ТІЛ САЯСАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ НАСИХАТТАУ
Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсінік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан, бәрінен де бұрын адамдар арасында бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды».
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 бабының 1 тармағында көзделгендей, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл –қазақ тілі деген құқықтық нормаға сәйкес анықталған. Қазіргі қоғамның даму барысы, уақыт талабы заңдарды одан әрі жетілдіруді талап етуде және де оны кешіктіре беруге болмайды.
Мемлекеттік қызметте барлық лауазым иелеріне қазақ тілін білу талабы, міндеті Конституцияның нақты құқықтық нормаларында қарастырылған.
«Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабының 2 тармағында «Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»- деп көрсетілген.
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік атрибут ретінде мемлекеттік қызметте өз функциясын атқару үшін қажет. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елде қазақ тілін еркін меңгеруге толық мүмкіншілік жасалған.
«Мемлекет басшысы болып танылатын Президенттік лауазымға мемлекеттік тілді еркін меңгерген республика азаматы сайлана алады» деген құқықтық нормаға ешқандай дау жоқ. Себебі, Президент Н.Ә.Назарбаев мемлекет басшысы ретінде, елдегі ең жоғары лауазымды тұлға ретінде өзінің қазақ тілін еркін меңгерген азамат екендігін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Президент Қазақстанның болашағы қазақ тіліне байланысты деп өз ұстанымын, позициясын ашық, анық жариялап отыр. Конституцияның мызғымастығының нышаны әрі кепілі екендігін іс жүзінде көрсетіп отыр.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып танылуы қазақ ұлтына, қазақ тіліне берілген артықшылық емес, ол тек мемлекетіміздің бір анықтауыш, шешуші белгісі ғана.
Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.
Тіліміздің тарихы – халқымыздың тарихының көрінісі.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын одан әрі кеңейту мақсатында сот саласы қызметкерлерінің іс қағаздары толық қазақ тілінде жүргізіліп келе жатырғанына да бірнеше жыл болды. Өз басымыздан, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үнемі назар аударылып, сот ісі мен іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге қатаң талап қойылуда. Мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жақсы жолда. Қазақ тіліндегі қатынас хаттардың сауаттылығы, тілді насихаттау жұмыстары мен нақты мемлекеттік тілде іс қарау сапасы тиісті деңгейде. Сот төрағасымен өткізілетін жедел отырыс жиналыстары, семинарлар, лекциялар, барлығы да мемлекеттік тіл - қазақ тілінде жүргізіледі. Сот мамандарының барлығы да толықтай мемлекеттік тілді игерген және іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізеді. Арнайы ашылған тіл бұрышыда бар. Онда қазақ-орыс тілі сөздіктері, терминдік, орфографиялық сөздіктер қ ойылған. Одан басқа, «Тіл туралы» заңы, мемлекеттік тілде әзірленген сот актілерінің, басты сот талқылауының хаттамаларының үлгілері бар.
Мемлекет құраушы ұлт тілінің туын Қазақстандықтардың өздері көтермесе кім көтереді?
Сондықтан, Мемлекеттік тілдің мәртебесін, қажеттілігін арттыруға Отанын, ұлтын сүйген әр азамат ат салысып, жоғары парасат танытқаны жөн деп қорытындылаймын.
Олжас МИРАЛИЕВ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот
мәжілісінің хатшысы