ЖОМАРТ ЖАНДАР - «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНДА
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қоса отырып, қасиетті Сыр жерінде өткізілетін қайырымдылық акциялары мен шараларының барлығына дерлік демеушілік етіп келе жатқан өңірдегі жетекші мұнай компанияларының бірі.
Атап айтар болсақ, компания 18 жылдан бері Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығы мен Жаңақорған ауданындағы «Балғын» балабақшасын өз қамқорлығына алып, олардан жүрек жылуын аямай келеді.
Көңілге қуаныш ұялататыны – қайырымдылық көмек тек компания қаржысымен ғана берілмейді, бұл компанияның жекелеген қызметкерлері - Атымтай жомарттар да сауапты іс жасауды өзінің азаматтық борышындай көреді.
Жақында «ПҚҚР»АҚ қызметкерлері өз бастамаларымен қайырымдылық акциясын өткізді, бұл акция барысында олар көпбалалы отбасылар мен мүгедек балаларға теңізге тамған тамшыдай болса да деген пйілмен көмек қолын созды.
Аталмыш акцияны өткізу идеясын ортаға салған - еңбек ресурстары және әкімшілік департаментінің басшысы Суфия Даминова.
-Біз қайырымдылық акциясын өткізуге шешім қабылдағанда, халықтың қорғалмаған топтарының өкілдеріне шама-шарқымызға қарай атаулы көмек беруді көздегенбіз, - дейді С.Даминова. – Әріптестерімізге мұқтаж жандарға көмек көрсетейік деп үндеу тастағанымыз сол екен, бұл идеямызды қолдап еңбек ресурстары және әкімшілік департаменті, келісім-шарт бөлімі және компанияның жекелеген қызметкерлері – Әділбек Беклиев, Серік Жылқаманов, Берік Оспанов, Жомартбек Телеубаев, Ерлан Тәжғалиев және басқалары іле-шала үн қатты. Әркім шамасына қарай үлес қосып, нәтижесінде әжептәуір қор жиналды.
Ең алдымен көпбалалы ана Эльвира Махамбетованың студент қызына көмек берілді. Сосын жақында ғана Қызылорда қаласында ашылған «Жастар үйі»-нің тұрғындарына өтініштері бойынша – күріш, макарон өнімдері, картоп, жуа, қарақұмық жармасы, шай, ұн, күнбағыс майы және басқа да азық-түлік түрлері жеткізілді. Ал қалған ақшаға Қазалыдағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне арнап тәттілер, үш жасөспірімге мүгедек арбасы және бойында құммен сурет салатын таланты бар балалар үшін екі үлкен жарықтандырылатын стол – планшеттер сатып алынды.
«ПетроҚазақстандықтар» «Шапағат»-тың тәрбеленушілеріне сыйлық толы қоржындарымен барған күні бұл балалар мекемесінде «Бастаманы қолдау» ҚБ төрайымы Мәдина Төлепова мен USAID «Демократияны және мемлекеттік басқаруды дамыту» бөлімінің жобаларды жүзеге асыру жөніндегі маманы Айнұр Әбсәметова да сайт-қонақтар ретінде Интернет желісі арқылы орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып жатыр екен. «Өңірлік ынтымақтастық арқылы даму» бағдарламасы аясында «Шапағат» МБОО Қазалы ауданының мүмкіндігі шектеулі балалары үшін инклюзивті (жалпыға бірдей) білім беруді енгізу бойынша «Әр баланың бақытты болуға құқығы бар» жобасын жүзеге асырады.
- Шынымызды айтсақ, «Шапағат» МБОО басшылығы мен қызметкерлерінің алдында басымызды иеміз, - дейді «Бастаманы қолдау» ҚБ төрайымы Мәдина Төлепова. – Олар өз мойындарына науқас балалармен жұмыс істеу, оларды аялап, аяғына тұрғызу сияқты қиын міндетті алды. Бұл – игілікті іс. Осы бір жүрегі жұмсақ жандар бүгінге дейін бұл жерден 56 баланы сауықтырып, қатарға қосып, жалпы білім беретін мектептерде оқуға шығарып салған, бұл - үлкен жетістік. Ал осы мекеменің қамқоршылары – «ПҚҚР» АҚ-ның балаларға қолдау көрсеткенін, сонымен қатар компания қызметкерлерінің бүгін бүлдіршіндерге емделуіне және денсаулығының жақсаруына аса қажетті мүгедек арбалары мен құммен сурет салуға арналған жарықтандырылатын стол – планшеттер сыйлағанын көру – қуаныш сезімін еселейді.
- «ПҚҚР» АҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ Суфия Даминоваға, Әділбек Беклиев, Серік Жылқаманов, Берік Оспанов, Жомартбек Телеубаев, Ерлан Тәжғалиев сияқты жаны жайсаң азаматтарға және олардың басқа да әріптестеріне зор алғысымды білдіргім келеді, - дейді «Шапағат» МБОО президенті Шынар Жеңсікбаева. – Балаларымыз бүгін өте пайдалы да қат көмек алып, көңілдері бір көтеріліп қалды. Жарқын жүзді қамқор ағайлар мен апайларға жаны жабырқау балаларға көңіл бөлгендері үшін рахмет айта отырып, игіліктер, еңбекте табыс пен өркендеу тілеймін!
«ПҚҚР» АҚ қызметкерлерінің бұндай қайырымдылық акциясын өткізуі бірінші рет емес екенін айта кеткеніміз жөн. Атап көрсетер болсақ, компания еңбеккерлері өз қаражаттарына «Шапағат» МБОО балаларына жаңа жыл мейрамында киім ілетін шағын шкафтар сыйлаған болатын.
Қайырымдылық шараның бастамашылары жақын күндері Жаңақорған ауданындағы «Балғын» балабақшасының балаларына да құммен сурет салуға арналған екі жарықтандырылатын стол – планшеттер сыйламақ ниеттері барын айтып қалды. Мұнан басқа белгілі болғаны, «ПетроҚазақстандықтар» осы сияқты қайырымдылқ шараларын жылына екі рет – Наурыз ұлттық мейрамы тойланатын 22-наурыз және Халықаралық балаларды қорғау күні – 1-маусым күндері өткізуді жоспарлайды. Көңілі алаң, көмекке зәру жандарға қолдау жасауға ниет білдірушілер саны көбеюде.
Дастан ДЕМЕСБАЙ