БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЗІНЕН КҮЛКІ КЕТПЕСІН!
Жыл сайын 1 маусымда аталып өтетін Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында аймақ мұнайшылары дәстүр бойынша облысымыздың аудандарындағы өз қамқорлықтарына алған балалар мекемелерінде болды. Олар Қазалыдағы мүгедек балаларға арналған «Шапағат» оңалту орталығына және Жаңақорған ауданындағы «Балдаурен» қоғамдық қорының «Балғын» балабақшасына сыйлықтармен барды.
«Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының тәрбиеленушілерінде бұл күні - қос қабат той. Осы жылы олардың сүйікті орталықтарына 20 жыл толады. Мұнайшылар – бұл орталықтың қай кезде де қуана күтетін қонақтары. 18 жылдан бері «ПҚҚР» АҚ бұл балаларға қамқорлық етіп, балалардың денсаулықтары оңалуына қажетті көмегін аямай жасап келеді.
- Барлығыңызды мейраммен құттықтаймын! – деді ақ жарылып, орталықтың мерекелік шарасына арнайы келген мұнай компаниясының менеджері Хұсайн Сәрсембаев. – Біздер, үлкендер үшін балалардың қуанғанын көру – үлкен бақыт. Барлығыңызға игіліктер және денсаулық тілеймін!
«Шапағаттың» тәрбиеленушісі Арайлым Жүсіп небары 7-де. Бірақ бүлдіршінге де, анасы Жақсыгүлге де осы жеті жыл ішіндегі өмір денсаулық үшін күреспен өтіп келеді. Арайлым ДЦП диагнозымен туылған. Аурудың салдарынан қыз сал болып қалған. «Шапағат» орталығының арқасында осы бір кішкентай емделуші біртіндеп сырқатынан айығып келеді. Қазірдің өзінде Арайлым билей алады және бұл өнерін осы күні сахнада көрсетіп, көпшілікті тәнті етті.
- Бүгін біз Балаларды қорғау күнін атап өтіп жатырмыз, - дейді Арайлымның анасы Жақсыгүл Тасымова. – Барлығын да осы бір тамаша мейраммен құттықтағым келеді. Менің қызым Арайлым «Шапағат» орталығында емделіп, денсаулығын оңалтуда, қазір сауыға бастады. Орталықтың бүкіл ұжымына балаларымызға көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін үлкен алғысымды білдіремін.
«Шапағаттық» балалар, басқа да балалар сияқты 1 маусымды ерекше көңіл-күймен күтеді. Бұл күні олар жиналғандар алдында маңғаздықпен өздері осында үйренген - би билеу, ән салу сияқты өнерлерін көрсетті. Марапатқа «Көлжан» мұнай компаниясының сыйлықтары – жұмсақ ойыншықтар және тәттілер алды.
- Бұл жылы біздің орталығымызға 20 жыл толады, - дейді «Шапағат» оңалту орталығының президенті Шынар Жеңсікбаева. Оның 18 жылында бізге мұнайшылар қамқорлық жасап келеді. Осы қамқорлықтың арқасында біздің балалар ем алады, тәулігіне бес рет тамақтанады, қызметкерлерімізге жалақы уақытылы беріледі. Әр мейрамда олар балаларымызды сыйлықтармен және мейірімдерімен қуантады.
Орталық ашылғаннан бері 50-ден астам бала өз сырқаттарынан толықтай айықты және оқуларын жай мектептерге ауысып, жалғастырды. Бүгінде олардың көбісі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқып жатыр. «Шапағат»-тың басты жеңісі де осы.

* * *
Жаңақорған ауданындағы «Балдаурен» қоғамдық қорының «Балғын» балабақшасын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы толық қамқорлығына алғанына да бүгінде он бес жыл болыпты. Осы жылдар ішінде мекеменің тәрбиешілері 600 жуық баланы мектепке дайындап, шығарып салды.
Үстіміздегі жылы «Балғын»-ның 45 тәрбиеленушісіне мектеп өміріне жолдама берілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған слтанатты шарада балабақша түлектері өздерінің қамқоршылары – «Көлжан» ЖШС-нен мектепке арналған - арқаға асатын сөмке-портфель, дәптерлер, альбомдар, калькуляторлар, сызғыш, қаламсап, қарындаштар бар оқу құрал-жабдықтарының толық жиынтығын алды.
Өздерінің тәрбиешілері мен қамқоршыларына ризашылық ретінде балабақша түлектері өз өнерлерін – ертегі қойылымдары, сыңғырлаған ән, көркем би, әсерлі тақпақтар және алғыс сөздерінен тұратын концерттік-театрландырылған қойылым бағдарламасын мақтанышпен тарту етті.
Мерекелік шараға Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов қатысты. Ол өз сөзінде балаларға жылы лебізін білдіре келе, ауданда мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы 96 пайыз құрайтынын айтты.
- Жақын арада жаңақорғандық 3 пен 6 жас аралығындағы барлық балалар мектепке дейінгі біліммен қамтылатын болады, бұл істе мұнайшылардың еңбегі айтарлықтай. Бүгінгі шараның демеушісі, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған болашақ бірінші сынып оқушыларына өте қажетті қолдау көрсеткен «Көлжан» ЖШС-не рахмет, - деп атап өтті Р. Рүстемов.
- «Балғынның» тәрбиеленушілері - негізінен күнкөрісі төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім балалар. Және де мұнайшылардың басты тілегі – осы балалар ешнәрседен тарықпасын, ауырмасын, өскенде жоғары білім алып, еліміздің лайықты азаматы болсын, - дейді мұнай компаниясының менеджері Хұсайн Сәрсембаев.
- Мұнайшылар көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдаудың арқасында біздің балабақшада балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу деңгейі өте жоғары, - дейді «Балдаурен» ҚҚ жетекшісі Айсара Нәлібай. – Бұл - орта мектептер мен интернаттардың мұғалімдерінің пікірі. Сондықтан, тәрбиелеушілердің тынымсыз еңбегінің арқасында біздің «Балғын» аудандағы үздік орталықтардың бірі болып саналады.
Балабақша ұжымы мен қамқор демеушілерге балалардың ата-аналары да алғыстарын айтты.
- Осыдан бес жыл бұрын біздің әлі есі кірмеген балаларымыз осы «Балғын»-ның табалдырығын алғаш рет аттап еді, ал бүгін олар осы жерде көп нәрсені біліп, ән айтуды, би билеуді үйреніп, мектепке баруға дайын болып шығып отыр, - дейді Дінмұхаммед есімді түлектің анасы Сәуле Бақтыоразова. – Бұл жерде бүлдіршіндерге тамаша жағдайлар жасалған. Осы үшін де «Көлжан» ЖШС-не рахмет.
- Ата-аналардың атынан «Көлжан» компаниясына – сыйлықтары мен жылы көңілдері үшін, ал балабақша қызметкерлеріне – балаларымызға ізгі тәрбие бергендері үшін зор ризашылығымды білдіремін. Оларға мықты денсаулық және еңбектерінің өркендеуін тілеймін, - дейді алғыс сезімімен жеті жасар Нұрсаяның анасы Бибігүл Шаханова.
А.ЖАЙЛАУБАЙ, К.АЛМАСҚЫЗЫ
Суретке түсірген А.ТАЙГУНОВ.