АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ М.ШОҚАЙДЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Мұстафа Шоқай – Алаштың алып тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі өтті, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.
Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімін ұлықтау мақсатында өткен конференцияға университеттің оқытушы-профессорларымен қатар, қаламыздағы жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген ғалым-ұстаздар, облыстың зиялы қауым өкілдері, студент-жастар, мемлекекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде сөз алған Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Мұстафа Шоқай есімі біздің мәңгілік құндылығымыз екенін атап өтті.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры Кішібеков Досмұхамбет Кішібекұлы «Мұстафа Шоқай философиясы», Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Есмағамбет Көшім Лекерұлы «Мұстафатанудың деректемелік негізі», Халықаралық Түркі академиясының ғалым-хатшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәріп Амантай Жарылқасынұлы «Тұлғалар тоғысы: Мұстафа Шоқай және Сұлтанбек Қожанұлы», Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлы «Мұстафа Шоқай және Кеңестік шындық», Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, жазушы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы «Тәуелсіздікке кәміл сенген қайраткер», ҚР Журналистер Одағының мүшесі Әмірхан Бәкірұлы «Мұстафа Шоқай - Түркістан мемлекетінің басшысы», «Мұ стафа Шоқай» қорының президенті Атабаев Базарбай Асанбайұлы «Шоқайтанудағы кейбір ойлар» тақырыптары бойынша баяндама жасап, М.Шоқайдың бүкіл түркі жұртының ғана емес, әлемдік деңгейдегі зиялылармен терезесі тең қайраткер болғандығын сөз етті.
Ғалымдар Алаш ардақтысының біртуар тұлғасы мен асыл қасиеттер ұштасқан бітім-болмысының сан-салалы қырларын зерделеді. Конференция аясында М.Шоқайдың 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге, конференцияға қатысушылар «Ұлт тәуелсіздігінің жаршысы» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады. Көрмеде шоқайтанушы ғалымдардың еңбектерімен қатар М.Шоқайдың өмірі мен қызметіне қатысты мұрағат материалдары көрініс тапқан. Конференция жұмысы одан әрі «Мұстафа Шоқай және Тәуелсіздік идеясы», «Мұстафа Шоқай мұрасы және қазақ руханияты» тақырыптарындағы секциялық жұмыстармен жалғасты.
Конференция барысында жалпы ғалымдардың 50-ге жуық баяндамалары тыңдалды. Алаш қайраткері М.Шоқайдың тұлғасын тану үрдісін жаңаша пайымдармен, тың тұжырымдармен, мағыналы деректермен толтырумен қатар, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие беруде конференцияның маңызы ерекше болды. Коференция соңында жасалған баяндамалар және конференцияны ұйымдастыру барысында айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде ұсынымдар қабылданды.