ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ ІС
23 маусым – Қазақстан полициясы күні
«Отанға қызмет – абыройлы іс», - дейді қазақ халқы. Кез келген тәуелсіз, демократиялық, зайырлы мемлекетте өзінің құқық қорғау жүйесінің болатыны айқын. Егемендігін жариялап, өзінің бағытын айқындап келе жатырған Қазақстан Республикасының да заңдық, құқықтық негізі қаланып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1992 жылы «Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданып, ал 2007 жылы маусымның 5-і күні «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» болып бекітілді. Осы уақыт ішінде қайта құрулармен, құрылымдық өзгерістерді бастан кешірген Қазақстан полициясы қазіргі таңда ел мүддесі үшін қызмет етіп келеді. Олар қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, күн сайын адамдарға көмек қолын созу, конституциялық құқығын қамтамасыз ету, қылмыспен күресіп, санын азайтып, құқық бұзушылықтарды болдырмау және әділдік орнату сынды міндеттерді басшылыққа алып, халықтың сеніміне селкеу түсірмей, үмітін ақтау жолында аянбай еңбек етуде. Мемлекеттіміздің қайта құру жылдарында да, ел тарихына елеулі өзгерістер әкелген жаңғыру кезеңдерінде де халықтың қорғаушысы, биліктің қолдаушысы болған ішкі істер органдары құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет қалыптастыруға елеулі үлестер қосты. Әрқашан ел тыныштығына, қауіпсіздігіне қауіп-қатер туындаған уақытта бірінші шепке шығып, Отан алдындағы, халық алдындағы міндетін, парызын өтеп келді.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде «Полицейлер – бұл адамдардың құқығын және бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын адамдар», - деп атап көрсетсе, енді бір сөзінде «Ел азаматтары полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінуі тиіс», - деп басып айтқан болатын. Бұл полиция қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік пен адалдықты жүктеді. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI Съезінде Елбасымыз полиция қызметкерлерінің халықтың өзіне деген сенімін арттыру үшін нақты міндеттер жүктеп, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты тапсырмалар берсе, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты ұлттық қадамдық жоспарында құқықтық жаңғыруға, ілгерілеуге әкелетін алдымызда тұрған негізгі міндеттерге тоқталып өтті. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда құқық қорғау органдарының жауапкершілігі артып, міндет жүгі ауырлай түсетіні хақ.
«Елу жылда – ел жаңа» демекші, сағат сайын елімізде түрлі өзгерістер орын алып, күннен-күнге жаңа ашылулар орын алып жатыр. Адамның санасымен, адам қажеттілігімен, қоғам да, заман да өзгеруде. Қоғамға қайшы түсініктер пайда болып, қылмыс пен жанжал, ұрлық пен алаяқтық, қарақшылық пен тонау жат құбылыстар көрініс бере бастады. Белең алып бара жатқан нашақорлық пен маскүнемдік әсіресе өскелең ұрпақтың келешегіне зардаптарын тигізуде. Осындай қылмыс атаулымен күресіп, әділдікті, заңдылықты, тәртіпті орнату жолында күн-түн демей қызмет етіп, халықтың бостандығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің лайықты үлестері бар екендігін айтпай кетуге болмайды. Олар мемлекет мүддесін биік қойып, қиналғанға медеу, жабыққанға демеу, әлсіздерге қорған бола білді. «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деген ұлы төрт сөзді әр уақытта қайталап, өмірлік ұраны, басты қағидалары етті.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу барысында қылмыстық әлеммен күнбе-күн, бетпе-бет кездесіп жанқиярлық танытқан, қоғамымызда тыныштық пен қауіпсіздіктің қалыптасуына өз өмірін тәрк ете отырып, белін бекем буынып күрескен бауырларымыз да, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, заңдылықты нығайтып, ішкі істер органдары жұмысының жоғары деңгейге көтерілуіне ерен еңбектері сіңген атпал азаматтар да жетерлік. Қазақ жерін, Қазақ халқын қорғау жолында от пен суға түсіп, кіндік қаны тамған Отандарының алдында перзенттік парыздарын өтеу үшін аянбай еңбек етіп, Отан үшін, ел үшін өз жанын қиюға даяр қайсар рухты іні-бауырларымыздың бар екендігін ерекше атап өткім келеді. Отбасы тірлігін, ошақ қасы міндеттерін екінші орынға ысырып, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген қанатты сөзді басшылыққа алып, халық сенімі жолында еңбек етіп келе жатырған апа-қарындастарымыз да баршылық. Алайда, бізге айтылған сындарға, міндерге қарамастан, барлығын бір мақсат, бір қызмет, бір арман біріктірді. Ол – халықтың сеніміне селкеу түсірмеу, еліміздің тыныштығын күзету, әрқашан қорған болу, құқықтарының мұғалмауын басты назарда ұстау болып табылды. Иә, әр мамандық қадірлі, әр мамандық жауапты. Алайда, қоғам қауіпсіздігі саласының, яғни полицейлер қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен күрделіліктері, анығырақ айтқанда, жауапкершілігі мен қиындығы ерекше зор екендігі ешқандай талас тудырмасы қажет.
Міне, ашық аспан астында, дархан даламызда Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында өсіп-өркендеу, жаңару жолында сәтті қадамдар жасап келе жатырмыз. «Жарқын келешек» атты жаңарудың даңғыл жолына түсіп, Нұрлы жолмен нұрлы болашаққа бағыт алдық. Бұл үлкен бастамаларымызда, ашық, демократиялық қоғамның іргетасын қалау жолында қоғам тыныштығын күзетіп отырған бізге жүктелер міндеттер зор екендігін жақсы түсінеміз. Осы орайда, егемендігіміз баянды болу үшін, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға әр кез дайын екендігімізді тағы да айтып өткім келеді.
Сөзімнің соңында, осындай айтулы мереке қарсаңында, ішкі істер органдары ардагерлерін, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Қоғам қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіздің жемісін көріп, анттарыңызға берік болыңыздар. Рухтарыңыз берік болып, ел қорғаны деген атаққа әрдайым адал қызмет ете беріңіздер! Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жанат СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің
бастығы полиция полковнигі