ЖАҢАДАН ҚҰРҒАН ОТБАСЫЛАРҒА НЕКЕ КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
2015 жылдың қыркүйек айының 10 күні сағат 11.00-де Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің студенттер сарайында «Жас отбасылар жарасымы» тақырыбында кездесу өтті. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының және «Өркениетті Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға алтын алқа, күміс алқа иегерлері, көп балалы ата-аналар, жастар және жас отбасылар, сала мамандары, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты жастар мен жас отбасыларға отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасына деген құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.
Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы жүргізіп, еркін пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды. Шараның ашылуы ретінде жиынға келген батыр аналарымыз көпшілікке таныстырылып, тілектері тыңдалып, алтын алқа иегерлері, батыр аналарымыз 12 перзентті дүниеге әкелген 85 жастағы Ханымкүл Оспанованы, 10 баланың анасы, алтын алқа иегері Роза Исмаилованы және жұбайы Ерғабыл Исмаиловты және 8 баланың анасы, алтын алқа иегері Мейрамкүл Байжанова мен жұбайы Пірзада Байжановтарға құрмет ретінде гүл шоқтарды табысталды.
Жиындағы алғы сөзді облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Үмбетова Бибігүл Ахмедуллақызы алып, Қазақстанда отбасының бақытты өмір сүруіне, жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға барлық жағдайлар жасалғандығына тоқталып өтті. Келесі кезекте сөз көп балалы жас отбасы – Әлкебаевтар отбасына берілді.
Келесі болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жастар арасындағы отбасын құрудағы кейбір проблемалық мәселелердің де бар екенін тілге тиек етті. Енді отбасы құрғалы отырған жастардың неке тойын жасаудағы өзара бәсекеге түсуі, отбасы мүшелерінің отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлай алмауы, осылардың барлығы жас отбасылар арасында ажырасуға әкеліп соғатынына тоқталып өтті.
Жиын барысында сөз алғандар психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы, «Сана сезім» психологиялық көмек беру және психологиялық түзету орталығының директоры Базарбай Раушан Ахмедуллақызы, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Марат Дайрабайұлы, облыстық әйелдер кеңесінің мүшелері Қасенова Салтанат Рашитқызы, Мұсаева Гүлшат Исақызы жаңа дәуірдің жастарын тәрбиелеуде бұрынғы ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәде¬ниетін, әдет-ғұрпын, рухани байлығын отба¬сының орнығуына негіздей отырып, қоғам, ата-ана тәрбиелік мазмұнда жұмыс жасай білу керектігін айтты, ұлттық тәрбиені басты негізге алу қажеттілігі аталып өтті.
Шара соңында Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Елеусізова Күлдары Абибуллақызының қолынан жаңадан отбасы құрған Біржан Күлкеев пен Мереке Кушекбаеваға, Рустам Рехсибайұлы мен Ақниет Қожабергеноваға және Мейрамбек Пірмағамбетов пен Шолпан Абдрамановаға неке куәліктері мен сыйлықтар табысталды.
Оған қоса облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлының атынан көп балалы жас отбасылар – Исмаиловтар отбасы мен Алкебаевтар отбасына алғыс хаттар мен арнайы дайындалған сый-сияпаттар табысталды.