БАРЫН БАҒАЛАЙ БІЛГЕН БАҒБАН
Азамат үшін туған жерден артық та, ыстық та мекен ешбір жерде жоқ. Мұны адам баласының бәрі де біледі. Міне, сондай туған жері үшін тер төге еңбек еткен азаматтардың бірі Мұсағали Өскелеңов.
Расында да, Мұсекең ағамызды жосалылықтар қарапайым тұрғын ретінде ғана емес, өз ісінің шебері, білгір де ізденімпаз бағбан, сонымен қатар еңбекқор азамат деп таниды. Олай дейтін себебім, оның өнегелі өмір жолдары мен көпке үлгі боларлықтай атқарған істері жайлы аудандық басылымға бұған дейін де жарияланған болатын.
Иә, осыдан тура бір жыл бұрын Мұсағали ағамыздың үй алдындағы бау-бақшасында өсірілген жеміс-жидектер мен көкөністер және олардан алынған өнімдер мен бағбанның егін егу тәсілдері жайлы мақала жазған болатынмын. Және де жазылған мақала соңынан оқырмандар тарапынан редакциямызға көптеген жылы лебіздер түскен болатын. Тіпті, көптеген оқырмандар бағбанның мекен-жайын сұрап, ағамыздан ақыл-кеңес сұрап жатқанына куә болдық. Араға жыл салып, оның отбасына атбасын бұрдым.
Аулаға кіргенімде мені үйдің отанасы, көптеген жылдар бойы шәкірттерін ән мен жырға баулып, бүгінде құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан Ұлболсын апайымыз қарсы алды. Мен апаймен амандық сұрасып, келуімнің мақсатын түсіндірген соң, ол кісіден отағасының жұмыста екенін біліп, ағай қызмет ететін №105 орта мектепке тартып кеттім.
Мектеп ауласы адамға толы. Өйткені, биылғы жылы аталмыш білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде сол жұмыстар тәмамдалуға жақын. Мектеп ауласында жайқала өскен гүлдер арасында мектеп директоры Гүлжаһан Мұнарбаева мен Мұсағали Өскелеңов, Нұрлыбек Әлжанов және мектептің басқа да қызметкерлерімен бірге жұмыстар атқаруда екен. Амандық-саулықтан соң менің келгеніме өзінің қуанышын жасырмаған мекеме басшысы жасыл желекке бөленген мектептің тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді.
Расында да, мектеп ауласында осыдан он жылдай бұрын азғантай ғана тал өсіп тұрған болса, бүгінде ұжым қызметкерлерінің күшімен егілген 300-ге жуық түрлі саялы ағаштар бой көтеріп, айналаға сән беріп тұр десем артық айтпаған болар едім. Сонымен бірге, аулада питуня, астра, қалампыр, түймедақ, қалыңдық гүлі, гладиолис, барқыт гүлі, лилия және басқа да гүлдер өсіп тұр.
-Мына жайқала өскен талдарды өсіру бізге оңай болған жоқ. Мектеп айналасындағы өскін¬дерге аяқ су жеткізу көп қиындық туғызды. Жеке тұрғындармен келісе отырып, аяқ судың да мәселесін шештік. Ал, мына жайқала өскен гүлдерге келер болсақ, бұларды өсіру үшін біз оларды күніне үш рет суарып отырдық. Тіпті, тамшылатып суғаруды да қолға алдық. Нәтижесі жаман болмады. Еңбегіміз ақталды. Ұжым қызметкерлерінің қолдауымен атқарылған бұл игілікті ісімізге жұртшылық дән риза. Осы ретте, мектебімізге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Өмірзақ» ЖШС-нің құрылысшыларына ұжымымыздың алғысы шексіз. Өйткені, құрыш қолды құрылысшылар бізге тарту ретінде жер асты суын қазып берді. Бүгінде біз үшін аяқ су бас ауыртатын мәселе болмай қалды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылын тәмамдаған 9 бітірушіміз мемлекеттік грантқа ие болса, бір оқушымыз Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық институты ректорының грантын иеленді. Тағы бір айта кетерлік қуанышты жайт, бір ұстазымыз «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атанды,-дейді мектеп басшысы Гүлжаһан Мұнарбаева.
Көп ұзамай бағбанның үйіне жеттік. Аулаға ендік те тамаша көрініске куә болдық. Самал желмен шайқатыла тербелген талдардың сыбдыры мен сол талдарға қонып ән шырқаған құстардың дауыстары бізді еріксіз өздеріне елтіп әкетті. Менің осы әсерге қатты беріліп кеткенімді байқаған бағбан бақ ішіне ертіп кірді. Қандай тамаша көрініс, жеміске толы түрлі ағаштар мен Жер ана қойнауын жарып шыққан көкөністер мен бақша өнімдері сені мен мұндалап шақырады.
-Өткен жылы өзің көргендей биыл да мен біршама жұмыстар атқардым. Бақшалығымда асқабақтың 8 түрі өсіп тұр. Қазіргі таңда олардың әрқайсысы 15-20 келіден болса, піскен кезде біреуінің салмағы 30 келіге дейін тартатын болады. Сонымен қатар, қызанақтың «Оранжевый», «Қара ханзада», «Қара бұршақ», «Болгарский» және басқа да сорттарын ектім. Қиярдың 4 түрі, болгар бұрышының 2 түрі, қырыққабаттың 2 түрі, бақлажанның 2 түрі өсірілуде. Аллаға шүкір, еңбегім зая кеткен жоқ. Осындай тер төге еткен еселі еңбегімнің арқасында бүгінде жарым Ұлболсынның дастарханына қойылатын ас мәзірі молая түсті. Осы жеміс-жидектер мен көкөністерден түрлі тосаптар мен салат түрлерін дайындап алудамыз. Бізде тамыр-таныс, ағайын көп қой. Әрине, бақшадан шыққан өнімдермен олармен де бөлісудеміз. Ал, мына жайқала өскен бақтағы өскіндерге тоқталар болсақ, аумағы 20 сотықтан астам болатын бақ ішінде алманың 4 түрі, алмұрттың 2 түрі, жүзімнің 3 түрі, қара өріктің 4 түрі, қызыл және сары өріктің әрқайсысынан 2 түрінен бар. Сондай-ақ, қарақат, жиде ағаштары өсуде. Бәрі де жеміс беріп тұр.
Ал, мына көкке қалай да жетем деп асыға өсіп бара жатқан саялы талдар ішінде тораңғұл мен терек, қаратал, үйеңкі мен Сыр талы және басқа да талдар өсіп, тек менің ғана емес, осы аймақтың сәнін келтіріп тұр десем өтірік айтпаған болар едім,-дейді барын бағалай білген бағбан ағамыз Мұсағали Өскелеңов.