ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕН ТӨМЕН
Қызылорда облысында азық-түлік бағалары республиканың орташа көрсеткішімен салыстырғанда біршама арзан. Жалпы 8 айда аймақтың бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсу тенденциясы байқалуда.
Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,6 пайызға өседі деп болжануда. Республиканың басқа өңірлері арасында Қызылорда облысы бұл көрсеткіш бойынша 2 орында тұр.
Үстіміздегі жылы облыс шаруашылықтары 161,4 мың гектар алқапқа егін екті. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 81,2 мың гектар жерге егілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда күріштің егіс көлемі 7,3 мың гектарға артық.
Облыста мал шаруашылығы да дамып келеді. Ірі қара, оның ішінде сиыр, жылқы, түйе (қой мен ешкіден басқа) өсуде. Болжам бойынша 19 мың тоннадай ет (тірілей салмақта), 50 мың тоннадан астам сүт (сиыр сүті) өндіріліп, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 2,7 пайызға, сүт – 4,0 пайызға артты.
Сонымен бірге, әлеуметтік маңызды тауар түрлерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясымен әлеуметтік дүкендер желісін дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде 8 айдың қорытындысы бойынша бірқатар азық-түлік бағалары орташа республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде болып тұр. 20 тамыздағы мәліметті салыстырғанның өзінде облыста бірқатар азық-түлік тауарлары төмен деңгейде.
Атап айтсақ, күріштің орташа бағасы облыс бойынша - 176 теңге, республика бойынша - 247,48 теңге;Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,6 пайызға өседі деп болжануда. Республиканың басқа өңірлері арасында Қызылорда облысы бұл көрсеткіш бойынша 2 орында тұр.
Үстіміздегі жылы облыс шаруашылықтары 161,4 мың гектар алқапқа егін екті. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 81,2 мың гектар жерге егілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда күріштің егіс көлемі 7,3 мың гектарға артық.
Облыста мал шаруашылығы да дамып келеді. Ірі қара, оның ішінде сиыр, жылқы, түйе (қой мен ешкіден басқа) өсуде. Болжам бойынша 19 мың тоннадай ет (тірілей салмақта), 50 мың тоннадан астам сүт (сиыр сүті) өндіріліп, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 2,7 пайызға, сүт – 4,0 пайызға артты.
Сонымен бірге, әлеуметтік маңызды тауар түрлерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясымен әлеуметтік дүкендер желісін дамыту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде 8 айдың қорытындысы бойынша бірқатар азық-түлік бағалары орташа республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде болып тұр. 20 тамыздағы мәліметті салыстырғанның өзінде облыста бірқатар азық-түлік тауарлары төмен деңгейде.
Ұн (1 сорт)- 81 теңге, республика бойынша - 89,7 теңге;
Рожки - 163 теңге, республика бойынша - 194 теңге;
Қатық - 205 теңге, республика бойынша - 240 теңге;
Жұмыртқа (10 дана) – 191 теңге, республика - 196 теңге;
Сары май – 1311 теңге/кг, республикада - 1467 теңге/кг;
Өсімдік майы – 531 теңге, республика - 653 теңге;
Қой еті -1130 теңге, республикада - 1170 теңге;
Жылқы еті - 1250 теңге, республикада - 1385 теңге;
Картоп – 90 теңге, республикада - 96 теңге;
Капуста – 56, республикада – 64,42 теңге;
Помидор – 215 теңге, республикада – 230,62 теңге;
Алма – 249 теңге, республикада – 279,95 теңге.