СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТАЛАП АРЫЗ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
Елбасы өзінің «Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қол жетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын артыру қажет»,-деп атап өткен болатын. Жолдауды орындау мақсатында сот жүйесінде бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде, соның ішінде қағазбастылықты қысқарту мақсатында көптеген игі істер атқарылуда. Қазақстан Республикасында «Сот кабинеті», электрондық бақылау өндірісі сияқты жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталы арқылы да халықпен жұмыс жасауда. Бұл қолданыс жаңадан бастағандықтан, қазір ол насихаттық-ағартушылық жұмыстарды қажет етуде.
Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар, олардың өкілдері ҚР Жоғарғы Сотының ресми сайтында орналасқан «Сот кабинеті» сервисіндегі құжат түрлері бойынша сотқа электронды түрде арыздар жолдай алады. Ол үшін азаматтар электронды цифрлік қолтаңба алып, «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі қажет. Кейін олар осы сервис арқылы сотқа электронды түрде хаттама көшірмесін беру туралы, сот отырысының хаттамасына ескерту және басқада жүгінулерін жолдай алады.
«Электронды үкімет»-мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасының «электронды үкімет» порталы-ақпаратты-анықтамалық интеративтік веб-порталы, мұнда мемлекеттік қызметтер электронды түрде беріледі.
«Электронды үкімет» порталынан түскен құжаттарды тіркеу Қазақстан Республикасының «электронды үкіметі» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды және басқада электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Сотқа электрондық арыздарды беру «электронды үкімет» порталының тиісті электрондық қызметімен қамтамасыз етіледі.
Өзгерістердің тағы бірі – талап арыз тапсырғанда талап қоюшыға немесе шағымданушы, арызданушыларға өзінің талап арызын сот кеңсесіне тапсырған уақытта талон беріледі.
Талон беру арқылы талап арызды тіркеудің ерекшелігі азаматтарға ұялы байланыс телефонының абоненттік нөмеріне не электронды мекен жайына SMS хабарлама жөнелтілуі. Арыз тіркелген уақытта тіркеудің кіріс нөмері мен тіркеу уақыты көрсетіліп хабарлама жолданса, іс қозғалысы туралы толық мәліметтерді www.sud.kz сайтынан мүмкіндік алады.
Бүгінгі күні Байқоңыр қалалық сотында 135 талап арыз талон беру арқылы тіркелген. Бұл бастама алдағы уақытта одан әрі жетілдіріп, жұртшылықтың оң ықыласына алады деген ойдамын. Сондықтан ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі тың жаңалық деп білеміз.
А.СЕРАЛИЕВ,
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы