ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС ӨТТІ
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тамыз айының 29-шы жұлдызында І.Қабылов атындағы орта мектепте «Ата заңым – айбарым!» атты оқушылар арасында интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыстың басты мақсаты - Ата заңымыз - Конституция күнін жастар арасында интеллектуалдық сайыс өткізу арқылы жастарымыздың дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау; оқушыларды еліміздің тарихымен, Қ.Р конституциясының мазмұнымен таныстыру болып табылады.
Бүгінгі сайысқа қаламыздағы орта мектептерден және қалаға қарасты ауылдық округ мектептерінен 50 оқушы шақырылды. Сайысымыздың бір ерекшелігі 50 оқушыға сұрақ қою арқылы дұрыс жауап берген 9 оқушы сайысымызға қатысты. Сайысымыздың алғашқы сөзін бірлестік төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастеков сөз сойлеп, барша жастарды Конституция күнімен құттықтап сәттілік тіледі. Сайыс «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыс бағдарламасының форматында яғни 4 кезеңмен өткізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты сұрақтары бар 4 кезеңнен тұратын бұл сайыс қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Сайыскерлердің ішінен ұпай аз жинағандар әр кезең сайын сайыстан шығып отырды. Соңғы шешуші ақтық кезеңде қалған Құрманғазы Азиза мен Талғат Назерке шапшаңдықтарын көрсете біліп кім мықты екенін дәлелдеді. Сонымен сайысымыздың қорытындысын және жеңімпаздарды марапаттау үшін қалалық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Ибраева және бірлестік төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бауыржан Мастеков оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай елімізде білімді, дарынды жастарымыз көбейе берсін - деп жүлделі І орынмен Құрманғазы Азиза табысталып, ал ІІ орынды Талғат Назерке иеленсе, жылдамдығымен көзге түскен Қожатай Балдырған ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Болашақ жастары» жастар
қоғамдық бірлестігінің
баспасөз қызметі