МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ ЕСКЕРІЛГЕН МЕКЕМЕ
Мемлекеттік тілді дамыту жолында елімізде көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Тіпті, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту тұрғысында халықаралық қоғамдық бірлестік құрылып, көздеген мақсатты жүзеге асырудың түрлі шаралары жасалуда. Шын мәнінде мемлекеттік тілдің беделі қалай көтеріледі, қолданыс аясы қалай өзегін бекемдей түседі? Ал бұл тұрғыда іс қағаздар мен ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жүргізілмей мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңімейді, мәртебесі өспейді.
Осы қағиданы қатаң ұстанған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, 2015 жылдың мамыр айынан бері мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Департаментте тіркелген шығыс және ішкі құжаттардың барлығы 4149-ға жетті. Бір айта кететіні – барлығы мемлекеттік тілде дайындалған. Департаментке және аумақтық құрылымдарға мемлекеттік органдар мен азаматтардан қазақ тілінде келіп түскен өтініштер мен сауалдарға мемлекеттік тілде жауап беріледі. Сондай-ақ, ресми келіп түскен өтініштер мен сауалдарға жауап екі тілде жолданады. Департаментте барлық ақпараттар мен жедел мәжілістер мемлекеттік тілде жүргізіліп, хаттамалар қазақ тілінде рәсімделелді. Атқарылған осындай шаралардың барлығы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, беделін арттыруға оң ықпалын тигізуде.
Мекемеде қызметкерлердің қазақ тілін еркін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында «ҚазТест» жүйесі ұйымдастырылып тұрады. Сәуір айында тест тапсырған қызметкерлер жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Мамандардың мұндай деңгейге жетуінің басты себебі – мекеменің мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бірқатар жұмыстарының жемісі екені айқын көрінеді.
Сонымен қатар, департаменттің қаржы шаруашылық бөлімі арқылы жолданатын барлық қаржылық және есептік статистикалық құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі. 2015 жылдың сәуір айы мен маусым айына дейін бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы Р.Мамекова департаментте «Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу жұмыстары» тақырыбында дәріс өткізді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жолында нақты қадамдар жасай білген бірден-бір мекеме.
Ернұр ЖҮСІПОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаментінің

әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы