ЕРТЕҢГІ БОЛАШАҚ – ҰЛТ ЖОСПАРЫ
Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» бағдарламасы – егеменді еліміздің болашағы, келешектің дамуы мен экономикасының өсіп-өркендеуінің, еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және мемлекетімізді дамыған елдердің үздік отыздығының қатарына қосуға бағытталған бағдарлама. Сондықтан да, ол барша қазақстандық азаматтардың қолдауын қажет етеді.
Бұл жүйелі жоспарда мемлекет тарапынан барлық салаға, атап айтқанда сот, құқық қорғау, экономика, білім т.б. назар аударылып, айрықша көңіл бөлінген. Мәселен, жоспардағы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» - мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адамға, халықтың әл-ауқатының тұрақтылығына қызмет ететін мемлекетшіл ортаны қалыптастыруды көздесе, Ұлт жоспарының 11-қадамы тікелей сот жүйесінің заманауи мәселелеріне арналған. Атап айтсақ, Ұлт Жоспары «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сот жүйесінің тәуелсіздігін одан әрі нығайтады. Жоспардың 16-қадамына сәйкес, бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу туралы нақты да анық айтылған. Яғни, келесі жылдың басынан бастап бірінші саты - аудандық соттар, апелляциялық саты - облыстық соттар, кассациялық саты - Жоғарғы Сот болады деген шешім қабылданып отыр. Еліміздің Конституциясына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конститциялық заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін сот жүйесі жаңа үлгіде жұмыс істейтін болады.
Еліміздің қарқынды дамуына сәйкес сот корпусына қойылатын талап та тұрақты түрде артып келеді. Қоғамдық қатынастардың, әлеуметтік-экономикалық процестердің ауқымы да кеңейе түсуде. Сондықтан, соттар мен судьялар жоғарғы талаптарға сай келуі тиіс. Өйткені, судьялық қызмет, құқықтық демократиялық елді құру және дамыту барысында, әділ, қатаң заң негізінде дұрыс билік айтуды талап ететін, әрі ол жөнінде соңғы болып, нүкте қоятын, заң саласындағы абырой - беделі биік, жауапкершілігі зор, мәртебесі бөлек, тек Елбасының Жарлығымен ғана тағайындалатын мемлекеттік лауазым. Осы ретте Ұлт жоспардың 17-қадамында судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту, міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі, кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілеу жүйесін енгізу көзделген. Болашақта барлық судьялар міндетті түрде Сот төрелігі институтының магистратурасында даярлықтан өтуі тиіс. Бұл институт Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрамынан шығарылып, Жоғарғы Соттың құзырына берілетін болды. Сонымен қатар, судьялыққа үміткерлердің біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі қайта қаралып, судьялық лауазымға ұсынылған тұлғалар үшін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделіп отыр. Міне, қарастырылып отырған осы шаралардың барлығы сот корпусын кәсіби білікті судьялармен толықтыруға және сот жүйесін дамыту мақсатында қолға алынып отыр.
Жоспардың 19-шы қадамда, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту және оларға қатысты жаңа Этикалық кодексін жасап, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алуы айтылған. 20-шы қадамда барлық сот процестері аудио, бейнетаспаларға жазу шаралары міндетті түрде енгізу туралы айтылса, 21-ші қадамда Алқа билер соты қолданатын салаларды кеңейтіп, алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау көзделген. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің санаты шектеулі болса, алдағы уақытта мұндай істердің саны артады деген сөз. Бұл болашақ ұрпақтарымыздың, жас жеткіншектеріміздің мүдделері үшін маңызды. Демек, Ұлт жоспарында көзделген барлық құқықтық шаралар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сапалы қорғалуына мүмкіндік береді деп сенім артуға әбден болады. Сол себепті, Ұлт жоспарын жүзеге асыруға белесене атсалысу баршамыздың міндетіміз болып табылады.
Асхат САБЫРОВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотыны судьясы