ЕҢ БАСТЫ БАҒЫТ - ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ
Өздеріңіз білесіздер, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан ұлттық валютаның құбылмалы бағамына көшті. Осы күннен бастап ұлттық валютаның құны KASE қор биржасындағы сұраныс пен ұсынысқа сәйкес анықталатын болады.
Жаңа жаңа экономикалық саясаттың негіздерін ашып, түсіндіруге рұқсат етіңіздер. Бұның артында не тұр және Үкімет пен өңірлердің алдағы іс-қимылы қандай болады.
Қазақстан - мұнай, металл, негізгі шикізат өнімдерінің айтарлықтай қорына ие мемлекет бола отырып, мұнайға, металлға, негізгі шикізат өнімдеріне деген бағаның тұрақты түрде өсіп отырғанына дағдыланған. Біз мұнай бағасының баррелі – 100 доллар болған кезеңге үйренгенбіз. Бұл кезең – экономиканың барлық салаларын серпінді дамытуға, ауыл және тұрғын-үй шаруашылықтарын субсидиялауға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, өнеркәсіп кластерін дамытудан бастап инновация және басқа да салаларды дамытуға мүмкіндік берген кезең еді.
Сонымен бірге, осындай кезеңде мемлекеттің саясат, бұл жағдай тұрақты емес екенін және белгілі қор құру, шикізатқа тәуелділіктен арылу қажеттігін болжаған болатын.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру жөніндегі шешім дұрыс қадам болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, бұрыңғы кеңестік мемлекеттердің ішінде ең алғашқылардың бірі болып, 2000 жылдың тамыз айында мемлекеттің қаржы қоры болып құрылды. Және біз білеміз, ауыр кезеңдерде Қор экономиканың жағымсыз сыртқы факторларға тәуелділігін төмендетуге және болашақ ұрпаққа қаржы қорын жинауға мүмкіндік береді.
Сарапшылардың есебінше, кем дегенде алдағы 5-7 жылда біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. 2015 жылға бекітілген мемлекеттік бюджетте мұнай бағасының баррелі 70 доллардан есептелген болатын. Қазір мұнай бағасының барреліне 30-40 доллар болуы қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде шекті емес деген болжам бар. Дағдарыс барлық бағыттар бойынша дамушы елдермен қатар дамыған мемлекеттерге де әсер етуде. Бірқатар сарапшылардың айтқанындай «дауылдан ешкім де шет қалған жоқ».
Біз бәріміз білеміз, Қытай, Ресей, Еуроодақ елдері оның ішінде Грекия елдерінің экономикасы қатты шайқалды, бірақ Жапония, Австралия, Канада, Бразилия, Малайзия елдерінің ұлттық валютасы бағамының апатты жағдайда әлсірегенін аз білеміз. Сондықтан, мемлекет, Үкімет, Ұлттық банк осындай жағдайды тиісінше ескеріп, мемлекеттің экономикалық саясатына түзетулер енгізді. Инфляциялық таргеттеуге негізделген жаңа экономикалық саясат мәжбүрлі болғанымен, жалғыз дұрыс жолы болып отыр.
Үкімет бұрын да басталған мәселелерді басқа тетіктермен шешті және жоспарлады, дегенмен де біз басқалар секілді жалпы әлемдік тенденцияларға тәуелдіміз. Қазіргі кезден-ақ, біз кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің төмендеп және олардың табыстарының азайғанын көріп отырмыз. Көп кәсіпорындардың жағдайы экспорт көлемінің азаюынан, оның ішінде Қытай және Ресейде азаюынан төмендеді.
Еліміздің экспорттаушыларымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен теңге бағамын босату қажеттігі айтылды. Енді, мемлекет нарықтық деңгейінің қалыптасуына араласпайды, бірақ қаржы тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда ішкі валюта нарығына валюталык басып кіру арқылы қатысу құқығын өзіне қалдырады. Сонымен қоса Үкіметке және Ұлттық банк басшысына теңгемен несиелеуді арттыру тапсырылды. Мемлекеттік несиелеудің пайыздық ставкасы 7 пайыздан 9 пайызға дейін ұлғайды. Нәтижесінде біздің экономикамыз бағам саясатына аз көңіл бөліп, инфляция ставкасына көбірек назар аударатын болады.
Бірақ, Мемлекет Басшысы айтқандай бәсекелестікті тек айналым курсы есебінен ғана қалпына келтіру мүмкін емес.
Келеңсіз факторларды ырықтаудағы алғашқы бағыттар қандай? Ең басты бағыттары - шағын және орта бизнесті қолдау бойынша кешенді шешімдер, салыстырмалы түрде бәсекелестік артықшылығы бар маңызды салаларды қолдау болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына сәйкес, негізгі тірек - потенциалды экспортқа бағытталған өндірістерді адрестік қолдауға жасалатын болады. Онан бөлек, «Ұлттық чемпиондар» инициативін жүзеге асыру шикізаттық емес секторларда орта бизнесті дамытуға үлгі және стимул болуы керек.
Еңбек нарығы жаңа жағдайда жұмыс жасауға және еңбек ресурстарының басқа жақа кетуіне бейімделген болу керек. Сонымен бірге, Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша барлық әлеуметтік бағдарламалар толық көлемде сақталатын болады. Онан бөлек, тенге бағамымен болып жатқан жағдайға байланысты президентпен болған кеңесте айтылған, бұрын хабарланған әлеуметтік бастамалар 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін болады. Ұлттық банк басшысы - халықты қолдау бойынша шаралар шеңберінде әлеуметтік - маңызды тауарларға баға бақыланатын болады деп ерекше атап айтты.
Несиелеу саясатына қатысты: Екінші деңгейлі банктердегі несиелер 18 пайызға дейін жетеді. «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде субсидия – 9% және 16%-ды құрайды. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бұдан әрі де қолдау табатын болады. Қосымша 10 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
Бюджет үшін басты принцип – ақиқат шындықты түсіну, қаражатыңа қарай өмір сүру. Бюджет, қажет болған жағдайда жаңа бастамаларды қысқартып және бірқатар қолданыстағыларды азайтып өзінің параметрлерін қайта қарауы керек.
Осы бағытта біздің өңір, яғни біздің облыс нені қарсы қоя алады? Одан ары жүзеге асыру ведомствоаралық өзара айқын әрекет жасаумен жалғасу керек.
Қазір біз экономиканың ағымдағы жағдайына талдау жасаудамыз, соның негізінде төмендеушілікті тоқтату және қосымша резервтерді қарастыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұрынғыдай, жаңа өндірістерді құру және жұмыс жасап тұрған бәсекегеге қабілетті өндірістерді кеңейту, индустриялық аймақтарды дамыту міндеттерін қойып отырмыз.
Сонымен қатар, ет және сүт бағытындағы өндірістік мал шаруашылығын дамыту жалғасын табатын болады.
Облыста мал басының өсу тенденциясы сақталуда. Қазалы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында ірі қара мен қой бордақылау алаңдарын салу жоспарлануда. Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылында сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 1200 бас ірі қара малына арналған тауарлы-сүт фермасын салу пысықталуда. Облыстың барлық аудандарында сүт қабылдайтын пункттер және шағын сүт өңдейтін цехтар ұйымдастыру көзделуде.
Келесі бағыт – «Қатаң үнемдеу» принципімен жұмыс жасауға көшу. Облыстық бюджеттің оңтайландырылған шығыстарының сомасы 2,5 млрд. теңгені құрайды, және бұл бағыт жалғасын табатын болады.
Бюджетте қарастырылған жобаларға талдау жасалып, уақытша тоқтатуға болатындарын тоқтатып, қысқа мерзімде тиімділік беретін жобалар ғана қалдырылатын болады. Қалыптасқан экономикалық жағдайда, бюджет саясатында – мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту басымды бағыт болып табылады. Яғни, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлардың капиталын тартатын боламыз.
Қазіргі таңда келесідей жобалар бойынша концессиялық ұсыныстар әзірленуде:
- Қызылорда қаласында 500 ауысымға арналған емхана құрылысын салу және
- Қызылорда қаласында 200 орындық жатақханасымен бірге 600 орындық кәсіптік-техникалық лицей құрылысын салу.
Сонымен бірге 3 жаңа, оның ішінде білім, көлік және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы концессиялық жобаларын жүзеге асыру мәселесі зерттелуде.
Жалпы 5 концессиялық жобаның құны 20 млрд. теңгені құрайды. Біз қосымша шетел инвестицияларын тарту, халықаралық қаржы институттарымен байланыс орнату бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Тек қана Еуропа қайта құру және даму банкісінің өзімен жалпы құны 60,0 млрд.теңгеден асатын 8 жобамен жұмыс жасалуда.
Қазіргі таңда 3 жоба бойынша, атап айтқанда: облыс орталығын сумен қамтамасыз ету, электр және жылумен қамтамасыз ету желілерін жаңғырту бойынша несиелеу келісім-шартына қол қойылды.
Онан бөлек, Еуропа қайта құру және даму банкісімен қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысын салуға алдын ала келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастыру шеңберінде қала бойынша экологиялық таза отынмен жүретін 112 заманауи автобус халыққа қызмет ететін болады.
Әрине, жұмыссыздықтың өсуіне жол берілмеуіне ерекше көңіл бөлінеді. Онан бөлек, бағаның негізсіз, әсіресе әлеуметтік-маңызды тамақ өнімдеріне өсуіне жол бермеу бойынша кешенді шаралар әзірленді. Тұрақтандыру қорына бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларын сатып алу үшін облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді.
Апта сайын ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізілуде. 17 әлеуметтік дүкен қызмет жасауда, онда өнімдер базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылуда. Сонымен бірге, ғаламдық экономикалық конъюктураның нашарлау кезеңінде тек қана мемлекеттік шығындарды оңтайландыру ғана талап етіліп отырған жоқ, халықты өзінің бизнесін жүргізуіне қосымша қолдау қөрсету де талап етілуде. Осы орайда, жаңадан құрылған Өңірлік инвестициялық орталық (РИЦ) арқылы несиелер беру жолымен шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл механизм тиісті нарық қабырғаларын (ниша), банк секторлары назарынан тыс болатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні жалпы несиелеу көлемі 200 млн. теңгені құрайды, қосымша тағы 60 млн. теңге қарастыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда, бюджеттің орындалмайтын кірістерін қысқарту, тиісінше шығыстар бөлігін қысқарту қарастырылатын 2016-2018 жылдарға арналған бюджет жобасы қалыптастырылуда.
Қорыта келе, Үкіметтің сауатты саясаты қазіргі заманның шындығын ескеріп отырғанын атап айтқым келеді. Қазір біз орта мерзімді келешектің іргетасын қалаудамыз, өйткені біз несиелеуді және инвестициялық саясатты арттыруды ескеріп қана алға жылжи аламыз.
Ал, біздің өндірістеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру, тек қана әлемдік экономика заңдылықтары мен негізгі талаптарына ілескенде ғана мүмкін болады.
Сауле ҚҰЛЫМБЕТОВА,
облыстық экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы