КЕЗЕКТІ 38 СЕССИЯ ӨТТІ
Қызылорда облыстық мәслхатының кезекті 38 сессиясы болып өтті. Сессияның күн тәртібіне 18 мәселе бекітілді. Депутат Т.Шаутай төрағалық еткен кезекті сессияға облыс әкімі Қ.Көшербаев, Қазақстан Парламенті сенатының депутат М.Бақтиярұлы, облыстық басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты.
Сессия барысында облыс әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде баяндама жасады. Баяндамада облыстың былтырғы жылға қарағанда биылғы жылдың даму қарқыны ауқымды екендігі байқалады. «Саратс» жобасының орындалуы, «Жан Арай Жем» зауытының, кірпіш зауытының ашылып, қазіргі таңда халық игілігі үшін, облыс экономикасын көтеру мақсатында жұмысы басталып кеткендігін айтып өтті. Сондай-ақ, автомобильді жол мәселесіне байланысты ауыр жүк көліктерінің енді құрылысы салынатын С.Бейбарыс көшесі мен Ғ.Мұратбаев көшесін байланыстыратын айналма жолмен жүретіндігін хабардар етті.
Халықтың көптен күткен қуанышына айналған Байқоңыр қаласындағы мектептер мен балабақшаларды қазақша оқу әдістемесімен оқыту басталып кеткендігін, Төретам, Ақай елді мекендерінде орналасқан халықтың ОМО-тың филиалы ретінде ашылатын жаңа емхана жайлы айтып өтті.
Сонымен қатар, облыс әкәімі Қырымбек Елеуұлы облысымыздағы білім саласына қатысты біршама жетістектер мен облыс әкімінің жыл сайын бөлінетін 365 грантын республиканың кез-келген қаласында және Ресейде оқуға мүмкіншілік бар екендігін хабарлады.
Денсаулық сақтау саласына қатысты Қ.Көшербаев ана өлімінің биылғы жылы көп тіркелгендігін айта отырып, бұл қателік әкімішілік пен денсаулық сақтау басқармасының жүйелі жұмыс жасамауының әсері деп сынға алды.
Жалпы алғанда облыстық әлеуметтік-экономикалық жағдай аса қарқынмен жүзеге асып келеді. Облыстық мәслихат депутаттарының көтерген мәселелерінің 80 пайызы өз шешімін тапқан. Бөлінген қаржының 99,5 пайызы толықтай игерілген.
Есеп тыңдалған соң депутат Қылышбай Бисенов облыстағы білім саласына байланысты жетістіктерге шолу жасап, облыс әкімінің атқарған жұмысына жақсы деген бағасын берді. Облыстық мәслихат депутаты Кенжебек Үйреков жарыссөзге шығып атқарылған жұмыстарға жақсы бағасын беріп, Байқоңыр қаласын облыс балансына алып, тек ұшыру айлағын жалға беру жөнінде ұсынысын айтып, бұл мәселе өз кезегінде шешімін табады деген жауап алды. Депутат Тілеуберген Шаутай облысымыздағы құрылыс саласындағы даму жөнінде мәліметтер айтып өтіп, құрылыс саласындағы мамандардың инженер-құрылысшылардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстар ашылса деген ұсынысын айтты.
Сессия барысында Қазақстан Парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы республикалық деңгейде болып жатқан жаңалықтарға шолу жасап, оның ішінде облысқа қатысты қабылданған заңдар туралы мәлімет айтып өтті.
Сондай-ақ, сессияда 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешімге өзгерістер, экология кеңесінің құрамын бекіту, Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата ескерткіш кешені» тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағының және қорғалатын табиғат ландшафт аймағының шекарасын бекіту туралы, Қызылорда облыстық мәслихатының ІІ жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспары жөнінде, облыстық мәслихаттың өндіріс және шаруашылық салалары, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы мәселелер тыңдалып шешім қабылданды.