БАЙМҰРАТ БАТЫР ЖАЙЛЫ АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай еліміздің барлық аймақтарында көптеген іс-шаралар жүргізіліп, баспасөз бетінде қазақ халқының егемендігіне үлесін қосқан хандар, билер мен батырлар жайлы мақалалар шығып, халқымен қайта қауышуда.
Қазақ хандығының құрылғанынан бергі 550 жыл ішінде қазақ елінің басына, оның егемендігіне қаншама сын қатерлер төнгені өткен тарихымыздан белгілі. Сондай қазақ халқының тағдыры таразыға түскен қиын шақ. 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы халық жадында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен жатталып қалды.
Осы Жоңғар шапқыншылығына қарсы болған азаттық соғысында майданның үнемі алдыңғы шебінде жүріп, ерлік көрсеткен, көзі тірісінде Алтын-Жаппастың жауынгерлік ұрпағына айналған, Әбілхайыр ханның он екі биінің бірі, Жаппастың Қалқаман руынан тарайтын, Есенбайдың немересі Байбөріұлы Баймұрат батыр өзінің лайықты бағасын әлі ала алмай келеді.
1992 жылы 12 қыркүйектегі аудандық «Еңбек туы» газетінде «Баймұрат батыр» атты мақалам жарық көрді. Бұл мақаламда Баймұрат батыр жайлы тарихи деректерді Әбіш Кекілбаевтың «Жазушы» баспасына 1981 жылы шыққан «Үркер» тарихи романының (351-352-455 беттер), «Қазақ әдебиеті» газетінің 1991 жылғы 18 қаңтарындағы №3 санындағы Советхан Ғаббасовтың «Ерасылдай ер қайда?! » атты мақаласынан және «Шалқар» газетінің 1991 жылы 29 наурыз № 12,№15 сандарында шыққан К.Толыбаевтың «Қабанбай-халық батыры» атты мақалаларынан алған едім. Енді оны қайталап жатпаймын. Өкініштісі осы мақаладан кейін Баймұрат батыр жайлы баспасөз бетінде ешкім пікір білдірмеді. Енді міне араға 23 жыл салып жерлесіміз, зерттеуші, ғалым Тынышбек Дайрабайдың «Сыр бойы» газетінде 2015 жылдың 25 шілдесінде шыққан «Ұранға айналған Баймұрат батыр» атты зерттеу мақаласы тағы да қолыма қалам алғызды. Зерттеуші ғалым өз мақаласында Баймұрат батырдың тарихи тұлға екенін мұрағат деректерімен дәйектеп жазған. Сондықтан осы зеттеу мақаласын жазғаны үшін авторға шың көнілден ризашылығымды білдіремін.
Тынышбек Дайрабай осы мақаласында «Жалпы шежірелердің бәрінде Жаппас ұраны « Баймұрат» екені айтылғанмен, оның елге сіңірген еңбегі, не себепті ұранға айналғаны туралы бүгінгі ғылыми-көпшілік әдебиетімізде дұрыс баяндалмай келе жатқан сияқты» - деп ашылмаған ақтаңдақтарға жөн сілтейді.
Енді осы ақтаңдақтардың орның толтыру үшін ел аузындағы атадан балаға ауызша тараған аңыз әңгімелерге ден қояйық.
Алғашқы аңыз Баймұраттың батыр атануы жайлы. Баймұраттың балалық шағы Қазақ пен Құба Қалмақ (Астрхан қалмағы) арасындағы жаугершілік заманға сәйкес келеді. Баймұрат соғысқа жастай араласып, өзінің өжет, ержүрек батырлығымен көзге түседі. Бір соғыста жекпе-жекке шыққан қалмақ батырын өлтіріп, сұлу қызын әйелдікке алады. Әйелі екі қабат болып, аяғы ауырлаған соң бір күні еліне қашады. Қуғыншылар әйелді еліне жеткізбей ұстап алып келеді. Осы әрекетін екінші рет қайталаған соң қатаң күзет қойғызады. Әйелі аман-есен шекесі торсықтай ұл табады. Баланың атын шешесі артына алаңдай берді деп Алаң қояды.
Кейіндері Баймұрат әйеліне «Еліңе неге қашпақшы болдың?» - деп сұрағанда, әйелі «Баймұрат, сен менің әкемді өлтірген құныкерімсің. Егерде баланы қалмақ еліне барып босанғанымда, ол да батыр болатын еді. Баламды қалмақша тәрбиелеп, қазаққа қарсы салып, әкемнің кегін қайтарайын деп едім. Тәңірім ол арманыма жеткізбеді. Енді, міне, балам қазақтың шаңырағында дүниеге келді. Ендігі жерде балам да қазақ, мен де қазақпын», -деген екен.
Шынында да Алаң бала Жоңғар шапқыншылығы кезінде майданда ерлігімен көзге түсіп, батыр атанған. Кеңестер Одағының Батыры Нағи Ілиясов осы Алаң батырдың ұрпағы. (Алаң- Маймақ- Мүсілім- Жәрімбет-Ілияс- Нағи).
Келесі аңыз Баймұрат батырдың қалай «Алтын -Жаппастың» ұранына айналғаны жайлы. Баймұрат батыр бұл кездері Әбілхайыр ханның он екі биінің бірі «Алтын – Жаппастың бұйда ұстары болған» кезең. Баймұрат би 1727 жылы «Бұланты- Біленді»( Қалмақ қырған), 1729 жылғы Ақырақай шайқастарында Алтын-жаппас жасағына басшылық жасаған.
Осы соғыстардың бірінде екі жақта да адам шығыны көп болып, қанды қырғын бірнеше күнге созылады. Баймұраттың үлкен баласы Байтүгел өрен батыр алапат күш иесі екен. Майданға бірнеше мәрте қол бастап кіреді. Баймұрат би Байтүгелдің сиреп қалған жасағын жас сарбаздармен жолықтырып, батасын беріп, ақ жол тілейді. Былай шыққан соң Байтүгел батыр жас сарбаздарға былай дейді: «Көздерің көріп тұр, әкелерің, көкелерің, ағаларың қаң майданда шейіт болып жатыр. Бүгін жауды жеңіп кегімізді аламыз, не ерлікпен шейіт боламыз. Сондықтан әркім өз әкесін, ұрандасын!» деп алдыға түсіп жау шебіне қарай «Баймұрат! Баймұрат!» деп ұрандап шабады. Қалған жас сарбаздар да Байтүгелге қосылып «Баймұрат! Баймұрат!» деп ұрандап жауға лап қояды. Қарқыны күшті тың күшке төтеп бере алмаған қалмақтар қашып, шеп бұзылады. Қазақтар жеңіске жетеді. Бір сарбаз Байтүгел батырдың майдан шебін бұзып, жеңіске жеткенін айтып Баймұрат биден сүйінші сұрайды. Сол кезде Баймұрат би: « Байтүгел шырағымның даңқы алысқа кетеді екен, бірақта өмірі қысқа болады-ау...», - деген екен.
Баймұрат бидің әулиешілдігі де бар екен. Айтқандай-ақ, келесі бір жан беріп, жан алысқан қанды қырғын соғыста Байтүгел батыр майдан даласында ерлікпен қаза табады.
Байтүгелдің осы жеңісінен кейін жауға «Баймұрат!, Баймұрат!» деп ұрандап шапқанда жау қашты. Баймұраттың әруағы бар екен. Бұдан былай Алтын-Жаппастың жауынгерлік ұраны «Баймұрат!» болсын деген пәтуаға келеді.
Байтүгел батырдың ұрпағы Байтүгелов Піралы ақсақалды көрдік. Сақал-мұрты әппақ, қалың қасы қабағың жауып тұратын, бойы ортадан жоғары, ақ-сары келген сүйекті кісі еді. Көп жыл колхоздың жылқысын бақты.1970 –ші жылдары тоқсанға жақындаған шағында дүние салды. Қазір Шаған ауылында Пірәлі ақсақалдың қызы Пірәлиева Алтыншаш тұрады. Көп жылдар мектепте мұғалім болды. Қазір зейнеткерлікте.
Келесі бір аңызда.
Өмірі үнемі жорық үстінде өткен Баймұрат батыр Қырғызбен шекарада Меркеге жақын жерде қалмақтармен болған соғыста аяғынан ауыр жараланады. Бұл жер қазір «Қалмаққырған» деп аталады. Тілерсекке тиген жау оғы сүйегін сындырып, аяғы сіңірмен етке ілініп, салбырап қалады. Дереу шылбырмен жуан саннан тас қылып байлап, салбырап тұрған аяғын кесіп алып, қанжығаға байлап соғысты жалғастыра беріпті. Соғыстың саябырсыған бір сәтінде емшілер кесілген аяқты қазандағы қайнаған майға батырып, қанын тоқтатып, кейіннен емдеп ағаш аяқ ( протез) салып беріпті. Сондықтан Баймұрат би өмірінің соңғы кезеңінде «Ақсақ Баймұрат» атанғаны ел аузында әлі күнге дейін айтылады. Меркеге жақын, Қырғызбен шекарадағы Сыпытай батыр ауылының жаңында «Баймұрат» деген төбе бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша осы төбеге кіші жүз Жаппас Баймұрат батырдың аяғы жерленген. Шамасы бұл уақиға 1731 жылы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында Баймұрат бидің аяғы сау. Әбілхайыр хан қаза болғанда 1748 жылы Бөпай ханшаға көңіл айту үшін Нұралы сұлтан бастап барған билердің ішінде Баймұрат би де бар. Онда да Ақсақ Баймұрат деп айтылмаған.
Абылай хан 1757 жылы Талқы бойындағы соғыста жеңіске жеткеніне Шимойын деген жерде той жасайды. Сонда Бұхар жырау жырында Жаппастардың Бөгембай батыр жасағы құрамында соғысқа қатысқанын, осы тойда Абылай хан соғыста ерекше ерлік көрсеткен батырларға сыйлықтар беретіні жайлы жырлайды.
Сонда: Байұлы Бітік, Баспаным,
Қатарынаң асқаным.
Жаппастан келген Ақберді,
Түтеткен жаудың аспанын.
деген өлең жолдары бар. Мұндағы Ақберді батыр жаппастардың жаңа буын жас батырларының бірі. Баймұрат батырдың жас шамасын Тынышбек Дайрабай «Ұранға айналған Баймұрат батыр» мақаласында «шамамен Баймұрат батыр 1690-1691 жылдарда туып, 1761-1763 жылдарда өмірден өтсе керек», - деп болжам жасайды. Егерде осы болжамға сенсек Баймұрат би 1757 жылы 67 жаста болады. Бұхар жырау жырында Баймұрат бидің аталмауы Баймұрат би осы соғыстың алдында аяғынан айырлған болуы мүмкін.Бұл жай әлі де зерттеуді қажет етеді. Бір ақиқаты Баймұрат бидің жау оғынан аяғынан айырылып, ақсақ Баймұрат атанғаны шындық.
Жаппастардың Әбілхайыр өлген соң 1771 жылы Түркістанда Абылайды хан сайлауға қатысқаны жайлы Қазыбек бек Тауасарұлының «Тұп тұқияннан өзіме дейін» кітабында ...«кіші жүзден алтын әлім, төрт шөмекей, жетірудан Тама мен Жағалбайлы, Байұлынан Алаша мен Жаппас қана шар салды» делінген. Әрине бұл кезде Баймұрат би өмірден өткен болу керек.
Баймұрат би батырлығымен қатар ел қамқоршысы да бола білген. Оған мына бір аңыз дәлел бола алады. Жаппастың Қалқаманынан туған Еламан, Есенбай, Жылкелді, Кермен атты балаларынан тараған ұрпақтар қазір рулы елге айналып отыр. Кезінде Еламанның ұрпағы тез көбейіп 50 жігіт бір мезгілде атқа қонатын жағдайға жеткен. Ел арасында оларды Еламанның «елу қарасы» деп атаған. Бір күні жолаушылап келген бір шалға еліндерінің бірі сабаны бастап қымыз береді. «Елу қарақастың» бірі «Бізсіз неге сабаны бастап қымыз бересің?!», -деп келінге ұрсып, шалға қамшы үйіреді. Сонда нала болған шал тұрып; «Еламан күзге жетпе, күзге жетсең жүзге жетпе. Бес үйің бір жерде отырма! » деп теріс батасын береді. Айтқандай-ақ, күзгі күні «Бізді жау алмайды», - деп мейманасы тасып, қамсыз жатқан Еламандардың ауылын бір түнде жау шауып «Елу қарақасты» түгел өлтіріп, малың барымталап, әйел, бала-шағасын құлдыққа айдап алып кетеді. Шөп арасына тығылған бір ер бала ғана аман қалады. Оқшау отырған Еламандар ауылындағы оқиғаны Баймұраттар кеш естиді. Ізінен қуғыншы жібергенмен таба алмайды. Кейін жан-жаққа адамдар жіберіп, тұтқынға түскен Еламандарды іздестіреді. Хиуадан келген бір керуен басы тұтқынға түскен Еламандар құл базарында сатылып кеткенін айтады. Баймұрат би Хиуаға мол қаржымен арнайы адамдар жіберіп, құлдықта жүрген Еламандардың бір баласын тауып, сатып әкеледі. Аман қалған осы екі баланың бірін Жаушы, екіншісін Малай деп атап кетеді. Баймұрат би осы Жаушы ен Малайды өз қамқорлығына алып, отау тігіп үйлендіріп, алдына мал салып, Еламандар ұрпағын жалғастырады. Қазір осы екі баладан тараған Еламандар рулы елге айналып отыр. Ел аузында сол кездегі оқиғаны еске түсіретін
«Еламан елге теңелді
Ешкі қойға теңелді» - деген нақыл сөз әлі де айтылады.
Осы оқиғаның дәлелі ретінде қазір де Жаппастың Баймұрат руы мен Еламан руы сүйектес, туысқан болып табылады.
Біздің Нағи ауылында Еламандар мен Баймұрат батырдың балалары Қара, Өтек, Баяу, Малбасар, Алаң, Болаттаң тараған ұрпақтары өркен жайып, өсіп-өніп келеді.
Жақында Ильясов Ринат бастаған Баймұрат батыр ұрпақтары Баймұрат бабаларының мекендеген жерлеріне арнайы барып жергілікті тұрғындармен, жүздесіп, сұқпаттасып қайтты. Ол жақта да Алтын-Жаппастар,Баймұрат батыр ұрпақтары бар екен. Ақтөбе мен Қостанай облысының шекарасында Баймұрат деген өзен бар. Өзен Ақтөбе облысынан шығып, Қостанай облысындағы «Үлкен көлге » барып құяды екен.(картаға түскен).Оның жағасында Көкір, Махамбет деген жерлер Баймұрат батырдың шөберелерінің атымен аталған.Лысаков пен Ресей шекарасы аралығында «Баймұрат» деген елді мекен – Баймұраттың бұрынғы қонысы екен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша Баймұрат батыр Махамбет төбесіндегі бейітке жерленген.Бірақ қазір бейіті тегістеліп кетіпті.
Ерлігімен батыр болған, даналығымен би атанған, бүкіл өмірін ел қорғауға арнаған бабамыз- Баймұрат батырдың өмір жолын зерттеп,оны халқымен қайта қауыштырсақ, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге қосқан мол үлес болар еді.
Әбдімәжит ҚҰТЫБАЕВ,
Қазақ ССР Халық ағарту
ісінің озық қызметкері