылмыстық істер бойынша негізгі жаза ретінде тағайындалған айппұлдарды өндіру санатында облыстың аумақтық сот орындаушыларының өндірісінде 415252917 теңге өндіру жөнінде 210 атқару құжаттары болған.
Осы мерзімге 20 млн. астам ақша қаражаттары өндіріліп, атқару құжаттары бақылауда болған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару Кодексінің 50-бабының (айыппұл түрiндегi жазаны орындау тәртiбi мен шарттары) 1-тармағының (бұдан әрі-Кодекс) талаптарына сәйкес, сотталған адам сот үкiмі заңды күшiне енген күннен бастап бiр ай ішінде айыппұлды төлеуге мiндеттi.
Сот орындаушыларының ұсыныстарымен қазіргі кезде 10 сотталушыларға қатысты тағайындалған жазалар олардың заңда белгіленген мерзімде айппұлдарды төлемеуі себепті жазаның басқа түрлеріне ауыстырылды.
Оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін Ж.И. 39000000 теңгені белгіленген мерзімде төлемеуі себепті соттың қаулысымен оған тағайындалған айппұл жазасы 2 жыл мерзімге бас бостандық еркінен айру жазасына ауыстырылды.
Сол сияқты, А.С. 1189000 теңге төлемегені үшін 5 ай мерзімге бас бостандық еркінен айруға жазасы ауыстырылып, олар жазаларын жалпы режимді түзеу колониясында өтетін болады.
Сонымен қатар, айыппұл жазасына сотталғандардың жазалар қоғамдық жұмыстарға қайта ауыстырылып, олар жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда қоғамға пайдалы жұмыстар істейтін болады.
Бұл мәселе бойынша облыстық прокуратура тарапынан Әділет департаменті басшысы атына ұсыныс енгізілді.
Кодекстің 50-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес, егер сотталған адамның айыппұлды бiржола төлеуге мүмкiндiгi болмаса, ол төлеуді алты айға дейiнгі мерзімге кейінге қалдыру немесе бөлiп төлеу туралы сот алдында өтініш жасауға құқылы, осы баптың 3-тармағының талаптарында өзіне қатысты сот осы баптың екінші бөлігіне сәйкес айыппұлды бөліп төлеу туралы шешім қабылдаған сотталған адам сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлдың бірінші бөлігін төлеуге міндетті. Сотталған адам айыппұлдың қалған бөліктерін ай сайын әрбір келесі айдың соңғы күнінен кешіктірмей төлеуге міндетті.
Кодекстің 51-бабының (сотталған адамның айыппұл түріндегі жазаны орындау тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауаптылығы)1-тармағында сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлемеген және өзiнiң кірістерін не мүлкiн мәжбүрлеп өндiрiп алудан жасыратын сотталған адам айыппұл төлеуден жалтарып жүр деп танылады, ал осы баптың 2-тармағына сәйкес, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты сот орындаушысы сотқа Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiне сәйкес айыппұлды жазаның басқа түрiне ауыстыру туралы ұсыну жібереді.
Кодекстің 50-бабының 4-тармағына сәйкес, айыппұл сотталған адамның мүлкiнен, оның iшiнде сот айқындаған ортақ меншiк құқықтарындағы мүлiктегi оның үлесiнен өндiрiп алынуы мүмкiн.
Жаңақорған аудандық прокуратурасы бұл бағытта СИОПСО жүйесі арқылы тиісті жұмыстар атқарып, соттың 17.03.2015 жылғы үкімімен 59460 теңге айыппұл салынған Ж.С.-ге қатысты атқару құжаты бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі (СИО ПСО) бойынша тексеру барысында борышкердің атында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жер учаскесі тіркелгені анықтап, өндіруге нақты шаралар қабылдаған.
Борышкерлердің атында тіркелген мүліктерді дер кезінде анықтап, берешекті мүліктен нақты өндіру мақсатында және сот орындаушыларының жұмысын қадағалауды ұйымдастыру тұрғысында құқық қорғау және арнайы органдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі (СИОПСО) кеңінен пайдаланылуда.
Асқар Кемалов,
Қызылорда облысы
прокурорының аға көмекшісі