«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕКТЕРІ- ЕЛІМІЗГЕ ЖАҢА СЕРПІН ЕНГІЗЕТІН ЖАС БУЫН
Арғы-бергі тарихымызға көз жүгіртсек, осынау Ұлы дала небір тауқыметі бастан кешірген, жойқын соғыс пен сұрапылды өткерген, мың өліп мың тірілген, жақсыны да, жаманды да көрген елміз... Жер бетінде езіліп-егілген, тарығып зорыққан халық екеу болса, оның біреуі –қазақ; жалғыз болса, жалғызы қазақ дер едім.
Біз осы күнге елдігімізден, жадымыздан, тілімізден айрыла жаздап кеттік. Басымыздан бақ тайған, зор заманымыз артта қалып, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін аштық.
Небәрі жиырма үш жылдың ішінде сайын даламызда жаңа мемлекет –Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы ұлы көшті Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев бастады.
Мен Нұрсұлтан ағаны әсірелей мақтап, аңыздық кейіпкерге айналдырайын деген мақсатым жоқ. Әйтсе де қалың қазақты қабырғалы ел етіп, елге тұтқа болып отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады. Бір соқпаққа түсіп алып, істеген ісін тізбектемей-ақ қояйын. Ең бастысы –ол болашағымыз беймәлім шақта елді тығырықтан алып шықты. Алып шығып қана қойған жоқ, қазақ деген елді байтақ әлемге танытты. Қандай іс атқарса да, сарабдал да салиқалы саясат ұстанды, елге иек артты. Ақсақалдың ақылына, жастың жалынына сүйенді, сертінде тұрды. «Соқтықпалы, соқпақсыз» сергелдең шақтан елді дін аман алып шықты. Ельасымыздың тереңнен ойлап барып, өзіміздің менталитетімізге қарап жүйелі құрылған жоспарлы саясатының арқасында бір кездері «бодан» атанған елдің, енді міне, әлем алдындағы абыройы аспандап тұр. Осының бәрі ынтымақтықтың, ел бірлігінің арқасы дер едім. Аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Назарбаевтай адамның ұстауы-тек табиғаттың сыйы. Қазақ халқы сан мың жылдар із деген мұратына да, арманына да осы кезеңде жетті, осы жылдарда біз Елбасымыздың жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсем қасиеттерін айқын таныдық.
Тұңғыш Елбасымыз бастап елге жүзеге асқан жаңа істерді қазір санамалап шығудың өзі оңай емес. Ол тәуелсіздік алған елдің тізгінін қолына алысымен-ақ көп жылдар бойы қазақ халқына азап арқалатқан ядролық сынақты тоқтатты. Қазақстанның көп ғасырлар бойы қағаз бетіне түспей, жобамен ғана сақталған шекарасын заңдастырды. Мектептер мен жоғары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы дамуды әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу мәселелерін күн тәртібіне қойды. Тәуелсіз елдің жаңа кадрларын дайындауға арналған «Болашақ» бағдарламасы дүние жүзіндегі теңдесі жоқ бастама екені сөзсіз. Мен, жеке басым, осы бағдарлама стипендиаты болғанымды мақтан етемін. Бір жағынан шет елде оқып, білімімді жетілдірсем , екінші жағынан ел аралап жер көріп, жаңа адамдармен танысып, көкірек көзімді аштым. Ел ішінде көп нәрсенің байыбына бармайды екенбіз, ал жырақта ой-өрісің кеңейіп «қолда бар алтынның қадірін білмей» жүре беретінімізді аңғарып қайттық. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері тұрақтай алмай келе жатқан оқу жүйемізд ің біраз жылға артта келе жатқаны әрине өкініш тудырды. Әйтсе де, біз, осы «Болашақ» түлектері елімізге жаңа серпін енгізетін жаңа буын екенімізді ұққандаймыз. Осылай шет елде көңіліміз тоқ көйлегіміз көк боп марқайып жүріп, оқып қайтқанымыз Елбасымыздың арқасында екенін әсте естен шығармадық. Енді елге қайтып оралып, кем дегенде үш жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіміз тиіс. Ол әрине, тәуелсіз еліміздің өз ұландарына жасаған үлкен жақсылығы мен қамқорлығын түсініп, ел алдындағы борыштарын өтеу деген сөз.
Халық: «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз шыр етіп сәби дүниеге келген күннен бастап, оның тәрбиесі мен мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына айрықша мән бергені белгілі. Бұл мәселе қазіргі заманда да маңызын жойған жоқ. «Қазақ-түрік лицейлері» уақыт талабына сай, жас жеткіншектер арасындағы ең талантты, ерекше қабілетті балаларды даярлап отырған жөні бөлек оқу орны бо¬лып табылады. Мұнда оқушылар орта білім негіздерімен қатар, терең-детілген физика-математика, химия-биология пәндерін ағылшын тілінде оқиды. Осыған орай ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ролі орасан зор. Шет ел мұғалімдерден үйренген әдістер мен бойға жинаған біліктілігімізді және тәжірбиемізді іс жүзінде көрсетіп, шеберлігімізді шыңдауымыз қажет.Жалпы, бұл мектеп оқушыларының тек қана орта білім алып қана қоймай, ғылыми еңбекпен айналы-суына да мүмкіндіктері мол. Біздің лицейлерде жоба негізінде оқыту үрдісі кеңінен қолданыс табуда. Міне, осыдан кейін жоғары оқу орнына келген студент қай бағытта, қандай ғылыммен айналыс атынын нақты біліп және соған даяр келеді.
Тәуелсіздік біз үшін, қазақтың әрбір азаматы үшін, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын, шетел асып, білім алатын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүр-кіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елдің жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді.
«Зияткер ұлт» идеясын қалыптастыру мен дамыту жолында үлкен істер атқарылғанына жұрт куә. Енді сол игілікті істердің жемісін көрер сәттер де алыс емес…
Сабира ЖАИКБАЕВА,
№9 дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік лицей
интернатының мұғалімі,
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаты,
Қазақстан Республикасы Президентінің
халықаралық «Болашақ» стипендиясы
стипендиаттарының ассоциациясының мүшесі