ЕЛІМ ДЕП ӨТКЕН ЕСІЛ ЕР
«Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды» демекші, туған халқын жанымен сүйген, сүйсінте білген тау тұлғалы ерлер есімі жұрт жадында мәңгілік жаңғыра берері сөзсіз. Бүгін де ұрпаққа ұлағатты тәрбие, өшпес қайсарлық үлгісін көрсетіп келген, тым ерте фәниден бақиға көшкен ел ағасы, ұзақ жылдар бойы халқымыздың құқығы мен бостандығын, қауіпсіздігін қорғап келген Ішкі істер департаментінің ардагері, полиция полковнигі Тұрар Жұмадуллаұлы Қахаевты еске алып отырмыз.
Кахаев Тұрар Жұмадуллаұлы 1957 жылы 3 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Қызылорда қаласындағы №4 орта мектепті бітіріп, 1975 жылы Қызылорда политехникумінің «Ауыл шаруашылығын электрофикациялау» бөліміне оқуға қабылданады.
1978 жылы Отан алдындағы борышын орындау үшін әскер қатарына алынып, 1980 жылы елге оралады. Сол жылы КСРО-дағы ІІМ-нің ішкі істер органдарының орта және басшы құрамдарын дайындайтын Калинин училищесінің 1 жылдық курсын бітіріп, Қызылорда облисполкомының Ішкі істер басқармасына Жедел қызметінің жедел уәкілі болып жұмысқа қабылданды.
Қызметтен қол үзбестен 1984 жылдан 1989 жылға дейін Ташкенттің ССРО ІІМ Жоғары мектебін қызыл дипломмен бітіріп шықты. 1989 жылдың үздік бітірушісі ретінде, Жоғары мектептің «Мәңгілік құрмет» тақтасына аты жазылған. 1985 жылдары еңбек жолын инспектор қызметінен бастай отырып, жан-жақты сауатты, ұйымдастыру қабілетінің арқасында басшы қызметтерге дейін көтерілді. Ішкі істер басқармасы Жедел-техникалық қызмет басқармасының басшысы, Штаб басқармасы жанындағы Ақпарат орталығының бастығы, Криминалды ақпарат орталығының басшысы қызметтерін жоғары дәрежеде атқарды. 2004 жылдың тамызында полиция полковнигі шенімен отставкаға шықты.
Тұрар Жұмадуллаұлы ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту үшін көп өзгерістер енгізіп, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасауға тырысты. Оның бұл қажырлы еңбегі елеусіз қалмады. Ішкі істер органдарында қызмет атқарған кезіңде Ішкі істер басқармасы басшылығы, облыстық Ішкі істер департаменті, Ішкі істер министрлігі тарапынан жоғары бағаланып, бірнеше мәрте түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Оның ішінде «Милиция үздігі» белгісі, «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» белгісі, «Мінсіз қызметі үшін» 2,3 дәрежелі медальдары да бар.
Тұрар Жұмадуллаұлы өте сауатты, жаңашыл, ізденіс үстінде жүретін азамат еді. Өзінің табиғи табандылығының арқасында милицияның ауыр да мазасыз жұмысын атқара жүріп, шәкірт тәрбиеледі, ізін жалғар, ісін жалғастырар жас, қажырлы, қайсар офицердің қалыптасуына ұйытқы болды. Темірдей тәртіпке, бұйрықты бұлжытпай орындауға негізделген құқық қорғау органында жауапты қызметте жүрсе де, тәуелсіз ойлауға бейім болды. Әрқашан өз дегенімен жүрді, өзінің айтқанын істете білді.
«Әділдік пен шыншылдық – хас батырдың айнымас серіктері» екенін жақсы түсінді. Әркез «Отанға, халыққа қызмет етіп жүрген азаматтар шыншыл әрі әділ болу қажет» деп айтып жүрді және қол астындағы қызметкерлерінің бойларына осы екі қасиетті сіңіруге тырысты.
Қазақ: «Нағыз ердің есімі елінің есінде мәңгі сақталады» дейді. Мүмкін аты ұмытылар, заты ұмытылар, бірақ халқы үшін, елі үшін, Отаны үшін жасаған істері ешқашан ұмытылмайды. Тиісінше, Тұрар Жұмадуллаұлының көзі тірісінде ар-абыроймен, әділдікпен, ерен еңбекпен жинаған атағы ешқашан өлмейді. Оның өр тұлғасы мұнарланған бұлттардың арасынан шуақты күндей жадымызда әрқашан жарқырап тұра бермек. Бұндай санаттағы санаулылардың имандары кәміл. Топырағыңыз торқа болсын, жаныңыз жәннатта шалқысын, қадірлі аға!
Қызылорда облысы ІІД басшылығы,
Ардагерлер кеңесі және департаменттің жеке құрамы