АТА ЗАҢДЫ АРДАҚТАЙЫҚ !
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көзделген.
Кеңес жүйесі тарап, Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған бірінші Конституция Республиканың дамуындағы зор қадам болды. 1993 жылы 28 қаңтарда егеменді, тәуелсіз, Қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі бірауыздан қабылдады. Осылайша, Конституция – егеменді, ешбір мемлекетпен ортақтаспаған тәуелсіз мемлекеттің Ата Заңы болды.
Ал, 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық дауыс беру негiзiнде екiншi, қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды.
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — Қазақстан халқы екенін баянды еттi.
Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстан Республикасы тарихындағы төртiншi Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995) болып табылады. Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан тұрады.
Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
Конституция Қазақстан Республикасының барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек.
Конституция күні- біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Міне, биыл осы Ата Заңымыздың қабылданғанына 19 жыл толып отыр. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!
Мемлекетіміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі - Ата Заңымыздың мерейі әрдайым үстем болсын дей отырып, Сіздерді «30 тамыз Конституция күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Марат ТҰРҒАНБАЕВ,
Байқоңыр қалалық сотының төрағасы