БАСПАСӨЗ-ХАТШЫЛАРДЫҢ ҮЗДІК ҮШТІГІ
Облыстық және жергілікті әкімдіктердің жұмысы қаншалықты көрініп жатыр? Унитарлы – біртұтас мемлекет болғаннан кейін біз әрбір облыстағы. қалалар мен елді-мекендердегі жаңалықтарды біліп отыруымыз шарт. Заңдары басқа, иттері қара қасқа АҚШ-тың штаттары немесе Ресейдің субъектілері сияқты емеспіз. Еліміздің қай өңірі жетістікке жетсе де шын қуанамыз, шикілік шықса бір кісідей қамығамыз. Ал сол облыс пен қала әкімдерінің жұмыс нәтижелерін ақпарат құралдарына, халыққа жеткізетін де, көрсете алмайтын да – баспасөз-хатшылар, деп жазады saigez.
Әлеуметтік желілердің күш ала бастаған кезеңінде Оңтүстік қазақстан облысы әкімінің баспасөз-хатшысы болған Берік Уәли баспасөз-қызметінінің жұмысын мүлде жаңа сапаға көтеріп тастады. Сол саладағы мамандардың іс-әрекетін ОҚО баспасөз-қызметінің жұмысымен салыстыратын да болды. Бір сөзбен айтқанда ол осы саладағы жұмыстар үшін барометрге айналды. Кейін басқа қызметке кеткенімен Берік Уәли өзге облыстағы әріптестеріне жол көрсетіп кеткендей болды. Сонымен бүгінде облыс әкімдерінің жұмысын халыққа лайықты деңгейде көрсете алып жүрген мамандарды анықтап көрдік.
1. Бекзат Жүсіп, Қызылорда облысы
Қырымбек Көшербаевтың іскерлігін жалпақ жұрт жақсы біледі. Оның гипербелсенді жұмысын көрсете білу кез келген маманның қолынан келе бермейді. Аптасына 7 күн қызмет ететін облыс басшысының жұмысы республикалық деңгейде көрініп жүр. Қазақтілді және орыстілді ортада да Қырымбек Елеуұлының беделі біркелкі әрі жоғары деңгейде. Әкімнің атқарған жұмыстарын ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа таратудағы Бекзат Жүсіптің оперативтілігін ерекше атап өткен жөн. БАҚ-тың кез-келген саласынан (телеарна, радио, газет-журнал, интернет ресурстар және әлеуметтік желілер) Қызылорда облысы туралы мәліметтерді оңай табуға болады. Бұл бұрын мемлекеттік қызметте істемеген жас маман үшін үлкен жетістік. Әрине, Қырымбек Көшербаев сияқты салмағы мығым саясаткердің баспасөз-хатшысы болудың да өзіндік қиын әрі оңай жақтары көп. Б. Жүсіп әзірге осы тепе-теңдікті сақтап келе жатыр.
2. Асқар Жалдинов, Павлодар облысы
Қанат Бозымбаев басқарған Жамбыл және Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз-хатшысы болған Асқар Жалдинов әкімнің жағымды имиджін қалыптастыруға айтарлықтай еңбек сіңірді. Бозымбаевтың бұқаралық ақпарат құралдарында аты ең көп аталатын әкімге айналғанын байқап жүрміз. Әкімнің имиджіне нұқсан келтіретін шым-шытырық оқиғалар арасынан басшысын лайықты деңгейде алып шығып жүр. Әкімнің рейтингіне де оң ықпалы тиді десек болады. Себебі Бозымбаев аймақтық қана емес, сондай-ақ республикалық БАҚ-тарға да жиі шығып тұрады. Демек төртінші билік өкілдерімен қарым-қатынас дұрыс жолға қойылған. Асқар Жалдиновтың өзі де республикалық деңгейдегі жиындарда бой көрсетіп жүр.
3. Нұрлыбек Жеңісбек, Шымкент қаласы
Ол Шымкент қаласының баспасөз қызметіне бұрынғы әкім Дархан Сатыбалдының кезінде келді. Астанадан барған мамандарды жергілікті халыққа барынша жақындатып жүр. Осы уақытқа дейін Д. Сатыбалды әлеуметтік желілерге тіркеліп, барлық сұраққа жауап беріп келді. Жақында тағайындалған әкім Ғабидолла Әбдірахымовтың да PR-ы мықты болып тұр. Оны Н. Жеңісбектің баспасөз-қызметімен қатар қала әкімінің кеңесшісі ретінде де жұмыс істеп жүргенінен болса керек.