СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕРДІҢ ЗАРДАБЫН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ
Соңғы жылдары экономикалық дағдарыс жөнінде жиі айтылатын болды. Шындығында, жоспарлы жүйе ыдырап, әлемдік нарық қатынастарына қадам басқаннан кейін Қазақстан ұдайы сыртқы әсерлерден болатын қолайсыз құбылыстарды ара-тұра бастан өткізіп келеді. Алғашқы қиындықтарды былай қойғанда, 1998 жылғы Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде болған дағдарыс, екінші мыңжылдықтың алғашқы он жылында тағы да екі мәрте орын алған әлемдік дағдарыс тәуелсіздік алған посткеңестік мемлекеттердің барлығын ауыр сынақтарға алып келеді.
Қазақстан Елбасының дәйекті экономикалық саясатының нәтижесінде бұл сынақтардан абыроймен өтті. Күні кешеге дейін мұнай бағасы әлем рыногында өте көтеріңкі бағада сатылды. Мемлекет басшысының дәйекті саясаты дейтініміз, ол уақыттың тамырын дөп басып, елімізде Ұлттық қор құрылды. Жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша табысы осы қорда жинақталды. Қаржы еліміздің индустрияландыру бағытына жұмсалды. Экономист ретінде айтарым, қазір еліміздің ішкі жалпы өнімінің құрылымында өңдеу өнеркәсібінің, қаржы, қызмет көрсету салаларының үлесі едәуір артты. Бұл жылдар бойы атқарылған жұмыстың нақты жемісі дер едім.
Жалпы, нарықтық қатынастар дамыған елдерде дағдарыс арагідік болып тұрады. Бұл – экономиканың заңдылығы. Кеше Елбасының пәрменімен Үкімет АҚШ долларына шаққанда теңгенің бағамын еркін айналымға жіберді. Әлемдік қауымдастықта қалыптасқан жағдайға байланысты жасалған мәжбүрлі қадамды түсіністікпен қабылдауымыз керек. Уақыт өте келе дағдарыстан шығып, бұрынғыдай дәйекті ішкі жалпы өнімнің өсіміне қол жеткізетін боламыз. Себебі, экономикасы бір-бірімен жымдасып, астасып жатқан әлемнің барлық елдері, сайып келгенде, бұл өсімге мүдделі болатыны дау туғызбайтын шындық.
Жорабек САРБАЛАҚОВ,
экономика ғылымдарының докторы