ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Сіздерді азаттығымыздың айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Демократиялық зайырлы мемлекет ретiнде отанымыздың құқықтық тұғырын орнықтырып берген Ата заңның қабылданғанына, мiне биыл 20 жыл толып отыр.
Мемлекет басшысы «Елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары», - деп бағалаған Ата Заңымыз қазақстандық қоғамның одан әрі саяси дамып жетілуіне, әлемдік аренадағы беделінің нығая түсуіне негіз қалады.
20 жылдың ішінде азаматтардың өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын басты құндылыққа айналдырған елімізде, халықтың тұрмыс-тіршілігін түзеп, әл-ауқатын арттыруға барлық жағдай жасалуда.
Қойнауы құтты, қасиеттi Тәуелсiз мемлекетiмiзде жүздеген ұлыстың бiр шаңырақ астында баянды да тату ғұмыр кешуi басты құндылығымыз саналады. Жүзi бөлек болса да жүрегi бiр, тiлi бөлек болса да тiлегi бiр ұлттар мен ұлыстардың ұйысып, барша азаматтардың дiни сенiм бостандығына еркiндiк беру Конституцияның еркiне берiлгенi белгiлi.
Біздің бостандығымыз бен еркіндігіміздің, жарқын болашағымыздың берік тұғыры, еліміздің гүлденуі мен өркендеуінің, ілгері өрлеуінің бастау бұлағы - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы тағы да құтты болсын!
Жарқын болашақтың берік тұғыры, еліміздің дамып, өркендеуінің кепілі – Ата Заңымыздың мерейі мәңгі биік болсын!
Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қызылордалықтар кемел келешекке Ата Заңымыздың игіліктері арқылы жете бергей!
Ұлық мерекеде баршаңызға бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт тілеймін.
Ізгі ниетпен Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ