ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР ЖЕТКІЛІКТІ
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. Сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы, немесе оның жеке меншігі. Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ, берілу әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады.
Қазіргі таңда авторлық және сабақтас құқықтарды сақтау осы саладағы құқық бұзушылықтарды түбірімен жойып, тіпті болмаса оны барынша азайту – ең дамыған елдердің де, біздің мемлекетіміздің де кезек күттірмейтін міндетіне айналған.
Қазіргі уақытта автордың құқығын бұзып, оның еңбегін, маңдай термен жеткен жетістігін өзгенің пайдалану жағдайлары әлі толастар емес. Солардың ішінде әсіресе авторлық құқық нысандарын пайдалану, музыка саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кітап шығару ісінде кеңінен етек жайғаны да жасырын емес. Авторлық құқық – өнер мен әдебиетті, ғылымды өмірінің айнасы ретінде көретін адамның өмір сүруіне қажетті табыс көзі болуымен қатар, оның адами бейнесін, рухани жан дүниесін айрықша білдіретіндіктен бұл қасиетті ұғымның тамыры терең, аясы өте кең. Оны әрқашан қолдап, жұмыла қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз, міндетіміз болып қала бермек.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мақсатында Қызылорда облысының Әділет департаментімен де біршама жұмыстар атқарылды.
Мәселен, үстіміздегі жылдың басынан ішкі істер органдарымен 13 бірлескен тексеру жұмыстары (жедел профилактикалық шаралар) ұйымдастырылып, нәтижесінде 1565 дана 626000 теңгенің DVD, CD форматтағы контрафактілік өнімдері алынды.
Тұрақты негізде ішкі істер органдарымен бірлесіп контрафактілік өнімдерді тарату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмыстарды белсендіруге бағытталған бірқатар шаралар іске асырылды.
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау барысындағы тағы бірден-бір құрал заңның талаптарын насихаттау.
Біздің мақсатымыз – ғылыми, әдеби және мәдени туындыларды пайдаланатын азаматтардың құқықтық сана деңгейін көтеру, қоғамымыздың әрбір азаматына зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуынан, елімізге келіп жатқан шығындарды, авторлардың құқықтарының бұзылғанын түсіндіру болып табылады.
Осы мақсатта, Әділет департаменті және оған қарасты әділет басқармаларымен осы мерзімде 89 семинар мен дөңгелек үстелдер, телеарналарда және радиоларда 12 сұхбат, газет беттерінде 27 мақала жарияланып, жұртшылық алдында 335 құқықтық түсіндірме дәрістері оқылды.
Алдағы уақытта да Әділет органдарымен жеке кәсіпкерлер мен халық арасында авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау барысында нәтижелі жұмыстар атқарыла беретін болады.
Батыр РИМОВ,
Қызылорда облысының
Әділет департаментінің инспекторы