АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
2005 жылдың 1 қаңтарына дейін аудан территориясындағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары (184 км) облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы балансында болып келсе, ал 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары облыстық және аудандық (қалалық) маңыздағы жолдарға бөлінді.
Осыған байланысты, белгіленген тәртіппен, аудан көлеміндегі коммуналдық меншіктегі жалпы ұзақтығы 184 шақырым жолдардың 142 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары болып бөлініп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне берілді.
Оның ішінде 61,0 шақырымы қара қиыршық тасты және 81,0 шақырымы қиыршық тасты жолдар. Және де аудан әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыз № 267 қаулысымен Жалағаш-Жосалы-Мара баба кесенесі бағытындағы 11,1 шақырым жол аудандық маңыздағы автомобиль жолдары тізбесіне енгізілді.
Аудан территориясынан өтетін автожолдардың ұзындығы:
1. Республикалық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 159 км.
2. Облыстық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 42 км. (32-74 шақырым аралығы)
3.Аудандық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 153,1 км. Оның ішінде асфальттанғаны- 142,0 шақырым және 11,1 шақырымы- топырақ.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы көлемінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Осыған орай Қызылорда – Жосалы, Жосалы- Қызылорда бағыты бойынша автокөліктер ағымы облыстық маңызы бар «Жалағаш- Жосалы» автомобиль жолымен жүзеге асуда. 2008- 2012 жылдар аралығында осы жолдың 34 шақырымына күрделі, 4 шақырымына орташа, барлығы 38 шақырымы жөндеуден өткізілді.
2013 жылы республикалық бюджеттен 404,0 млн.теңге қаржы «Жалағаш- Жосалы» автожолының 8,3 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаралған.
2012 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, осы автожолдың 38-54 шақырым және 54-74 шақырым аралығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан сметалық құжаттама рәсімделіп, 2014 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық сметалық құжаттамадан 54-74 шақырымы аралығы жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына 2008- 2013 жылдар аралығында 68 шақырымына күрделі жөндеу және 63,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тиісінше осы жұмыстарды атқаруға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген.
Осы жұмыстармен бірге кент, ауылдық округтері көшелеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізу жүзеге асуда. Аудан бойынша 262 шақырымды құрайтын 299 көше тіркелген. Бүгінгі күнге аталған көшелердің 40 пайызы, яғни 165 шақырымы жөндеуден өткен. Атап айтқанда, 2013 жылы Жосалы кентінің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен, аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелері абаттандырылды.
Және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлінген.
Ал, 2014 жылы елді мекен көшелерін жөндеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Аталған қаржы көлеміне төмендегі жұмыстар атқарылды.
Алдашбай ахун ауылдық округінде 2,025 км болатын А.Егізбаев көшесіне, Жаңажол ауылдық округінің 1,7 км болатын Шегебаев көшесіне, Төребай би ауылдық округінің 1,2 км болатын Қорқыт ата көшесіне, Қармақшы ауылдық округінің ұзындығы 1,0 км құрайтын Ысқақов көшесіне, Ақтөбе ауылдық округінің 2,3 км болатын Алтынсарин, Н.Сералиев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Мердігер мекеме «Дорстрой» ЖШС. Жұмыстар толығымен атқарылып, аяқталды.
Төретам кентінің 9,54 шақырым болатын 15 көшесіне, атап айтқанда Мұратбаев, Жанкожа батыр, Байсеитова-1,2, Құлқашев тұйығы, Гагарин тұйығы, Мамыр тұйығы, Б.Момышұлы көшесі, Жаңақұрылыс- 1, Рысқұлбеков тұйығы, Амангелді тұйығы, Құлтасов тұйығы, Құлтасов 2 көшесі, Уйреков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген. Төретам кентінің 15 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Дорстрой» ЖШС тарапынан жүргізіліп, аяқталды.
Сонымен қатар, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына қаржы бөлінген. Мердігер мекеме «Қазалы құрылыс» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы Жосалы кентінің 13,3 шақырымды құрайтын 13 көшелерге және Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун ауылдық округтері бойынша 6,3 шақырымды құрайтын көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттама рәсімдеуге және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен қаржы және аудандық маңыздағы Жалағаш- Жосалы – Марал Ишан автожолының 11,1 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ рәсімдеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Инженерные изыскания и К» ЖШС тарапынан жобалау жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
2015 жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме Қазавтожол РМК арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2015 жылы төмендегі жобаларды жүзеге асыруға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды:
Автомобиль жолдары мен көшелерді жөндеу бойынша
1. Аудандық Марал Ишан кесенесіне кіре беріс автомобиль жолының құрылысы
2. Жосалы кентінің 13,3 шақырымды құрайтын көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
3. Қармақшы ауданының Қуаңдария, Көмекбаев және Алдашбай ахун ауылдық округінің көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
ІІІ- Интернационал ауылдық округінің Кашкан су-1,3 км, Қазақ- 1,3 км, Амангелді- 1,3 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
4. ІІІ- Интернационал ауылдық округінің Жаңақұрылыс- 0,77 км, Бәйтерек- 0,78 км, Пак Чен Ир – 0,4 км көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
Төретам кентінің көшелері бойынша:
2015 жылы Төретам кентінің 12,1 шақырымды құрайтын 13 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Балгүл МӘМЕН