ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ КЕПІЛІ
Елбасы Қазақстанды әлемнің дамыған отыз елінің қатарына енуіне бағытталған бес институционалдық реформалардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін «100 қадам» Ұлт жоспарын барша халыққа ұсынды. Бұл жоспар Қазақстанның мемлекеттігін нығайтады. Аталмыш институционалдық реформаның екінші бағыты - заңның үстемдігін арттыру болса, 11 қадамы сот жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен алға қойған мақсат-міндеттерінің нақтылығы – егеменді еліміздің сот жүйесін дамытады. Қазіргі күні республикамызда 5 сатылы сот жүйесі жұмыс істеп келсе, енді 3 сатылы сот жүйесіне көшу мәселесі 100 қадамда көтерілді. 3 сатылы сот жүйесі азаматтардың уақыттарын үнемдеуге, істердің созбалаңқыға салынбауына ықпал етеді. Бұл жүйе әлемдік тәжірибеде де мойындалған. Осыған байланысты кассациялық саты облыстық соттардан Жоғарғы Сот құзырына ауысады. 3 сатылы сот жүйесіне көшу мәселесі күшіне енсе, істердің қаралу мерзімі қысқарып, сот саласы демократиялық қоғамның жоғары талаптарына сай келеді.
Мемлекеттік биліктің бір тармағы – сот жүйесін жетілдіруде судьялардың кәсібилігі мен біліктілігіне қойылар талап та жоғары болары сөзсіз. Президенттің судьялардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейтуі заман талабынан туындап отырған мәселе.
17-қадамда судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту көзделген. Бұл бағытта сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі міндетті талап ретінде көрсетілген. Сонымен қатар, судья қызметіне үміткердің кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу, үміткердің соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтуі, одан кейін судьяның бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі тиіс екеніне басымдық берілген.
100 қадамның қатарында судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Сот төрелігі институтының Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанында жұмыс істеуі көзделген. Жоғарғы Сотта инвестициялық алқа құру жайлы көтерілген мәселе де, бұл бойынша атқарылатын шаралар да әділ сот төрелігін қарапайым халыққа да, инвесторлар мен бизнес үшін де қолжетімді ететіні белгілі.
Сот процестеріне аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу – бұл баршаға мобильді, айқын, қолжетімді және заңның үстемдік етуіне негізделген, уақыт талабына сай сот төрелігін құру жолындағы тағы бір қадам. Сонымен қатар, тараптардың сот процесі барысында құқықтарының бұзылмауының тағы бір кепілі.
Ұлт көшбасшысы әрдайым сот жүйесіне ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, құқықтық жүйенің де жаңа тарихи жағдайларға сай жаңаруына жол ашып отырады. Аталмыш жоспарда сот билігінің халық үшін ашық, қолжетімді болуы, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, барлық сот процестеріне үн-бейнежазба құрылғыларын пайдалану соттардың қолжетімділігі мен ашықтығына бағытталып, жасалынып жатқан шаралар. Заңның үстемдігі – тәуелсіз елдің егемендігінің кепілі.
Алмат БАБАТОВ,
Қызылорда қалалық сотының төрағасы