МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың 2015 жылдың қорытындысы және алдағы жазғы маусымға дайындығы туралы» тақырыбындағы кеңейтілген қорытынды отырысы өтті.
Селекторлық режимде ұйымдастырылған отырысты облыстық мәслихаттың депутаты, Әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Тоғызбаев ашып жүргізді. Содан кейін осы аталған мәселе бойынша құрылған жұмысшы топтың төрайымы Р.Байназарова отырыс жұмысын одан әрі жалғастырды. Жиынға барлық аудан әкімдіктері мен жауапты мамандар, сала басшылары қатысты.
Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың 2015 жылдың қорытындысы және алдағы жазғы маусымға дайындығы туралы» тақырыбында арнайы хабарлама жасады. Сонымен қатар, Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Р.Нұртаев «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы проблемалар мен оларды жақсарту шаралары туралы», Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Әжікенов, «Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырудың тиімді жолдары», облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия мүшесі Ө.Жүсіпов «Ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы» тақырыптарында қосымша хабарламалар жасады.
Аталған мәселе бойынша жан-жақты және нәтижелі жұмыстар жүргізу мақсатында құрамында облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары, облыстық білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармаларының мамандары, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының салалар бойынша өкілдері және аудан, ауыл әкімдері мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен барлық аудандарда арнайы комиссия отырыстары өткізілді. Онда аудандарда орналасқан жазғы тынығу лагерлерінің жай-күйін зерделеу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті кәсіпкерлерді тарту мәселесі талқыланып, ұсыныстар айтылып нақты шаралар белгіленді.
Облыс аймағындағы барлық ірі кәсіпорындарға өз қызметкерлерінің балаларын мекеменің және кәсіподақ ұйымдарының демеушілігі есебінен облыстан тыс аймақтарда орналасқан лагерлерде сауықтырудың мүмкіндіктерін қарастыру, 2015 жылғы қала және аудан мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес қажетті жағдайларды жасау, оқушылардың демалыс мезгілдерін тиімді ұйымдастыру, шығармашылық еңбегін, қабілеттілігін арттыру жөнінде қаулы қабылданып, аталған жұмыстарды сапалы ұйымдастыру ұсынылды.
Оқушыларды жазғы лагерьмен қамтамасыз ету бағытында өңірімізде біршама жұмыстар жасалды. Арал ауданында жаңадан ашылған «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы пайдалануға беріліп, оған аудандық бюджеттен 15 477,0 мың теңге қаралса, оның толыққанды қажеттіліктерін өтеу үшін 2015 жылға депутаттардың ұсынысы негізінде облыстық бюджеттен 123 млн. 412 мың теңге қаржы бөлініп, жыл бойына жұмыс жасайтын болды. 2006 жылдан бері Қармақшы ауданында балалардың жазғы тынығу лагері жоқ екендігі атап өтіліп, лагердің жаңа құрылысының жоба сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16,3 млн. теңге қаралды.
Тұрақты комиссияның күн тәртібіндегі мәселені аяқсыз қалдырмау мақсатында «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастырудың 2015 жылдың қорытындысы және алдағы жазғы маусымға дайындығы туралы» мәселе қорытындыланды.
Қала сыртындағы және облыс аймағынан тыс орналасқан балалардың жазғы тынығу лагерлерінде 2850 оқушыны жергілікті кәсіпкерлер мен демеушілер есебінен демалыстарын тиімді өткізіп, балалардың жазғы демалыспен қамтылуы 98 пайызды құрады.
Десек те, аталған мәселені зерттеп-зерделеген облыстық мәслихат депутаты Өмірбек Жүсіпов өңіріміздегі ірі мұнай компаниялары тарапынан жұмысшыларымен ұжымдық шарт жасау кезінде қарастырылған бірқатар әлеуметтік жауапкершіліктерді орындауға белсенділік танытпағандығы, олардың дағдарысты желеу етіп, өз жұмысшы-қызметкерлерінің балаларын жазғы тынығу лагерімен қамтамасыз етпегендігі атап айтқанда, «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС, «Айдан Мұнай» АҚ, «Құмкөл Көлік Қызметі» ЖШС, «Энергия» құрылыс компаниясы ЖШС т.б. ірі мұнай компаниялары немқұрайлылық танытқандығын атап өтті.
Өтпелі кезеңдегі қиыншылықты желеу етпей, биылғы маусымда оқушылардың жазғы демалыстарын өткізуге қолдау көрсеткен және ұйымдастыру шараларына белсенділік жасаған бизнес өкілдері, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдары («ҚОР» АҚ, «Қазатомпром № 6 кен басқармасы» ЖШС, «РЗА» АҚ, «Казгермұнай» БК» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Сәрке батыр» ЖШС, «LCL-MK» ЖШС Қазалы филиалы, «Локомотив» АҚ Қызылорда локоматив пайдалану депосы, Қазалы локомотив жөндеу зауыты, Сырдария ауданының әкімдігі, салалық кәсіподақ комитеттері т.б. ) өз үлестерін қосты.
Тұрақты комиссия отырысы күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе, тиісті қаулылар қабылдап, жоғарыда белсенділік танытқан кәсіпорындар мен мекемелер ұжымына облыс әкімінің «Алғыс хатын» облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы мен облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова табыстап, құттықтады.