ҚОС ҚҰРДАС ҚОЛҒА АЛҒАН КӘСІП
Бірде қыдырып туысқанымның үйіне бардым. Көптен көрмеген жақыным жиналып қалған әңгімелерін, жаңалықтарын айтып, сатып алған жаңа заттарын көрсетпек болып бөлмесіне кіруімді өтінді. Кірген бойы оң жақ қапталда бір қабырғаны түгелдей алып тұрған айнасы бар әдемі жиһазға көзім түсті. Жаңа үлгіде жасалған, ысырмалы есігі бар жиһаздың бір бөлігіне көрпе-төсек жиналса, бір жағына киім салынады екен. Қалта көтерсе үйге алуға боларлық тәп-тәуір зат. Төсек те, киім де, басқа заттардың барлығы бір жерде ықшам жиналады, таза тұрады. Жасатуға болады екен деген оймен жасаған кәсіпкердің, жиһаз цехының мекен-жайын сұрадым.
Көп уақыт өтпей мен де дәл сондай жиһазға тапсырыс бермек болып «Ғалия» сән салонының жанында орналасқан цехқа келдім.
Жаңалыққа жаны құмар журналист қауымы емеспіз бе. Кіре сала цех иесін сұрадым. Керек кәсіпті қолға алған қос құрдас Алмат Мәмбетов пен Жеңіс Әлімбаев екен.
1971 жылы Жосалы кентінде туылған Алмат Қанатұлының негізгі мамандығы зоотехник. Әскерге барып келгеннен соң отбасымен Байқоңырға қоныс аударып, 1993 жылдары саудамен айналысып, дүкен ашады.
1999 жылы Байқоңыр қаласындағы ішкі істер мекемесіне ағаш ұстасы болып жұмысқа орналасады. Жұмыс істей жүріп қолынан жиһаз жасау келетінін аңғарған ол жанындағы жұмысшыларға тапсырыспен стол, сандық, шағын шкафтар құрастырып береді. Бірте-бірте осындай іске қызушылығы оянып, әбден қыр-сырын меңгергеннен соң туған ауылыма барып, жиһаз цехын ашсам деп армандайды. Сол сәтте бала кезден бірге өскен досы, құрдасы, іске епті Жеңіспен ақылдасып кәсіп ашпақ ниетпен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы төмен пайызбен несие алып, Шымкент қаласынан ағаш кесетін, лента жапсыратын, жалпы жиһаз цехына қажет станоктар алдырады.
Қызылорда қаласынан ағаштың түрлерін әкеліп, тапсырыс қабылдай бастайды.
- Қазір ағаштарды Қызылорда қаласынан әкелемін. Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі кеңейтіп, жұмыстың тілін білетін жігіттер алғым келеді. Ағаштарды Өскемен қаласынан тікелей өзіме келетін ету жоспарда бар. Жұмыстың, кәсіптің көзін табам деушілерге мүмкіндік мол. Кәсіп ашамын десең мемлекет қарап қалмайды. Қолдау көрсетеді. Біз осыған шынымен көз жеткіздік. Жеңіс екеуміз көптен ойға алған арманымызға қол жеткіздік, мақсатқа бірге талпындық. Қазір шүкір, халықтың жағдайы жақсы. Барлығы үйіне әдемі жиһаздар тұтынғысы келеді. Бұрынғыдай емес көптің көзі ашық, тапсырыс берушілер тіпті біз ойламаған жиһаздардың үлгісін айтқанда, сенім үдесінен шығып, қолымыздан келмейді деп айтпау үшін ізденеміз, ғаламтор ақтарамыз, көп ойланамыз.
Біздің жиһаздарымызды әр жерлерден көріп сіз секілді келушілердің саны аз емес.
Дәл осы күні тұрғындардың дені ас үй жиһазы мен көрпе-төсек жинайтын ысырылмалы есігі бар шифонерлерге тапсырыс беріп жатыр. Әзірге жұмысымыз жайлы ешқандай сын айтылып жатқан жоқ. Оған да іштей қуанамыз,-деді әңгімесімен бөліскен кәсібі дөңгеленген Алмат Қанатұлы.
Цехқа барған мен де жай кетпей жақынымның үйінде көргенімдей жиһазға тапсырыс бергім келетінін айттым. Үйге келіп орналасатын жерді өлшеп алды да, маман ретінде қандай ағаштан, қай түсте жасатқаным дұрыс екеніне кеңесін берді. Небәрі 2-3 күннің ішінде бағасы да айтарлықтай қымбат емес әдемі жиһазды менің үйіме де құрып берді. Жаңа үлгіде жасалған жиһаз бөлменің ажарын ашып тұрды.
Олар тез арада сапалы жасалған жиһаздарымен кенттегі, елді мекендердегі біз секілді көп жандардың алғысана бөленіп келеді. Жасалған дайын жиһаздар «Евразиялық банк» арқылы пайызсыз несиемен де беріледі.
Екеу боп бірігіп, тұтынушының көңілінен шығып, қалауына қарай қарқынды қызмет жасап жатқан қос құрдас отбасыларын ғана асырап емес, Бақыт, Рүстем атты қос азаматты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылары да алатын жалақыларына дән риза.
Алмат пен Жеңіс армандарына жету үшін тынбай күресті, ойлаған істерін жігіттік серттерінен танбай тез өркендету үшін көп ізденді. Қазір, титтей болса да сол еңбектерінің жемісін татуда.
Иә, «Еңбек еткен адамға дәулет бітеді» дейтіндер осындайды меңзесе керек.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА