КӨП АЛҒЫСЫ КӨҢІЛДІ КӨККЕ ӨРЛЕТЕДІ
Күннен күнге көкжиегіміз кеңейіп, нағыз керек кәсіптің түрлері кент орталығында көптеп ашылып жатқанына, талғамың мен тұтынуыңа сай тауарларды алыстан іздемей-ақ өз өңірімізден табуға болатынына қуанамыз. Осындай кәсіпті қолға алып жүргендердің ішінде жастардың бары тіпті мақтаныш.
1986 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген Жүрментаева Әсел Серікбекқызы бала кезінен бір көргенді, бір-ақ рет айтқанды, естігенді, оқығанды ұғып алатын, одан міндетті түрде нәтиже шығаруға тырысатын қабілетінің арқасында үнемі жеңіске қол жеткізіп келеді.
Шын ниеттеніп, алға ұмтылсаң Алла тағала күш-қуат, ісіңе береке береді. Сабырлылық, төзімділік көп жағдайда жеңіске жеткізетінін жете түсінген, қай іске болсын епті Әселдің жар таңдауда жолы болды. Өзіне сай, еңбек десе жанын аямайтын, келешегі үшін қандай қиындық кездессе де күресетін, жоқтан бар жасайтын Қанатпен шаңырақ көтерді.
Мұғалімдік мамандықты игерген екі жас кент орталығындағы орта мектептерде жұмыс істеп, шәкірттерінің сүйікті ұстазы атануға, бар-білген түйгендерін оқушыларға үйрету үшін жастық жалынмен қызыға қызмет етіп жүрді.
Бірде Қанаттың қарашаңырағына қонаққа келген Әселдің жиен апасы Ботагөз кішкентайларға тәтті торт пісіріп бермек болды. Оның қалай дайындалатынын көрген Әсел қолы қалт етсе тәтті тоқаштар мен торттар пісіруге әуестенді. Біріншісінен сәл кемшілік байқалса, екіншісі жақсы, үшіншісі өте дәмді болып шықты. Қолынан келетінін байқаған соң жайлап жақын-жуықтан тапсырыстар қабылдады. Күн өткен сайын тапсырыс саны артып, оның бәрін дайындауға уақыты жеткіліксіз болғандықтан сүйікті мамандығымен қоштасып, кәсіпкерлікке бет бұруды жөн санады.
Мақсатына жетпей тынбайтын жолдасының талабына, талғамына сенетін Қанат келіншегін қолдай түсіп, аз уақыттың ішінде үйінің жанынан екі бөлмелі цех салуға кірісті.
Небәрі 2 жылдың ішінде Қанат пен Әсел бастаған кәсіп дөңгелей түсті. 2014 жылы наубайхана сатып алды.
Халыққа қажетті кәсіп түрімен айналысам десең мемлекет қарап қалмайды. Маңдай тері мен өз еңбегінің нәтижесін көріп жатқан жас кәсіпкердің «Халық банкінен» наубайхана алу үшін 15 пайызбен алған несиесінің пайыздық үстемақысын субсидиялау арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4 пайызға дейін төмендетті.
Биыл №105 мектептің табалдырығын аттап, алғашқы қоңырау қаққан тұңғыштары Рабияның есімімен аталатын кондитерлік цехта 4 адам, наубайханада жүргізуші мен өзін қоспағанда 8 адам екі ауысыммен жұмыс істейді. Күніне 1000-1500 бөлке нан мен 4-5 түрлі тәтті тоқаштардан 40 данадан дайындап, дүкендерге өткізеді. Ал, мерекелік кештер мен туған күндерге, үйлену тойларына дайындалатын торттардың саны қаншама.
-Мереке күндері тапсырыстың бәрін толық орындай алмаймыз, сондықтан алдағы уақытта кәсібімді кеңейтуді мақсат тұтып отырмын. Қызметкерлерімнің де жалақысы жоғары. Жұмыс сұрап келушілер мен қызығушылық танытушылардың қарасы көп. Қуыршақ, мәшине, қандай үлгідегі торт керек, барлығын жасап бере аламыз. Торттың сапасы мен бағасына тұтынушылар разы. Жолдасым Қанат көп қолдау көрсетеді, дүкендерге нан тарату өзіне жүктелген жұмыс.
Тазалыққа ерекше көңіл бөлетін жас кәсіпкер үй шаруасына да, Рабия мен Ясин атты қос балапанының тәрбиесіне де уақыт табады. Енесі Гүлжаһанның да бабын табатын сүйікті келіні.
Әсел Серікбекқызы 2014 жылы Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін облыстық көрме конкурсының «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша облыс әкімінің І дәрежелі дипломы мен соңғы үлгіде шыққан тоңазытқышты сыйға алды.
Республикалық «Жарасымды жанұя», «Сән мен сахна» жорналдарына, «Қазақстан-Қызылорда» телеарналарына берген сұқбаттары жарық көрген.
«Ас атасы-нан» деп нанды жерге шашпай, аяққа таптатпай астың қадірін білген халықпыз. «Нан бар жерде ән де бар» дейміз толықтырып тағы да. Ендеше әрбір үйдің дастарханының төрінен табылатын нан мен дәмді тоқаштарды дайындап, ел алғысына бөленген Әселдің кәсібі өрістей береріне күмән жоқ.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
Нарша АЛДАНАЗАРОВ (сурет).