ЕЛБАСЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСҚА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Елбасы Н.Назарбаев екі күндік жұмыс сапырымен Қызылорда облысында болды. Бірқатар әлеуметтік және шаруашылық нысандарын аралап, өңірдің экономикалық даму көрсеткішімен танысты.
Сапардың алғашқы күні Мемлекет басшысы Арай-2 мөлтек ауданында салынған жаңа көпқабатты тұрғын үйде болып, қоныс иелерімен кездесті.
Қызылорда қаласында соңғы 4 жылда 1460 пәтер пайдалануға берілсе, биылдың өзінде 2652 пәтердің құрылысы салынуда. Осыдан-ақ Сыр өңірінде құрылыстың қарқын алғанын аңғару қиын емес.
– «Қолжетімді баспана» бағдарламасын әдейі шығардық. Шын мәнінде тұрғындарға қолжетімді болуы үшін. Елдің ертеңі үшін қызмет жасап жатқан мұғалімдер, дәрігерлер секілді мамандық иелері пәтерден пәтерге көшіп, көп қиыншылық көреді. Біз есептедік бір отбасында екі адам жұмыс істесе айына төлейтін төлемнен қиындық көрмейді. Арендалық үй деген ешбір мемлекетте жоқ. Бұл сіздерге жасап отырған қамқорлығымыз, - деді Елбасы Н.Назарбаев.
Бұл жерде 10 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылған. Оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі арқылы 240 пәтерлі 5 несиелік және «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ-ы арқылы 280 пәтерлі 5 несиелік тұрғын үй салынды. Барлығы 520 пәтер. Яғни қазан айының өзінде осыншама отбасы қоныс тойын тойлайды. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға халықаралық қаржы ұйымдарынан қомақты инвестициялар тартылуда.
Елбасының келесі аялдаған нысаны «Жан Арай Жем» зауыты. Тәулігіне 80 тонна, жылына 30000 тонна құрама жем өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны 10 млрд теңге, өндірісте 500-ден астам адам жұмыспен қамтылады.
Жем зауытының өнімі сапалы, техникалары тың. Айта кетейік, кәсіпорын құрама жемді неміс технологиясы бойынша өндіреді. Яғни, зауыттың қондырғылары дәнді-дақылдар өңдейтін жабдықтар шығаруда әлемдегі алдыңғы қатар¬лы германиялық «Петкус» компаниясында дайындалған. Жаңа құрама жем зауыты облыстың мал азығына деген сұранысты қамтамасыз етуде. Зауыт жанында тәулігіне 150 тонна күріш салысын өңдейтін цех бар. Бір ерекшелігі мұндағы технология қалдықсыз өнім шығаруға арналған. Жоба қатысушылары – «Жан Арай Жем» ЖШС және «Байқоңыр» ӘКК.
Облыста оң өзгерістер орын алуда. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі үш жыл ішінде 4,5 пайыздан 13 пайызға дейін ұлғайды. Осыдан-ақ әртараптандыру жұмысының басталып кеткендігі байқалады.
Кешен жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы жергілікті кәсіпкерлермен және шаруақожылық төрағаларымен кездесті. Айта кетейік, Қызылорда облысы үш жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім алды. Сыр елінің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 11,6% өсіп отыр. Ал агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге артты.
Мұнан соң Мемлекет басшысы Қызылорда облысы әкімдігінде орналасқан Ситуациялық орталық қызметінің жұмысымен көрді. Бұл орталық өткен жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оның жүзеге асуын қадағалайды. Бұл орталық жақында Амстердам қаласында өткен аудиовизуалдық инновациялар көрмесінде 200-ден астам қатысушының арасынан мәртебелі халықаралық InAVation Awards сыйлығының жеңімпазы атанды.
Елбасы жұмыс сапарының екінші күні «Көксу» қосалқы шаруашылығында болды. Шаруашылық 18,7 гектар аумақта жапырақты, қылқан жапырақты, жеміс беретін және сәндік мақсаттағы 150 мың декоративтік ағаш, сондай-ақ бұталар өсіреді. Сондай-ақ, мұнда ағаштың жергілікті климат жағдайына бейімделген жаңа түрлерін алу үшін селекциялық жұмыстар да жүргізеді. Бұл жерде тропикалық жемістерде өсіріледі. Шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі - егістікте зиянды өндірістерден жеңіл жұмысқа ауыстырылған, еңбек демалысына жіберілген адамдар мен зейнеткерлер жұмыс істейді. Жобаны жергілікті билік органдары қолдады. Жоба аясында, ең алдымен, облыс және аудан орталықтары мен ірі елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары қолға алынады.
Облыста атқарылып жатқан жұмыстармен етене танысқан Елбасы БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, Қызылорда облысының өсіп-өркендеп келе жатқандығына ерекше тоқталды.
- Өңірде мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Индустрияландыру аясында облыста бүкіл Қазақстанды өніммен қамтамасыз ететін әйнек зауыты салынуда. Қызылорда облысының аумағымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы, сондай-ақ еліміздің негізгі теміржол желісі өтеді. Қаланың ажары көркейіп, саябақтары көбейді, Сырдың сол жағалауына шығатын көпір құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлер, балабақша, мектеп, аурухана және жолдар салынуда. Мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Ерекше айта кететіні Сыр диқандары биыл әр гектарынан 50 центнерден өнім жинады. Бұндай көрсеткіш Кеңес одағы кезіндеде болған емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Осылайша Елбасы Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.