ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛДЫ
«Өрт-тілсіз жау» демекші, адамзат өміріне қауіп-қатер әкелетін қасіреттердің бірі - өрт. Ол жан-жағын жалмап, қоғамымызға кері әсерін тигізеді. Тіпті адам өміріне де қауіп әкелетіні ақиқат.
Міне, жуырда, яғни шілде айының 3 күні азанғы 4 сағат 44 минутта аудандық №5 өрт сөндіру бөліміне Жосалы кенті орталығындағы Әуезов көшесінің Е.С есімді азаматынан ұялы телефон арқылы Сейітжан ахун көшесіндегі №32 үйден газ баллоннан жарылыс болып, аталмыш мекен-жайда өрт шығып жатыр деген хабар түсісімен сол мезетте кезекшілікте отырған бөлімше командирі, өртке қарсы қызмет сержанты Ғабит Құлмаханов бастаған топ, құрамында бөлімше командирі, өрке қарсы қызмет сержанты Дәурен Шайхымұратов пен өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, өртке қарсы қызмет прапорщигі Абдулла Ысқақов және жас өрт сөндірушілер Рүстем Әбжәлиев пен Ғани Жалғасбаевтар жедел түрде дайын тұрған өрт сөндіру автокөлігіне отырып, өрт оқиғасы орын алған жерге жөнеледі.
Олар бар-жоғы 5 минутта Сейітжан ахун көшесі, 32 үйге келіп жеткенде көлемі 5/10 болатын сарайдың үсті лапылдап, жан-жағын шарпи жанып жатқанын көреді. Дереу өрт сөндірушілер өз қызметтеріне кіріседі, яғни от шалған сарайға су шашып, ішіндегі тұрмыстық заттарды алып шығауға қам жасай бастайды.
Осы ретте, Ғабит Құлмаханов бастаған қайсар өрт сөндірушілер үй иесі Лиза Қалиевадан сарайдың нендей себеппен өртенгенін, оның ішінде не бар екенін сұрап та үлгіреді. Үй иесі Лизаның айтуынша сарайдың ішінде манағы жарылған газ баллоннан басқа тағы да іші газға толы бес баллонның қалғаны анықталады. Не істеу керек? Осы кезде өрт сөндірушілер өзара шешім қабылдап, үй иесі айтқандай сарай ішіндегі газ баллондарын алып шығауға кіріседі. Егер олар сәл кешіксе баллондар жарылып, көрші орналасқан үйлерді өрт шалары анық. Тіпті, адам өміріне қауіп келтіруі де мүмкін.
Міне, қайсар жүректі өрт сөндірушілердің өзара мақұлдаса келе жұмыла еткен әрекеттерінің арқасында бар-жоғы жарты сағаттың ішінде сарай ішіндегі іші газға толы 5 баллон мен басқа да тұрмыстық заттар сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерге орналастырылды. Өртенген сарай толығымен сөндірілді.
Мен өрттің қалай шыққанын білмеймін. Таңсәріде көршілерімнің айқайынан оянып кетіп, далаға шыққанымда сарайымның өртеніп жатқанын көрдім. Қорыққаным соншалықты, алғашында не істерімді білмей абдырап қалдым. Құдайға тәубә, көршілерім өрт сөндірушілерге дер кезінде хабар беріпті. Сол кісілердің арқасында аман қалдық. Ал, өрт сөндірушілер жайлы айтар болсам, мен бұған дейін мұндай көзсіз ерлікке барған азаматтарды тек кинодан көріп едім. Айналайындар, біздің қазақтың жігіттері нағыз батыр екен. Келе сала өртеніп жатқан сарай ішіне кіріп, өздерінің өлімнен қорықпайтындарын және олар үшін адамзат өмірі мен қоғам мүлкін сақтау бірінші орында тұратынын танытты. Қиын да жауапты қызмет иесі екендерін дәлелдеді.
Менің оларға айтар аналық алғысым шексіз,-дейді қуаныштан айтар сөз таба алмаған Лиза.
-Расында да, біздің жігіттер ерлікке бергісіз іс атқарды. Бірақ, олар бұл атқарған қызметтерін өздерінің кәсіби міндеттері санайды. Өйткені, өрт сөндіруші - ол адамзат өміріне өзінің кесірін тигізуші дерттердің бірі тілсіз жау атанған өрттен сақтаушы. Сондықтан да бөлім өрт сөндірушілері қайда, қай жерде, қай кезде болмасын өрт болған жерге бірінші болып жетіп, өзінің бар күшін-жігерін жұмсайды. Бұл олардың негізгі міндеті болып саналады.
Біздің бөлім жауынгерлері бүгінгі жағдайға ұқсас қоралардан бірнеше мәрте адамдар мен малдарды аман алып шықты, тіпті күнделікті теледидар арқылы өрт сөндірушілердің өмірлері жайлы көрсететін көрсетілімдердегі оқиғалар біздің де қызметкерлердің бастарынан өтуде. Бірақ, жігіттеріміздің қатысуымен өткен оқиғалар ешқашан жарнамаланбайды. Оны өздері де қаламайды. Олардың ойында тек өздеріне міндеттелген қызметтеріне адал болып, елге мінсіз қызмет ету ғана,-дейді бөлім бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Айдос Сармолдин.
Ал, сөз ретінде біздің қайсар жүректі өрт сөндірушілерімізге айтарымыз, ерлік ешқашан өшпейді, ел есінде мәңгі сақталады. Сіздер әрқашанда ел құрметіндесіздер демекпін.
Өрт оқиғасы тіркелген үйдің иесі Лиза Қалиева өзінің отбасын өрттен аман сақтап қалған бөлім қызметкерлеріне алғысы мен ризашылығын білдіру туралы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды маған өтінген болатын.
Мен де өз тарапымнан жауапкершілігі мен қиын жұмысты алып жүрген еңбек иелерін қызметте абыройлы, отбасында ауызбіршілікте болуларына тілектеспін.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
Жалағаш ауданы