2015 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТ 5 МЛРД 800 МЛН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ БОЛДЫ
Сырдария ауданында аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың аудандық мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Жалпы ауданда қолға алынған барлық шаралар рет-ретімен жүзеге асырылып келеді. Экономиканы нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыссыздықты төмендету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. 2015 жылға арналған аудандық бюджет 5 млрд 800 млн. теңге көлемінде болды. Оның ішінде өз кірістеріміз 4 млрд 77 млн теңге көлемінде бекітілді. Есепті мерзімде аудандық бюджет 3 рет нақтыланып, ауданның кіріс бөлігі 6 млрд 813 млн. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында аудан экономикасына 12 млрд. теңгеден астам қаржы негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 167 пайыз болып отыр. Бұл көрсеткіш облыстағы ең жоғарғы орында тұр. Есепті мерзімде ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 426 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл көрсеткіш 2014 жылдың деңгейіне қарағанда 121 пайызды құрады. Сонымен қатар «Аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша Тереңөзек кентіндегі 4 көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен 25,1 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда кенттегі Әлиакбаров көшесінде орналасқан көппәтерлі бір тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бүгінгі күнге 2016 жылы кенттегі 6 көппәтерлі тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты тиісті құжаттары рәсімделіп, тіркеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық маңызы бар кент және ауылішілік жолдарды жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға аудандық бюджеттен 641 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бюджеттен тыс көздерден биылғы жылы Тереңөзек кентінде жаңа автовокзал ғимараты пайдалануға беріліп, аудан халқының қала, көрші аудандар мен ауылдар арасындағы жолаушылар қатынасы жақсаратын болады. Биыл Шіркейлі ауылындағы 600 орындық және Шаған ауылындағы 900 орындық жаңа білім ордалары пайдалануға беріледі. Бұл орайда, ауданда мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі толық шешіледі. Бүгінде аудан бюджеті есебінен С.Сейфуллин ауылында 90 орындық балабақша құрылысы және сол ауылдағы №137 орта мектептің акт залы мен кітапхана құрылысы, Қалжан ахун ауылындағы және Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарының құрылыстары басталды. Сонымен бірге Тереңөзек кентіндегі №6 «Ботакөз» балалар бақшасын қайта жаңғыртуға 30 млн. теңге, ескі кітапхананы бөбекжайға лайықтандыруға 40 млн. теңге қаржы бөлінді. Осылайша биылғы жылдан бастап балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізелетін болады. Шілде айында С.Сейфуллин ауылында 150 орындық ауылдық клуб құрылысы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, биылғы жылы Іңкәрдария және Айдарлы ауылдарында салынып жатқан жаңа клуб құрылысы, Тереңөзек кентіндегі орталық кітапхананы қайта жаңғыртудан өткен ғимаратқа көшіру, Жетікөл ауылдық клубының жылу қазандығын қайта жаңғыртуға және Қоғалыкөл ауылындағы мәдениет үйінің көмір қоймасының құрылысын қаржыландыруға облыс және аудан бюджетінен 433 млн.теңге қаржы бөлінді. Биылғы жылы біз Шаған және Аманкелді ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткіземіз. Сөйтіп, ауданның мәдениет саласындағы барлық мәдени ошақтардың жөндеуін толық, 100 пайыз аяқталатын болады.