«ШАПАҒАТТАҒЫ» ТІЛАШАР ТОЙЫ
Қазалы ауданындағы мүгедек балалармен жұмыс жасайтын «Шапағат» орталығында құлақ, тіл мүкісі бар балалармен жұмыс жасайтын «Тілашар» тобының балаларын мектепке шығарып салуға мақсатында «Біз мектепке барамыз» атты тілашар тойы өтті.
«Шапағат» орталығы 1995 жылы мамыр айында құрылған. 19 жыл ішінде мұнда 200-ден астам мүгедек бала мамандан¬дырылған көмек алды. Соның ішінде 2002-2013 жыл аралығында 53 бүл¬діршін сырқаттарынан айығып, мектеп қабырғасында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Кей түлектер жоғары оқу орындары мен колледждерде оқып жатыр. Бұл, әрине, орталықтағы қызмет көрсету тиім¬ділігінің үздік көрсеткіші.
Бүгінгі таңда бұл орталықта бала¬лардың оңалуына барлық жағдай жасалған. Массаж, тренажер, сенсор бөлмесі, физиотерапия бөлмесі, электротерапия бөлмелері жұмыс істейді. Балаларды әлеуметтік бейімдеуге әртүрлі секциялар мен үйір¬мелер көмектесуде.
Орталықта 2002 жылдан бастап «Тілашар» тобы жұмыс істеп келеді. Топ мақсаты–құлақ, тіл мүкісі бар балаларды республика көлеміндегі арнаулы мектептерге оқуға жіберу болып табылады.
Сахна төріне шығып, орталықтан алған білімін ортаға салып, балалық балдәуреннің қызықтарын жиналған көпшілікке жеткізген «Тілашар» тобының сүйкімді бүлдіршіндерін, орталыққа 2001 жылдан бастап тікелей демеушілік жасап келе жатқан «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясының жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хусайн Ғазизұлы, тілашар мерекесімен құттықтап, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған өрендерге мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын табыс етсе, «Жас Орда» Жастар қоғамдық бірлестігі (басшысы Ә.Қуаныш) және аудандық «Серік ТВ» теле арнасы ұжымы (басшысы С.Есмаханов) бірлесе отырып мектеп формасын сыйға тартты.
Бүлдіршіндердің өздерінен кейінгі ізбасарларына аманат тапсыру рәсімі орындалып, жиналған көпшілікке «Шапағат» орталығы өнерпаздарының ән-шашуы тарту етілді.
Қорытынды сөзді «Шапағат» орталығының президенті Шынаркүл Жеңсікбаева бүлдіршіндерге жақсы тілектерін білдіріп, тілашар тойына қатысушы қонақтарға алғысын жеткізді.