КӘСІПКЕРЛЕР ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛІП ОТЫР, ҰЛТТЫҚ БАНК БОЛСА, АСЫҒАР ЕМЕС...
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін қазіргідей қысылтаяң кезең оңай тиіп тұрған жоқ. Ресей рублінің құнсыздануы отандық тауар өндірушілерге едәуір салқынын тигізді. Біраз кәсіпкерлеріміз көрші елден әкелінетін арзан тауар бәсекесіне төтеп бере алмай, шаруасын шатқаяқтатып алды. «Шықпа жаным, шықпалап» отырған олардың ендігі үміті Үкіметте.
Отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған кешенді шаралар жобасын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған болатын. Таяуда Үкімет аталған жобаны мақұлдады, тіпті кейбір ұсыныстарға қатысты нақты шешімдер қабылданып та үлгерді.
Алайда, бұл шаралар тек валюталық нақтылық болған жағдайда ғана толық іске аспақшы. Қысқасы, мәселе Ұлттық банктің шешіміне тіреліп тұр.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет басшысының қатысуымен өткен президиум отырысының қорытындыларын баяндай келе: «Отандық тауар өндірушілерді қолдауымыз қажет. Біз Үкіметке кешенді іс-шаралардың жоспарын ұсындық. Оны Премьер-министр Кәрім Мәсімов қолдады. Алайда бұл ұсыныстардың нәтижелі болуы тікелей Ұлттық банктің шешіміне байланысты болып тұр. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта банк тарапынан қандай да бір шешім қабылданғанын көрмей отырмыз» деді.
Отандық бизнес өкілдерінің жанайқайына бейжай қарап отырғаны ма, әлде, басқа жоспары бар ма екен, әйтеуір, Ұлттық банк шешім қабылдауға асығар емес. Ал осы кезде ел нарығын ресейлік арзан да сапасы күмәнді тауар жаулап жатыр. Бұдан ел кәсіпкерлері зиян көріп, шығынға шашетектен батуда. Кейбіреулері тіпті жабылып та қалып жатыр. ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтың айтуынша, бізбен көрші елдердің барлығы дерлік ұлттық валюталарының рубльге қатысты бағамын өзгертті. Тек Қазақстан ғана бүгінгі курсты ұстап тұр.
«Бұл тарапта Ұлттық банктің негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы пікірталасымызға қайта оралғанымыз жөн секілді. Өздеріңізге белгілі, Ұлттық банктің негізгі мақсат-міндеттері бүгінгі таңда баға тұрақтылығын сақтау болып отыр. Жақында банк жаңа несиелік-қаржылық саясатын қабылдап, онда орта мерзімдік перспективадағы инфляциялық таргеттеуге (шектеу-ред.) көшкенін мәлімдеген болатын. Яғни, бұл теңге бағамының ауытқымалы жағдайын білдіреді. Алайда осы бағыттағы бұдан басқа атқарылған жұмыстарды байқалмайды» дейді Р.Ошақбаев.
ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, Палата басшылығы Ұлттық банктің тек инфляцияны ұстап тұруға ғана емес, сонымен бірге экономикалық өсім секілді бағыттарға да жауапты болуы туралы мәселені қозғауда. Өйткені қазіргі таңда қалыптасып отырған экономикалық жағдай Ұлттық банк мақсаттарының үйлесімсіздігін айқындап беріп отырса керек.
Палата басшылығы мен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов арасында екі бірдей кездесу болған. «Палатада Ұлттық банк басшылығымен екі рет кездесу өткізілді. Келімбетов мырза бізге «орта мерзімдік перспективадағы» инфляциялық таргеттеуге көшу туралы баяндап берді. Бірақ «орта мерзімдік перспектива» дегеніміз не? Бастысы, қашан іске асады ол? Бұл сауал сол қалпы жауапсыз қалды» дейді ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов.