ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
2015-2016 жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға (бағдаршам, жол белгілері, жол үсті таңбалары, жаяу жүргіншілер жолы) зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, облыс орталығындағы біршама білім беру ұйымдарының алдында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіспейтіндіктері анықталды.Зерделеулер барысында анықталған кемшіліктер жөніндегі мәліметтер облыстық прокуратураға ақпарат ретінде жолданған болатын.
Зерделеу нәтижесімен қала аумағында орналасқан 56 мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер алдында 102 дана жол белгілері жетіспейтіндігі, 24 дана жол белгілерін қайта қалпына келтіру керектігі, 100 жерде жаяу жүргіншілер өтпелінің таңбаларына жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігі анықталды. Сонымен қатар, 6 мектептің алдында орналасқан кейбір жол белгілері тал бұталарынан көрінбей қалғандығы белгілі болды.
Осы ретте, аталған кемшіліктерді жою үшін қала әкімдігіне хабарлама-ұсыныстар беріліп, қалалық коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарым жолданды.
Ұйғарым талабы жауапты мекемелермен орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузушылық туралы Кодексінің 631-бабы бойынша оларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Дәл осындай жұмыстар барлық аудандық Ішкі істер бөлімдерінде де жүргізілуде.
А.АХМЕТОВ,
әкімшілік полиция басқармасының бастығы,
полиция полковнигі