ҰЛТ ЖОСПАРЫ 100 ҚАДАМДАҒЫ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Республика соттары Мемлекет басшысы ұсынған 100 нақты қадамнан тұратын «Ұлт Жоспарын» іске асыруға белсене кірісіп кетті. Бес институционалдық реформада кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру аясында Елбасы нақты міндеттерді белгіледі.
Ұлт көшбасшысы аталмыш құжат 100 қадамда ерекше кәсіби мемлекеттік аппарат құруды тапсырып, ашықтыққа басымдық беруді міндеттеді. Бұл орайда сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігіне баса назар аударылды.
Оның ішінде, екінші реформа Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдарды айқындайды. Атап айтқанда, 11 қадам - соттардың қызметіне тікелей қатысты.
Реформада бес сатылы сот жүйесіне тиесілі, яғни бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау түріндегі жүйеден, енді үш сатылы: бірінші – апелляциялық, кассациялық болып орнығатын сот төрелігі жүйесіне көшу, сондай-ақ, барлық сот процестеріне аудиобейне тіркеу жүйесін енгізу туралы айтылды.
Бүгінгі күні Қызылорда облыстық соттарының сот процестерінің барлығы дерлік бейне және үнтаспаға жазылу арқылы өтеді. Бұл Елбасы айқындаған қадамдағы жемқорлыққа қарсы күресті күшетуге үлес қосып, соттағы ашықтықты одан әрі дамытудың бір негізі. Ашықтық бар жерде халықтың сотқа деген оң көзқарасы одан әрі қалыптасады.
Сонымен қатар, алқа билер соты қолданылатын салалар кеңейтіледі. Заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажеттігі 100 қадамда көрсетілді. Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтуға баса назар аударылып, сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі міндеттелді. Енді судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан және одан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Сондай-ақ, судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіліп, судьялыққа кандидаттардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеретін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу қарастырылып отыр.
Аталмыш құжатта айыптаушы мен қорғаушы жақтар арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету барысында азаматтардың құқын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттіктер біртіндеп тергеу судьясының құзыретіне берілу қамтылды. Сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясынан бөлініп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанында қызмет атқарады. Сонымен қатар, инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізу қадамы іске асырылатын болса, еліміздің Жоғарғы Сотында ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқа өз жұмысын бастамақ.
Сондай-ақ, Елбасы Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталығын құру қажеттігін де атап өтті.
Одан бөлек, «Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту. Азаматтық іс жүргізу кодексіне тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұлт көшбасшысы судьялардың есеп беру тәртібін күшейту мақсатында судьялардың жаңа этикалық кодексін жасауды тапсырды. Кодексте азаматтар судьялардың әрекеттері бо¬йынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алады. Бұл өз кезегінде сот әділдігіне қол жеткізудегі ашықтықты көздейді. Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы азаматтардың сот билігіне деген сенімінің артуына септігін тигізіп отыр.
Аталған реформалардың әрқайсысы бойынша Мемлекет басшысы нақты міндеттер белгілеп, бірқатар кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, жаңа заңдар қабылдауды тапсырды. Тарқатып айтқанда, 12-қадамда Жаңа этикалық ережелерді енгізу, мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау мен этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізуді нақтылады.
Сондай-ақ, «14-қадам - барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау. 19-қадам - судьялардың есеп беру тәртібін күшейту. Судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау. 35-қадам - ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу. 83-қадам - еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа Еңбек кодексін әзірлеу. 93-қадам - «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. 94-қадам - «Ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді».
Елбасы ұстанған саясат жетегінде қайта жаңаланып, толықтырулар енгізілетін кодекстер бұқара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың қоғам алдындағы мәдениетін көтеруге зор үлесін қоса біледі деп есептеймін. Заман талабына сай қабылданатын кодекстер алдағы уақытта оң нәтижесін беретініне сенімім мол. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді ел мақтанышы, батыр Бауыржан Момышұлы. Мәдениеті қарыштап дамыған, экономикасы берік орнаған тәуелсіз мемлекеттің ұстанған құқықтық жолы да сауатты, әлеуетті, жоғары дәрежеде. Қоғам қайраткері, жазушы Шерхан Мұртаза айтқандай, «Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты».
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті ұлттық құндылықтарды және өскелең ұрпақ санасындағы патриотизмді нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам мемлекетті жаңғырту жолындағы бағдарлама ретінде жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күресуге жұмылдыратын әрі еліміздің әлемдегі дамыған мемлекеттердің отыздығы қатарына қосылуына жол бастайтын қауқары зор маңызды құжат»,-деп атап көрсетті.
Соттың халық алдындағы беделін күшейтуге, халықтың сотқа деген сенімін ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды атқару және 100 қадамда көрсетілген талаптарды қолдап, оны орындау – біздің басты міндетіміз.
Ержан ҚАРАБАЕВ,
Қызылорда облыстық сотының
қылмыстық істер жөніндегі
апелляциялық сот алқасының төрағасы